Атырау, 19 қазан 10:36
Күндіз ашық+14, кешке +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.57  € 391.81  P 5.81

Атырауда


Страницы:1234...346

предыдущаяследующая


9 қаңтар

Хабарландыру беру кезінде 40% үнемдей аласыз

azh.kz сайтындағы жеке кабинетіңізде шотыңызды келесі жолдармен толтырыңыз да:

- арнайы бланк толтырып, «АЖ» қабылдау бекеттерінде,

- QIWI терминалдары арқылы

- кез келген банктің кәртішкелері арқылы

Енгізген сомаңызға бонус +40% алыңыз!

14251 рет қаралды


19 қазан

Жас боксшылардың алтын жазы

Өз шәкірттерінің жетістіктері туралы бокстан облыстың жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Айдос ДӘУЛЕТОВ (суретте) әңгімелейді.

133 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Біздің чемпион

25 жастағы Әнуар САРИЕВ әлемдегі жеңіл салмақты (60 кг дейін) мықты парадзюдошылар үштігіне кіреді, 2016 жылы Риода өткен Параолимпиадаға қатысушы.

76 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Спорт жаңалықтары

Атырау командасы дзюдодан Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының жартылай финалына шықты. Еркін, грек-рим күрес, таеквондо, бокс бойынша облыс құрамасы алдын ала кезең сатысындағы сайыстарын аяқтады. Дзюдошылар жүлделі орындар алуға әзір екендіктерін көрсетті.

119 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


18 қазан

Жел теңізді тықсырды  

Кеше, 17 қазанда Исатай ауданында күшті жел теңіз жағасын жалаңаштап тастады. Жанбай мен Забурын ауылдарында су әдеттегі жағалаудан 3 шақырымдай жерге түбіне қарай кетіп қалған.

547 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сақинамен ұстады

Азаматтық белсенді Бекболат МҰХАНАЛИЕВ биылғы жылдың 21 тамызында өзін полицей қызметкерлерінің ұстағаны туралы айтып, редакцияға хабарласқан еді. Енді оның үстінен «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді.


578 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

СЫРТЫ СҰЛУ «РЕТРО-САЯБАҚ» немесе мендегі бір ойлар...

Жақында Атырауда ретро-саябақ ашылды. Бұл саябақтың сұлулығына көз тоймас. «Дос-мұқасан» тобының мүсіндері қойылған. Айнала жасыл желек, мөлдірей аққан су. Шіркін-ай, бәрі де сұлу. Бірақ маған бұл саябақтың сыртқы сұлулығы көз тартқанмен, ішкі мазмұны қабыспай тұрғандай көрінеді.

611 рет қаралды   2 комментарий

Бүкіл құқықтық мәселелер бір жерде шешіледі

Атырау облыстық прокуратурасында Құқық қорғау қызметі орталығы ашылды.

240 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Шалшық су мен көлік арасында  

Атырауда екі күн қатарынан жауған жаңбыр коммуналдық қызметтерді ғана емес, әсіресе, Нұрсая мен Көкарна тұрғындарын да едәуір әуреге салды.

304 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Теннисшілер мен футболшылар    

16 қазанда Атырау теннис орталығында «Спорт формуласы» жобасының шеңберінде «сегіздік-микст» шоу-турнирі өтті.


122 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


17 қазан

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні су болмайды Pr

«Атырау Су Арнасы» КМК қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілерін маусымдық хлорлау жұмыстары жүргізілуіне байланысты 18 қазан түнгі сағат 24.00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін салқын су берудің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

306 рет қаралды

Балықтың қай түрі үшін де жаза қатал

Балық қорғау заңнамасын бұзушыға қара уылдырықтың бір келісі үшін жарты миллион теңге айыппұл мен қылмыстық іс қаупі төніп тұр. Заңсыз ауланған қара балықтың бір қапшығы үшін де Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша емес, Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілік қарастырылады.

561 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Тұрғындар жылу тарифінің өсуіне наразылық білдірді    

Атырауда жылумен қамтушы мекеме қала шетіндегі Балықшы поселкесінің тұрғындарын кір жуу үшін және ванна қабылдау үшін жылу батареяларындағы ыстық суды пайдаланады деп айыптаған еді. Жауап ретінде тұрғындар жылу беру қызметі тарифінің үш есеге көбеюіне наразылық білдірді.

376 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ұрлықты кәсіп еткендер

Қызылқоға ауданында 7 эпизодтық іске қатысы бар Миялы ауылының 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Аудандық ІІБ-нің бастығы Асхат АРЫСТАНОВТЫҢ айтуынша, ол мал және автокөлік бөлшектерін ұрлап сатумен айналысқан деп күдіктеліп отыр.


565 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Күзгі санақ

Малдың қырылуына ракетаның ұшырылуы әсер етуі мүмкін бе? Көкөністер қайда сақталады? Және шаруалар ет өнімдерін өткізе алмай неге қиналады? «АЖ»-ның осы сауалдарына брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВ жауап берді.

288 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


16 қазан

Жас жігітті атып өлтірді

Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі жастар арасындағы төбелестен 32 жастағы жігіт оққа ұшып, қаза тапты.

1014 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қасқырлар саны азайып барады

Атырау облысында қасқырлар саны азайды. Алайда аңды апанында ұрып алудың орнына болашақ ұрпақ үшін қасқырларды сақтау керек деп қайтадан ұрандатып жатыр.

537 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Нағыз алаяқтық  

Атырауда жиі пайда болатын жарнамалық парақтар күлкілі бағалармен былғары және тері бұйымдарын сатып алуды ұсынады. «Тәркіленген мүлікті жаппай сату тек бір күн өткізіледі, бір қолға – бес бұйымнан!». Осындай сатылымдардың біріне «АЖ» тілшісі де барып қайтты.


1038 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

«Дарабоз-2017» республикалық турнирі    

Жексенбі күні, 15 қазанда Махамбет ауданы, Алмалы ауылының маңында ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2017» республикалық турнирі ұйымдастырылды. Көкпар, бәйге, қазақ күресі бойынша өткізілген турнирге жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге тігіліп, оның 10 миллион теңгесі жаппай көкпар ойынына бөлінді.


472 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Бүйрегіңді кесіп берген заман-ай...

Қазақстанда дене мүшелерін тірі кезінде заңсыз сататындар көбейіп келе жатыр. Бағалар 2,5 миллион теңгеден басталып 100 мың долларға дейін жетеді. Көбіне саудаға бүйрек, бауырдың бөлігі, сүйек кемігі түседі. Өз дене мүшелерін саудалайтындар біздің «бай» Атырауымызда да бар екен.

534 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Айрықша алаңдатқан ауыл  

Жақында «АЖ» Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында полиция бөлімшесінің ашылғанын жазған болатын. Браконьерлікпен аты шыққан ауылда жергілікті тұрғындар мен күштік құрылымдардың арасындағы қақтығыстар соңғы кездері жиілеп кеткен болатын. Ауылдағы бүгінгі ахуал қалай? «АЖ» тілшісі сонда болып, бәрін өз көзімен көріп қайтты.

625 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Жоқтан жақсы дегені ме?    

Өткен жылдың аяғында Нұрсая ықшамауданындағы 240 пәтерлік жалғыз жатақхананың кілті жетімдер үйінің түлектеріне, мүгедектігі барлар мен Химпоселке поселкесіндегі апатты үйлердің тұрғындарына, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне табысталған болатын. Жатақхана тұрғындарының бүгінгі жағдайын «АЖ» тілшілері біліп қайтты.

606 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Балалар екпесі

2017 жылдан бастап Атырау облысында 956 баланың ата-анасы вакцина ектіруден бас тартты. Мыңдаған ересек адамдарды жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығуға не мәжбүр етті? Бұл сұраққа педиатрлар да, ата-аналардың өздері де жауап беруге тырысты.

284 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

​Бостандықты аңсап сурет салды  

Атырау облыстық ҚАЖД-ға  қарасты мекемелерде жазасын өтеп жатқандардың қолдан жасаған бұйымдарының көрмесі өтті.

291 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қоғамдық көліктер: Ақтау, Орал, Ақтөбе    

Жақында жұртшылыққа «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерді дамыту тұжырымдамасы» таныстырылған болатын. Оны әзірлеуге қазынадан 22 млн теңге бөлінген болатын. Автордың пікірінше, оны жүзеге асыруға бюджеттен 12 млрд теңге бөлінуі керек. Ал жеке инвестиция салу - әркімнің өз еркінде болғандықтан оны санау мүмкін емес. Осы жұртшылық тыңдауларында қоғамдық көліктердің жүйесін бір ізге келтіруге болмай ма деген пікірлер айтылды. «АЖ» көршілес үш облыстағы қоғамдық көліктердің жай-күйін баяндайды.

279 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Атырауда қайыр сұрағандар қанша табады?    

Жақында «Дина» базарынан қайыр сұраушыларды кездестірдім. Әсіресе, көзін тас жұмып басын шайқап, өзімен-өзі сөйлеп отырған шамамен 20 жастағы ер жігітке ерекше назарым ауды. Ал базардың күзетшісі қасына келіп, оған ол жерден тұруын талап еткенде әлгі жігіт лезде «ауруынан» айығып, сау адамдарша шауып кетті. Бірақ, көлеңкеде біраз тұрды да, кері орнына барып, қайта аурудың рөліне еніп алды.


908 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Автокөлік жылқыға соқтығысты

Құлсары- Атырау тас жолының Жылыой ауданы Шоқпартағай ауылы маңында «ВАЗ- 2105» автокөлігі жылқымен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан Шоқпартоғай ауылының 36 жастағы тұрғыны ауыр халде ауруханаға түсті. 

232 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


15 қазан

Кубок тағы да көзден ұшты

Өкінішке орай, біздің команда футболдан Қазақстан Кубогының финал матчында ұтылып қалды.

328 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Парамен ұсталды

13 қазанда ҰҚКД қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының қызметкерін пара алу кезінде ұстады.

919 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


Страницы:1234...346

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5