Атырау, 29 мамыр 16:25
Кешке ашық+13, түнде +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 311.59  € 349.39  P 5.50

Атырауда


Страницы:12345...327

предыдущаяследующая


23 мамыр

Атыраудағы театр фестивалі  

Махамбет атындағы Атырау облыстық драма театрында Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың шығармашылығына арналған «Мәңгілік елдің Алтын адамы» республикалық театрлар фестивалі ашылды. 

458 рет қаралды   1 комментарий

Жер: сату үшін алып қалған ба?

«Казтрансойл» компаниясы 10 жыл бойына облыстағы екі ауданның жерін заңсыз пайдаланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық жер пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысы Ғибрат СҮЛЕЙМЕНОВ әңгімеледі.

638 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Азғын ұсталды

22 мамырда кешке Атыраудағы көппәтерлі үйдің подъезінде 57 жастағы ер адам 7 жасар қызға қатысты азғындық әрекет жасады.

1084 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Шын жүйрікке тұсау жоқ

Екі күн демалыста – 20 және 21 мамырда бильярд бойынша танымал кәсіпкерлердің бірінің інісі Фархат БЕКЕНОВ атындағы республикалық турнир өтті. Биыл турнирдің дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанына 10 жыл толады. Атыраудағы мерейтойлық сайысқа Қазақстанның ондаған түрлі өңірінен бильярд әуесқойлары қатысты.

459 рет қаралды   1 комментарий

Мұнайшылар экологтан кешірім мен 7,5 миллион талап етуде

Атырау қалалық сотында өзгеше азаматтық іс – қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, 81 жастағы Қали ӘУБЕКЕРОВ жетекшілік ететін «БатысЭкоҚорғау» экологиялық қоғамдық бірлестігіне қатысты «Сатпаев Оперейтинг» компаниясының бес топ-менеджерінің ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделін қорғау туралы талап арызы қаралды. Мұнайшылар талап етіп отырған жалпы сома 7,5 миллион теңгені құрайды. 

506 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


22 мамыр

Жалған ақшамен сауда жасаған

20 мамырда Жилгородокта Пархоменко көшесінің бойындағы азық-түлік дүкенінің сатушысы полицияға белгісіз ер адамның өзімен жалған 20 мыңдық купюрамен сауда жасағанын хабарлады.

772 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Түлектер-2017: биылғы өзгеріс қандай?

Биыл облыста 4514 түлек мектеп бітіреді. Оның 3339-ы ҰБТ тапсыруды ұйғарды. Олардың ішінде «Алтын белгіге» 99 үміткер мен ерекше үлгідегі аттестат алуға 56 үміткер бар.

554 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Көлігімен Салтанат сарайына соқтығысты

Ақ «БМВ» маркалы көлік Нұрсая ықшамауданындағы «Салтанат сарайының» баспалдақтарынан көтеріліп барып, ғимарат колоннасына соғылды.

1546 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ауа сапасын тексеру

«АЖ»-ның экология департаментіне жолдаған редакция сауалдарының соңғысы 16 мамырға қараған түні орын алған Атыраудағы ауа сапасының күрт нашарлауына қатысты болды Дабылды қоңыраулар»)

304 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сібір жарасының қорымдары ма? Қорытындыны күтеміз

Жақында қалалық мәслихаттың сессиясында Атырау қалалық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек ӘБІЛҒАЗИЕВ қала аумағында сібір жарасынан өлген үш мал қорымы бар екенін хабарлады.

293 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Жолақтағы өлім: Сотқа дейінгі тергеу

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 4 мамырда Атыраудағы Сатпаев даңғылының бойында ХҚКО маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде «Тойота Ланд Крузер - 200» көлігі 54 жастағы әйелді қағып кетіп, әйел сол жерде көз жұмған еді.  Біздің бейресми ақпаратымыз бойынша, көлік рөлінде құқыққорғау құрылымдарында көп уақыттан бері жұмыс жасамайтын ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының, балық инспекциясының, тергеу абақтысының бұрынғы басшысы отырған. 

1205 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Бокске қарсы бау қолданды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты №16 мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімінің өліміне қатысты үкім шығарды. 16-шы мектептегі кісі өлімі»)

536 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


21 мамыр

Павлодардағы тең ойын

20 мамырда футболдан ел чемпионатының 13-турында «Атырау» «Ертіс» командасымен (Павлодар) көшпелі ойын ойнады.

294 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


19 мамыр

Махамбет поэзиясының күні

Бүгін, 19 мамыр күні Махамбет поэзиясының күніне арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты республикалық шара ұйымдастырылды.

434 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Емші науқасты өлтіріп алды

Атырау облысы Махамбет аудандық сотында өзгеше қылмыстық іс қаралды. ІІ топтағы мүгедек әйел көп жылдардан бері полиартритпен ауырып, төсекке таңылып жатқан. Ұлы анасының азабын жеңілдетпек болып, оған емші іздеп табады.

1358 рет қаралды   1 комментарий

Құлыбаев, әкім және бизнесмендер: әркімнің өз "қайғысы" бар

Маусымда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы парламентке Қылмыстық кодекстен көбінесе адал бизнесмендердің мүддесін қозғайтын 215-бапты («Жалған кәсіпкерлік») алып тастау туралы ұсыныс енгізеді. Бұл туралы Атырауда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен өткен жергілікті іскер элитаның жиналысында ҰКП президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ хабарлады. 

882 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


18 мамыр

Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі    

Бүгін, 18 мамырда «Алтын Шатыр» мейрамханасында біздің танымал жерлесіміз – бұрынғы Қазақстан Компартиясының ОК-нің хатшысы, ҚазССР-дың МҚК (КГБ) төрағасы және ҚазССР-дың Жоғары Кеңес Президиумының төрағасы Зақаш ҚАМАЛИДЕНОВТЫҢ жеті күндік қадесі өтті. Республиканың көрнекті мемлекеттік қайраткерінің рухына бағышталған дұға дастарханына Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, оның орынбасарлары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА, әкім аппаратының жетекшісі Ернар БАСПАЕВ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек ОЖАЕВ келді.

1238 рет қаралды   1 комментарий

Сергей Павловтың алғашқы жеңілісі

17 мамырда «Атырау» сырт алаңда «Ақтөбе» командасымен футболдан ел чемпионатының ауыстырылған 7-турының матчын ойнады.

426 рет қаралды   1 комментарий

Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА: «күй өнері де шоуға айналды»

Біз Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ-дың «Музыка және өнер» кафедрасының 40 жылдығында болған біздің жерлесіміз, белгілі күйші Айгүл ҮЛКЕНБАЕВАДАН сұхбат беруін өтіндік.

654 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


17 мамыр

Бей-жай қарамады

Ата-аналардың салақтығы және оған керісінше бөгде адамның азаматтық саналылығына қатысты мына бір қызықты оқиға Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралды. 

853 рет қаралды   3 комментарий

Анықтаманы sms-паролі арқылы ала алады

Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтаманы енді электрондық цифрлық қолтаңбасыз-ақ - еgov.kz порталына авторлану кезінде бір реттік sms-паролінің көмегімен ала алады. Бұл туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің басшысы Тұрлан НҰРЖАНОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

521 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


18 мамыр

Жаңа мектеп жөндеуге тұрды

Доссор поселкесіндегі О. Сарғұнанов атындағы ескі мектептің оқушылары мен мұғалімдерін қазір оқу жылы аяқталар кезде ҰБТ-дан гөрі мектептің жаңа ғимаратына көшу мәселесі мазалап отыр. 

321 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қызылқоғаға биыл су мол келеді

Қызылқоғалықтар Ойыл өзенінен келетін өр суы биыл мол болады деп болжауда. 

494 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Құрманғазыда балық аулау азайған

Құрманғазы ауданының балықшылары балық аулау маусымының әр күнін тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Себебі, санаулы күндерден кейін, яғни, 25 мамырда көктемгі балық аулау маусымы аяқталмақ.

441 рет қаралды   1 комментарий

Қылмыстар хроникасы

Атырау қалалық прокуратурасы мониторинг барысында «Вконтакте» әлеуметтік желісінен қолдан жарылғыш құрылғысын дайындауды үйрететін 21 бейнематериалды анықтады. Мұндай «сабақтың» әрқайсысын 5 мыңнан 10 мыңға дейін пайдаланушы көрген. Атырау қаласының прокуроры Р.Құттықовтың айтуынша, прокурорлық ұсыныстың негізінде Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті бұл материалдардың ҚР аумағында таралуына тыйым салды.

625 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Спорт жаңалықтары

Таразда 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында самбодан еліміз чемпионаты өтті.

365 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


17 мамыр

Төбе құлауға шақ тұр  

Әуезов көшесі, №10 үйдің 2-қабатының тұрғындарына қауіп төніп тұр. Жилгордоктағы ескі үйдің аркасы әбден шіріп кеткен, кез келген сәтте құлап түсуі мүмкін.

537 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Топографиялық түсірілім қажет емес еді

Атырау қалалық прокуратурасы монополистер - «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы, «АтырауСуАрнасы» КМК, «Атырау-Жарық» АҚ-да топографиялық түсірілімді заңсыз талап еткенін анықтады. 

528 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Таза су айдындары

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасы бойынша осындай атаумен Атырау облысының аумағындағы Жайық-Каспий бассейнінде алдағы Экология күніне (5 маусым –  1972 жылы БҰҰ шешімімен бекітілген Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні) арналған табиғат қорғау акциясы өткізілуде.

295 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Енді бәс тігілмейді

Жылыой аудандық соты ҚР ҚК-нің 307-бабы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша үкім шығарды.

484 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


16 мамыр

Біреулер «куәлік» жасап жүр

Жалған куәлігі бар жүргізушіге қатысты үкім шықты. Құрманғазы аудандық соты ҚР ҚК-нің 385-бабы («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша оны кінәлі деп таныды. 

831 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Дабылды қоңыраулар

Бір ай жарым уақыт бұрын «АЖ» экология департаментіне Атырау қаласындағы ауа сапасының нащарлауына байланысты табиғат пайдаланушыларға тексеру жүргізу туралы редакцияның төрт сауалын жолдаған еді. 

535 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сөзге ілінді

12 мамырда Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті Атырау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВҚА заң бұзушылыққа жол бермеу жөнінде ескерту берген. Ал ол бұл туралы журналистен білді және өз ісін дұрыс деп есептейді. 

540 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Страницы:12345...327

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5