Кемероводағы трагедиядан кейін «АЖ» тілшілері кәсіби мамандардың араласуынсыз өрт қауіпсіздігіне қатысты қарапайым бақылау жасау үшін Қазақстанның мұнайлы астанасының сауда-сауық орталықтарына баруды ұйғарды.
1165 рет қаралды
Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Ресейге «Құрманғазы» шекаралық бекеті арқылы жалған құжаттармен 29 тонна сұйытылған газды алып өтпек болған РФ азаматтарын – Дағыстан тұрғындарын ұстады.
595 рет қаралды
Мұнай-газ саласының мамандары көрме орталығында өтетін Global Oil & Gas Atyrau 2018 – «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесіне 17-рет жиналады.
567 рет қаралды
2018 жылдың 12-наурызында Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілердің Эталонды бақылау банкінде, 2018 жылдың 20-наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде ҚР энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсанда шыққан «Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы» №491 бұйрығымен сол бұйрықпен бекітілген «Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесінің» (әрі қарай - Әдістеме) мәтіні жарияланды.
527 рет қаралды
29 наурызда Атырау әкімдігінде облыс орталығын санитарлық тазалау және көркейту бойынша көктемгі (сәуір-мамыр) екі айлыққа арналған кеңес өтті. Бұл жұмыстар үшін қала 9 округке бөлінді, әрқайсысында атқарылатын жұмыстар көп.
795 рет қаралды
Өткен тәуліктерде Атыраудың екі тұрғыны «Mercedes» маркалы автокөліктерінің ұрланып кеткені туралы полицияға шағымданды.
1274 рет қаралды
Жыл басынан бері Атырау полициясына интернет алаяқтарының құрбандарына айналған 20-дан астам азамат шағымданды. Мәселен, зардап шегуші тауар сатып алу үшін 400 мың теңге аударған. Содан кейін жалған сатушы байланысты үзіпті.
987 рет қаралды
«Атырау» ДСК-де кадеттер арасында ҚР чемпионаты өтті. Атырау командасы бір күміс және бірнеше қола жүлделер алды.
506 рет қаралды
Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде қолөнер шеберлерінің арасында облыстық байқау өтті. Оған 60-қа жуық шеберлер қатысты. Әділқазылар шешімі бойынша бүтін ағаштан домбыра ойып жасаған Мазен ШАКИЕВ жеңімпаз болып танылды.
541 рет қаралды
Осыдан тура 25 жыл бұрын Атырау облысының өзендері арнасынан асып, кейбір елді мекендерді, соның ішінде, Миялы мен Құлсары аудан орталықтарын су басып, адамдар қаза болды. Республикалық трассалардың жүздеген метрі су астында қалды, ал осы жерлерде, тіпті, ондаған жүк көліктері ойыншық секілді долыланған ағыс бойымен көрінбейтін асфальт жыраларына түсіп кетті. Атырауда бетон жағалау түгелімен су астында қалды, толқындар көпір жақтауына соғылып жатты. Сол мазасыз күндер мен түндер туралы «АЖ» тілшісіне сол кездегі қалалық әкімшілік басшысы болған Нұрпейіс МАХАШЕВ әңгімелеп берді:
1172 рет қаралды
«Stop-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облыстық ІІД қызметкерлері жезөкшелерден ақша алып, олардың қызметін қонақүйге келушілерге ұсынған жергілікті қонақүйлердің бірінің 42 жастағы күзетшісін ұстады.
1403 рет қаралды 1 комментарий
Соңғы жылдары Атырауда қарғалар көбейіп кетті. Қала тұрғындары үшін бұл жағымды жайт деп айтуға болмайды. Қанаттылардың көбею себептері туралы «АЖ» тілшісі облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының бас орнитологы Александр ИВАСЕНКОДАН сұраған еді.
1252 рет қаралды
Облыстық мәслихат өз күшін жоғалтқан бұрынғы ереженің орнына «Атырау облысындағы елді мекендердің аумағындағы жасыл-желекті күтіп ұстау және қорғау ережелерін» бекітті.
533 рет қаралды
Атырау облысындағы табиғи газ жеткізушіге қызмет көрсететін (және жай төңірегіндегі) фирмалар жеткілікті. Газды қауіпсіз пайдалану үшін іс жүзінде кімге және неге міндетті екенімізді «Ақ Жайық» газетінің тілшісі анықтаған еді. Жаңылысу болмас үшін кейбір фирмалардың тек мұржалармен жұмыс істей алатынын, ал басқаларының – анағұрлым күрделі жабдықтарға техникалық қызмет көрсетумен және газ үшін ақша жинаумен айналысатынын бірден есте ұстаған жөн.
1439 рет қаралды 1 комментарий
Балықшы тұрғыны өзіне емес, мемлекетке – халыққа тиесілі Жайық жағасына гараж, жел генераторы, катерлерге арналған тұрақ, тіпті, жеке айлақ салған. Бірнеше жылдан бері бір адамның қалайша көршілерінің басын қатырып, жергілікті билікті алдап келгені туралы хикая 2013 жылы жағалаудағы ескі автобусты көлденең қойып, құрылысшыларға бекітілген жоба бойынша жағалауды абаттандыруға мүмкіндік бермеген кезде басталған еді.
2788 рет қаралды 2 комментарий
Жыл сайын жаз мезгілі туысымен аудандарда ауыз суға тапшылығы орын алып жүр. Мінберлерден су мәселесі толық шешілді деп есептер берілгенімен, әлі де өзекті мәселелер жеткілікті.
578 рет қаралды
«Соңғы кездері жаһандық жылыну туралы көп айтылып жүр. Біздің өңірде орташа жылдық температура көтеріле ме?» - деп сұрады Атырау қаласының тұрғыны Болат. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы мұнай астанасындағы орташа температура +9,2°С болған.
663 рет қаралды
Үш бірдей орта және жоғары білім дипломының иесі 38 жастағы Шынар ЖАЛХАНОВА жеті жылдан бері такси қызметінде жүр. Біз онымен көлігіне жолаушы ретінде мінген кезде таныстық.
1480 рет қаралды
Семейде жастар арасында грек-рим күресінен ел чемпионаты өтті. 77 келіге дейінгі салмақта атыраулық палуан Темірлан ЕСПЕНБЕТ тамаша жетістікке жетті. Ол 5 жекпе-жек өткізіп, жартылай финалда өткен жылғы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған Дәулет Жалғасовтан басым түсті. Ал финалда боз кілем қожайындарының өкілі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Нысанбаевты сенімді түрде жеңіп шықты. Жаңа чемпион туралы және басқа да тақырыптар туралы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рашид МУСИНМЕН әңгімелескен едік.
731 рет қаралды
Атырауда республикалық «Көңілді дельфин» турнирінің бірінші кезеңі өтті. Оған еліміздің 12 қаласынан 200-ден астам жас жүзгіштер қатысты.
613 рет қаралды
Қазіргі таңда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қытайдан келген 70 студент оқиды. Оның 45-і даярлық курсында білім алса, қалған 15-і болашақ мамандар. Аспанасты елінен келген студенттердің қазіргі жағдайы туралы «АЖ» тілшісі университет ректоры Абзал ТАЛТЕНОВПЕН сұхбаттасты, сондай-ақ кейбіреуімен кездесті.
911 рет қаралды
«Біз Атырауда Уәлиханов көшесіндегі «Томирис» тұрғын үй кешенінде 126 шаршы метр алаңдағы пәтерде тұрамыз. Оның 15 шаршысы – жылытылмайтын екі балконның ауданы, бірақ «Томирис» ТК бізден екеуін де жылытқаны үшін төлемақы алады. Осы жердегі көпқабатты 8 үйдің тұрғындары түгел осы әділетсіздіктен зардап шегіп отыр. Неліктен көрсетілмейтін қызмет үшін бізді ақы төлеуге мәжбүрлейді?» - деген сұрақпен «АЖ» редакциясына осы жаңа кешеннің тұрғыны Нұрлан хабарласты.
1377 рет қаралды 1 комментарий
- Қош келдіңіздер! – бізді «Бестерек» қыстағындағы қожайын әйел Нұрсилә САБИРОВА қарсы алады. Бөгде адамдарды сезген ауладағы иттер үріп, үйге кіруге асықтық. Үй ішінде жанған тезектің таныс иісі шығып жатыр екен.
1316 рет қаралды
Шетелдегі банктерде шоттары және жылжымайтын мүліктері бар қазақстандықтар салық органдарына есеп беруі тиіс. Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке табыс салығы туралы декларацияны қалай тапсыруға болатындығын және оны тапсырмаса не күтіп тұрғанын әңгімелеп берді.
853 рет қаралды
Атырау облысында ұзындығы 415,8 шақырым өзен бөгеттері және 11,5 шақырым теңіз бөгеттері бар. Оның 213,2 шақырымы қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл сандар төтенше жағдайдар департаменті өткізген брифингте айтылды.
669 рет қаралды
Сіздерге қолайлы болу үшін барлық жарнама және хабарландырулар қабылдау қосындары 21 наурызда сағат 13.00-ге дейін жұмыс жасайды.
479 рет қаралды
Спорт және белсенді демалысқа арналған сапалы тауарлар ұсынатын спорт дүкендер желісі сіздерді күтеді!
649 рет қаралды
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының мұнайшылары төртінші жыл қатарынан Наурыз мейрамын қолданыстағы кен орындарының базасында тойлап отыр. Биылғы жылы тойлау Мақат ауданындағы «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Ботақан кен орнында ұйымдастырылды.
587 рет қаралды
15018 рет қаралды 1 комментарий
8622 рет қаралды 3 комментарий
10263 рет қаралды 5 комментарий
6375 рет қаралды