1 2
Атырау, 25 сәуір 21:18
Түнде ашық+6, таңертең +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 311.89  € 339.02  P 5.59

«Жер митингілері» туралы іс



24 сәуір

Жер митингісіне бір жыл: бұл қалай болды

Бүгін, 24 сәуір күні Атырауда өткен жер митингісіне тура бір жыл толып отыр. Дәл осы күні мыңдаған адам жерді cатуға және шетелдіктерге жалға беруге мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруге Махамбет-Исатай алаңына жиналған болатын. Бұдан кейінгі күндері Қазақстанның тағы бірнеше қаласында осындай көше наразылықтары орын алды.

435 рет қаралды   2 комментарий


14 сәуір

"Жер митингілері" туралы іс: Кассациядан бас тартты  

ҚР Жоғарғы соты адвокат Төлепқали АЯНОВ пен қорғаушы Жанар БОҚАЕВАНЫҢ өтінішін кассациялық сатыдағы сотта қараудан бас тартты. Олар өз өтініштерінде Атырау қалалық №2 сотының үкімі мен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасының шешімінің күшін жойып, Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты қылмыстық істі олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатуды сұраған болатын.  

1125 рет қаралды   3 комментарий


29 қаңтар

«Жер митингілері» туралы іс: "Саяси тұтқындар" этаппен әкетілді

«Жер митингілерін» ұйымдастырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген атыраулық азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВ Петропавлдағы жалпы режимдегі колонияға этапталды.

1024 рет қаралды


20 қаңтар

"Жер митингілері" туралы іс: Ештеңе өзгерген жоқ - 5 жыл колония Срочно  

Бүгін, 20 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Тәтті УӘЛИЕВАНЫҢ төрағалығымен азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты 2016 жылдың 28 қарашасындағы үкімге қарсы берілген апелляциялық шағымды бір аптаның ішінде қарап, оны өзгеріссіз қалдырды.

1876 рет қаралды

​«Жер митингілері» туралы іс: Апелляция шешімін сағат 18-де жариялайды

19 және 20 қаңтарда Атырауда Макс БОҚАЕВ мен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау жалғасты. Жақында ғана ағасының қорғаушысы болған Жанаргүл БОҚАЕВА бірінші инстанция сотының шешімімен барлық детальдары бойынша келіспеді (оның сөйлеген сөзі кейін жарияланатын болады).

722 рет қаралды   1 комментарий


18 қаңтар

​«Жер митингілері» туралы іс: «Саясат» пен футболкадан басқасы қаралмайды  

Бүгін, 18 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляцияны қарауды жалғастырды.

785 рет қаралды


16 қаңтар

​«Жер митингілері» туралы іс. Апелляция басталды. БҰҰ - салмақты ұйым ДОПОЛНЕНО    

Бүгін, 16 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляцияны қарауға кірісті.

1387 рет қаралды


28 қараша 2016

Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды    

28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

1754 рет қаралды   1 комментарий


21 қараша 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Прокурор Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа 8 жыл жаза беруді сұрады ДОПОЛНЕНО  

21 қарашада №2 қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісін қарау жалғасып, тараптардың жарыссөзі өтті. Прокурор Қасым Сыдықов сөз алып, сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденгенін мәлімдеді. Өйткені, 24 сәуірде тәртіпсіздіктер орын алған жағдайда алаңда жүрген демалушылар мен жүргіншілер, сонымен қатар шағын бизнес нысандары зардап шегуі мүмкін еді. Сондай-ақ, Боқаев пен Аяновтың келісіп әрекет еткендігі де дәлелденді.

3634 рет қаралды   2 комментарий


22 қараша 2016

​Aртикль19: «Оң болжам жасай алмаймыз»

Атырауда Aртикль19 халықаралық құқыққорғау ұйымының Орталық Азиядағы өкілі Рината АЛИБЕКОВА болып, үш күн азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ сот процесінің барысын бақылады.

404 рет қаралды


18 қараша 2016

«Жер митингілері» туралы іс: «Мұның бәрі басылымдарда болды»

18 қарашада Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша процесте тараптардың өтініштерін қарау жалғасты. Прокурор Қасым СЫДЫҚОВТЫҢ өтініші бойынша іске 24 және 29 сәуірде тиісінше azh.kz («Макс Боқаев: “Бірде-бір шам сынған жоқ..."» ) және exclusive.kz сайттарында жарияланған Боқаев пен Аяновтың сұхбаттары біріктірілді.

594 рет қаралды


17 қараша 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Тәуелсіз сараптамалар. Мәскеуден келген көмек

17 қарашада қорғаушы Жанаргүл БОҚАЕВА іс материалдарына тәуелсіз сарапшылар Рахила ҚАРЫМСАҚОВАНЫҢ, Талғат МАМЫРАЙЫМОВТЫҢ, Расул ЖҰМАЛЫНЫҢ және Досым СӘТПАЕВТЫҢ қорытындыларын біріктіру туралы өтінішпен жүгінді.


771 рет қаралды


16 қараша 2016

​Жасарал Қуанышәлин: Мұның саяси процесс екенін өз көзіммен көрдім

Өткен аптада Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты сот процесіне танымал қоғам қайраткері Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН қатысты. Оның Алматыдан «АЖ» үшін арнайы жолдаған комментарийін ұсынамыз.

773 рет қаралды   3 комментарий

«Жер митингілері» туралыс іс: Еліміздегі кезекшілер және прокуратурадағы куәгер  

15 қараша күні таңертеңгі отырыстың барысында сот Макс БОҚАЕВТЫҢ телефон әңгімелерінің жазбаларын зерттеп жатқан кезде дәлізден айқай-шу естілді. Аққыстау ауылының тұрғыны Бекболат МҰХАНАЛИЕВ сотқа екі азаматтық белсендінің суреті салынған күртеше киіп келген екен.

696 рет қаралды


14 қараша 2016

«Жер митингілері» туралы іс: Халықаралық жанжалдың иісі ДОПОЛНЕНО

Дүйсенбі күні, 14 қарашада сотта заттай айғақтармен, яғни Талғат АЯНОВТЫҢ телефонмен сөйлескен аудиожазбаларын зерттеу жалғасты. Бірақ алдымен маман ретінде Атырау облыстық ІІД кинология қызметінің бастығы Серік АЙТБАЕВ тыңдалды.

868 рет қаралды

Экс-сенатор Зәуреш БАТТАЛОВА: Макс пен Талғатқа қарсы айыптаулар салмағын жоғалтуда

Өткен аптада «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» басқармасының төрағасы, экс-сенатор, таяуда Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша сот процесіне бақылау жасаған Зәуреш БАТТАЛОВА Атырауға келді. Кетер алдында ол «АЖ» тілшісіне былай деді.

940 рет қаралды   7 комментарий


11 қараша 2016

«Жер митингілері» туралы іс: доллар, футболка және «көршілердің» техникалық көмегі ДОПОЛНЕНО  

11 қарашадағы сот отырысында адвокат Төлепқали АЯНОВ іске Тоқтар ТӨЛЕШОВТІҢ үкімін қосу туралы өтініш жасады. Шымкенттік кәсіпкердің жақында 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алғандығы белгілі.

864 рет қаралды

«Жер митингілері» туралы іс: Электрониканы алдай алмайсың

10 қараша күні сот отырысы күтпеген жерден аяқталды. Түскі үзілістен кейін тараптар Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Талғат АЯНОВТЫҢ жеке парақшасының скриншоттарын зерттеумен айналысты. Судья Фейсбуктағы Макс БОҚАЕВТЫҢ парақшасының скриншоты бар дискіні қосқан кезде жанжал басталды.

923 рет қаралды   1 комментарий


10 қараша 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: ІІД тергеушісі мен Фейсбук не туралы айтты?

10 қараша күні №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Облыстық ІІД аға тергеушісі Руфат ЖҰМАҒАЛИЕВТАН жауап алынды. Ол 2016 жылдың 16 мамырында Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Боқаевтың парақшасындағы жазбалар мен хабарламалардың скриншотын жасап, оларға психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу туралы қаулы шығарған болатын.

794 рет қаралды

Евгений ЖОВТИС: «Конституциялық Кеңестің қажетіне жараған білімім Атырау судьясына керек болмады»

9 қарашада «жер митингілері» туралы іс бойынша өтіп жатқан процесске төрағалық етуші судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВА қорғау тарапы шақырған Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений ЖОВТИСТІ тыңдаудан бас тартты. «АЖ» тілшісі ол Алматыға ұшпас бұрын одан сұхбат алған болатын.

676 рет қаралды


9 қараша 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: ҰҚК тергеушілерінен жауап алынды, Жовтиске сөз берілмеді

9 қарашада №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Куәгерлер ретінде 24 сәуірдегі митингтен кейін Қарабатандағы мердігер фирманың қызметкерлерінен жауап алған ҰҚК қызметкерлері шақырылды.

643 рет қаралды

«Жер митингілері» туралы іс: қашықтан «дисфункционалдық» дауласу және залдан «әсерлі» түрде кету

Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты резонансты сот процесі жалғасуда. Дүйсенбі, 7 қарашадан бастап куәгерлер ретінде (қашықтан, бейнебайланыс арқылы Алматы қалалық сотынан) Алматы мен Астана қалаларындағы Сот сараптама орталығының мамандарынан, соның ішінде психология, филология, саясаттану жөніндегі сарапшылардан жауап алынды.

573 рет қаралды


3 қараша 2016

​«Жер митингтері» туралы іс: Сотталушыларды торда қалдырды

2 қарашада екі күндік үзілістен кейін азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты сот отырысы жалғасты.

815 рет қаралды


28 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Куәгерлерден жауап алу жалғасуда    

28 қазанда Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ адвокаттары таңертеңнен бері тек бір өтініш берді. Қорғаушы тарап жауап алуға қатысу үшін сотқа іс материалдарын аударған аудармашыны шақыртуды өтінді, алайда өтініш қанағаттандырылмады.

762 рет қаралды


27 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Макс Боқаев пен Талғат Аянов процессуалдық келісімнен бас тартты ДОПОЛНЕНО    

27 қазанда азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың сот процесінде куәгерлерден жауап алу жалғасты.

948 рет қаралды


26 қазан 2016

«Жер митингілері туралы» іс: сот алдындағы пикеттер және оқымастан қол қойылған хаттамалар

25 қазанда таңертең Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша процесс жалғасып жатқан №2 Атырау қалалық соты азғана дүрлігіспен басталды. Азаматтық белсенділер Шаттық ТӘЖКЕНОВА мен Елена СЕМЕНОВА Боқаев пен Аяновты қолдау үшін сот ғимараты алдында біркісілік пикеттер өткізді. ІІД қызметкерлері бұл әйелдерді ұстап, плакаттарын тартып алып, акцияны болдыртпады. Кейінірек құқыққорғаушылар белсенділерге 20 АЕК көлемінде айыппұл белгіленгенін хабарлады.

696 рет қаралды


25 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: «Халық көп жиналды. Содан соң Аянов келді...»

24 қазан күні азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша сот процесіне куәгер ретінде Атырау қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ қатысты.

912 рет қаралды


21 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Азаматтық белсенділер камерадан шықпады. АШМ мен ІІМ не деді ДОПОЛНЕНО  

Бүгін, 21 қазанда «жер митингілері» туралы іс бойынша сот отырысы екі сотталушысыз басталды.

842 рет қаралды   1 комментарий

«Жер митингілері» туралы іс: Сотталушылар Төлешов пен басқа куәгерлердің сотқа келмегеніне наразылық білдірді    

20 қазанда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша сот отырысы залда сотталушылардың адвокаттарының жоқ болғандығына қатысты прокурорлардың наразылығымен басталды. Судья Гүлнар ДӘУЛЕШОВА: «Мен сіздердің наразылықтарыңызды түсінемін, алайда сотталушылар бірнеше минут бұрын ғана әкелінгендіктен, адвокаттардың олармен шектеусіз уақытқа құпия сөйлесуге толықтай құқылары бар» деп, мұның себебін түсіндірді. Осыған байланысты ол 15 минутқа үзіліс жариялады.

672 рет қаралды


20 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Алматыдағы сутенер мен фрилансерден жауап алынды    

19 қазанда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ істері бойынша сот отырысы сотталушылардың бірінсіз басталды: Боқаев денсаулығы нашарлағандықтан тергеу изоляторында қалды.

1109 рет қаралды


18 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Боқаев өзін нашар сезінді, Аян аштық жариялады. Ақша тасыған шоумен ДОПОЛНЕНО    

№2 Атырау қалалық сотында азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша процесс жалғасты.

4722 рет қаралды   1 комментарий


17 қазан 2016

​«Жер митингілері» туралы іс: Қазақстанның вице-президенті болғысы келген Төлешов өзі танымайтын Атыраудағы Аянға ақшаны қалай берген?    

Бүгін, 17 қазанда №2 Атырау қалалық сотында азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша процесс жалғасты.

1295 рет қаралды



1 2 3 4 5 6 7 8