1 2
Атырау, 28 сәуір 00:00
Таңертең ашық+18, күндіз +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 312.44  € 340.47  P 5.53

Қылмыс


Страницы:1234...37

предыдущаяследующая


27 сәуір

Қуғыннан қашқан қарақшылар қомақты ақшаны лақтырып кеткен

Атырау облыстық ІІД жеке сектордағы үйден 24 млн теңге шамасында ақша алып шыққан екі қарақшының ұсталғандығы туралы хабарлады.

451 рет қаралды   1 комментарий

Махамбетте 3 жасар бала суға кетті

26 сәуірде таңертеңгі сағат 10-да ТЖД кезекші бөліміне Махамбет поселкесінің маңындағы Жайық өзеніне 3 жасар баланың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Судан құтқару қызметінің қызметкерлері сәбидің денесін жарты сағаттан кейін судан шығарып алды.

243 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қылмыстар хроникасы

Сәуірдің 24-де таңертең түнгі ауысымнан кейін үйлеріне келе жатқан жаяу полицей патрулінің қызметкерлері Азаттық даңғылының бойындағы дүкенге сынған терезе арқылы кірмек болған жас жігітті байқады. Тез арада оны ұстайды. Ұсталған жігіт Атыраудың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Сынған терезе түріндегі тигізген зияны 100 мың теңгені құрады.

312 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


26 сәуір

Көлікті қуған полицейлер жол апатына ұрынды    

23 сәуірде сағат 05.30-да SsangYoung арнайы көлігіндегі «Батыс-25» полицей экипажы жүргізушісі тоқтау талабына бағынбаған «Тойота Хайлюкс» көлігінің ізіне түсті. Қуғын кезінде полицей машинасы Абай мен Махамбет көшелерінің қиылысында «Фольксваген-Поло» көлігімен соқтығысып, содан соң бағдаршамның металл бағанасына соқтықты. 

922 рет қаралды   2 комментарий


24 сәуір

Ұстаздық борыш

Қызылқоға аудандық прокуратурасы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнаманың бұзылғандығын анықтады. 

359 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


22 сәуір

Екі жасар бала Жайыққа батып кетті

21 сәуір күні түстен кейін облыстық ТЖД-ға қала маңындағы Ракуша поселкесінде екі жасар баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

1181 рет қаралды   1 комментарий


20 сәуір

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 18 жастағы қыз шағымданды: наурыз айында әлдебір ер адам оның сеніміне кіріп алып, косметика партиясын әкелуге уәде беріп, 356 мың теңгесін алып, ғайып болған. Күдікті – 19 жастағы Исатай тұрғыны анықталып, іздеу жарияланды.

883 рет қаралды   1 комментарий


18 сәуір

Ашкөздік прокурордың түбіне жетті

Атырау қалалық №2 сотында судья Гүлжиян МҮТИЕВАНЫҢ төрағалық етуімен қалалық прокуратура қызметкері Азамат ҚОҚАМАНОВТЫ ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыптау бойынша қылмыстық процесс өтуде.

1648 рет қаралды   1 комментарий


13 сәуір

5 жасар қыз бала құдыққа құлап көз жұмды

Сәуірдің 12-сі күні кешкілікте Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында қайғылы оқиға орын алды. 

861 рет қаралды

Самалды ұрылар нысанаға алған

Редакцияға Самал ықшамауданының тұрғыны хабарласты: «Біздің ықшамауданда неліктен ұрлық көбейіп отыр? Полиция мұнымен қалай күреседі? Тек менің көшемдегі үйден 8 үйді тонап кетті, оған қоса дабыл жүйесі қосылып кетіп, ұрлыққа түсе алмай қалған оқиға болды. Ал №3 көшедегі көршілер тапа-тал түсте ұрылар КамАЗ-бен аулаға кіріп, ұрланған мүліктерді толтырып тиеп, жайбарақат кетіп қалды дейді. Тіпті, полицейлердің өздері Самалдан шақыртулардың көп екенін айтады».

899 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың мамырында 26 жастағы ер адам танысына банкте кепілдікте тұрған көлікті алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, одан 254 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды.

698 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Оны ұрып жықпады, спирттік ішімдік болған жоқ

5 сәуірде www.azh.kz сайтында және «Ақ Жайық» газетінде «Өтеуовтің мас болып, қарауылдарды дүрліктіргені туралы» деп аталатын материал жарық көрді. Осы жарияланым бойынша төмендегіні хабарлаймыз.

1043 рет қаралды   1 комментарий


11 сәуір

«Бекіре» акциясы және жанбайлық браконьерлердің пәлсапасы    

Балық аулау маусымының алғашқы аптасында «Бекіре» операциясының барысында 45 тоннадай балық тәркіленіп, жалпы сомасы миллиондай теңгеге айыппұл салынды.

744 рет қаралды


10 сәуір

Қала шетінде ұрлықты кәсіп еткен

ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдың наурызынан бастап жеке үйлерді тонаумен айналысқан 22-24 жастағы үш Атырау тұрғынын ұстады. 

878 рет қаралды   2 комментарий

Ішімдік ішіп, бөтелкелесін ұрып өлтірді

7 сәуірде тал түсте Авангард 3-ші ықшамаудандағы №32 үйдің подъезінен ер адамның мүрдесі табылды.

947 рет қаралды


6 сәуір

«Газшілер» қарияларды зейнетақы туралы риясыз әңгімеден кейін тонаған

Атырау қаласының полициясы өздерін газ қызметінің қызметкерлеріміз деп таныстырған екі алаяққа қатысты тергеу ісін аяқтады.

750 рет қаралды

Өтеуовтің мас болып, қарауылдарды дүрліктіргені туралы

4 сәуірде Атырау қалалық №2 сотында экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВКЕ қатысты екінші процесс басталды. Өткен жылдың мамырында Өзбекстан азаматын айуандықпен өлтіргені үшін оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын. 

1401 рет қаралды

Қылмыстар хроникасы

Тікұшақпен аралау барысында су полициясының қызметкерлері Индер ауданы Өрлік ауылының маңындағы Жайық жағасынан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жақын маңдағы бұталар арасынан «Газель» автокөлігі, ағаш қайық, сүйретпе ау және бір тоннадан астам қара балық табылған. Тергеу жүргізілуде

778 рет қаралды


5 сәуір

Құрылыс алаңындағы екі өлім

3 сәуірде тал түсте Атырауда өндірісте арасына бірнеше минут салып, екі адам көз жұмды.

1447 рет қаралды


4 сәуір

Жол өтпесіндегі ажал құштырған көлік апаты  

3 сәуірде сағат 17-де 5-ші километрдегі АНУ маңында теміржол тармақтары арқылы өтетін көпірде ажал құштырған апат орын алды.

2411 рет қаралды


3 сәуір

​ІІД Жанбайдағы жағдай туралы

Бүгін, шамамен сағат 13-те рейдтік «Бекiре-2017» шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Исатай ауданы Жанбай ауылының маңында тексеру жүргізу үшін мемлекеттік нөмірі жоқ «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлігін тастап, бой тасалады.

2578 рет қаралды   2 комментарий

Ешмұратовтың ісі қалай құрастырылды?

Өткен жылдың желтоқсанында Атырау қалалық ІІБ-нің 9 қызметкерінің түрлі мерзімде бас бостандықтарынан айыру жазасын алуына экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ жанжалды хаты себеп болған еді. Сонымен қатар, бұл хатта мынадай сөздер болды: «2013 жылдың қазанында мен өз басшылығымның нұсқауы бойынша полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті деп, 1987 жылы туылған Артур Аманжолұлы Ешмұратовқа қарсы істі бұрмаладым. Кейіннен ол бас бостандығынан айыру жазасын алды».

1227 рет қаралды


1 сәуір

«Бекiре-2017» операциясы басталды

Бүгін, 1 сәуірде Атырау облысында дәстүрлі «Бекіре» балық қорғау акциясы басталды.

826 рет қаралды   1 комментарий


31 наурыз

Ақшаға құныққан алаяқ

Атырау қалалық №2 соты 20 млн теңгенің үстіндегі ақшаны қолды еткен 29 жастағы әйелге алаяқтық ісі бойынша үкім шығарды.

1135 рет қаралды


30 наурыз

Қылмыстар хроникасы

1258 рет қаралды


29 наурыз

Екеуі аударылып, біреуі жүзіп шықты

Атырауда биыл суға кету оқиғасы алғаш тіркеліп отыр.

775 рет қаралды   1 комментарий

Соққыға жығып, қашып кетті  

Әлеуметтік желілерде дәретхана ішінде екі жігіттің бір ер адамды аяусыз ұрып жатқаны туралы бейнежазба кең таралуда. Олардың бірі тапаншаны кезеніп тұр.

2078 рет қаралды   6 комментарий


28 наурыз

Қызметін атқару кезіндегі көлік оқиғасы

Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік қызметінің сержанты қызметін атқару кезінде қызметтік көлігінің рөлінде жол-көлік апатын жасады.

1785 рет қаралды   3 комментарий

Аластау кезінде өрт шығып, бір адамды күйік шалды

Бүгін, 28 наурызда, Whatsapp арқылы Жылыой ауданынан түсірілген жантүршігерлік бейнежазба таралды. Онда бір аяғы отқа оранған жас жігіт жанұшыра айқайлап, көшеде жүгіріп келе жатқаны көрінеді.  

1527 рет қаралды   1 комментарий


24 наурыз

Терезеден секіріп, ажалдан аман қалды  

Атырау облыстық ТЖД кезекші бөлімінде хабарлағандай, 23 наурызда шамамен таңертеңгі сағат 9.20-да Әбілқайыр хан  даңғылының жанындағы құрылыс алаңында тұрмыстық бөлме ретінде жасалған металл контейнер өртенді.

1478 рет қаралды


18 наурыз

Жүкті оқушы туралы іс

Жылыой ауданының құқыққорғау органдары оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-тармағы бойынша («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас») соталды тергеу жүргізуде.      

1597 рет қаралды   2 комментарий

Айласы көп алаяқ

Жылыой аудандық соты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») үкім шығарды. 

843 рет қаралды


15 наурыз

​Оқиғалар хроникасы

Полицияға 38 жастағы әйел шағымданды: 2011 жылдың маусымында ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде берген Ақжар поселкесінің тұрғынына 30 мың доллар берген. Содан бері ол әйелді таба алмай келеді. Алаяқтық жасады деп күдіктелген әйелге іздеу жарияланды.

805 рет қаралды


14 наурыз

Ер адамның неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді

13 наурыз күні таңертең Атырау маңындағы поселкелердің бірінде жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар шалшықтан үй киімін киген ер адамның мүрдесін тауып алды. 

1470 рет қаралды


13 наурыз

Қызыл шамнан өтіп кетіп, полицей көлігімен соқтығысты  

12 наурызда Атырауда Жұмыскер-Балықшы көпірінің түбіндегі қиылыста полицияның жол-патрульдік қызмет көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 

1804 рет қаралды   3 комментарий

Страницы:1234...37

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5 6 7 8