7-арнадағы «Жұлдыздар фабрикасы» жобасына қатысушы жерлесіміз Руслан БЕРДИМАТОВ қазіргі сәтте біздің қолдауымызға әбден мұқтаж болып отыр.
1125 рет қаралды
Біздің сұхбаттасушымыз – жуырда Женевадан оралған «Демос» қоғамдық құқық қорғау бірлестігінің төрайымы Тоғжан ҚИЗАТОВА (суретте). Ол жерде ТМД елдерінің адвокаттары мен құқық қорғаушылар тобы Халықаралық заңгерлер комиссиясының оқу семинарына қатысқан болатын.
1120 рет қаралды
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде атыраулықтар жылу мен су жылыту үшін төлемақының жаңа түбіртектерін алатын болады. Біреулер қателесті-ау деп күмәнданудың қажеті жоқ. Бәрі де дұрыс. Әділетсіз болса да, дұрыс.
908 рет қаралды
31 қазанда сағат 12-де Атырау облыстық прокуратурасының тергеуді қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан ҚҰЛМАНОВТЫҢ қатысуымен брифинг өткізілді. Ол алғашқы жарылыстың жергілікті уақыт бойынша сағат 9.45-те болғандығын растады. Белгісіз жарылғыш қондырғы облыстық әкімдік жанындағы қоқыс контейнерінде жарылған (сол жақтағы суретте). «Адам өлімі, зардап шегушілер және бүлінулер болған жоқ».
1038 рет қаралды
Телеарналардың өздерінің рейтингті хабарлары үшін кейіпкерлерді Атыраудан іздеп табуы көбейіп бара жатқанға ұқсайды. Алдымен Мәскеу қарияға айналған жас жігіт Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫ шақырды. Ал, енді «Қазақстан» республикалық телеарнасындағы «Арнайы репортаж» бағдарламасы өзінің қараша айындағы хабарларының кейіпкерлері етіп «Ақ Жайық» оқырмандарына «Бала ауыстыру туралы іс» бойынша жақсы таныс ерлі-зайыпты Сәуле БАПАЕВА мен Нұрлан АШЫҚБАЕВТЫ шақырып отыр.
1173 рет қаралды 1 комментарий
Банк борышкерлері өз қарыздарын қайтара алмаған жағдайлар көп кездескенде коллекторлық қызметке сұраныс пайда болды. Бүгінде әр банктің бірнеше коллекторлық қызметі бар. Ал сол коллекторлар елімізде қандай маңызға ие? Олар борышкердің банкке төлей алмаған қарызын жабуға қалай көмектеседі?
4779 рет қаралды
Бүгінгі күні ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы тарапынан жеке және заңды тұлғалардан 1993-2003 жылдар аралығындағы айналымнан шыққан банкноталарды қабылдап, оларды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастау жалғасып келеді.
1292 рет қаралды
Облыс орталығының әлдебір тұрғыны өз таныстарын ақша ала отырып жұмысқа орналастыруға уәде етеді. Нәтижесінде оның өзі алаяқтығы үшін айыпталушы орындығынан бір-ақ шығады.
1103 рет қаралды
ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 31 қазанда «Браконьер» операциясының шеңберінде Пешной жартыаралының маңында полицейлер аспалы моторы бар будара қайығын ұстаған. Қайық ішінде аулау құралы мен ұстаған 1200 келі қара балығы бар Сафоновка селосының екі тұрғыны болыпты.
912 рет қаралды
Қызылқоға ауданына қарасты Көздіғара ауылының бірнеше тұрғыны бруцеллезден емделіп жатыр. Осы аурудың салдарынан бір жас әйел жасанды түсік жасатуға мәжбүр болған.
980 рет қаралды
31 қазан күні таң ата белгісіз көлік жүргізушісі зейнеткерді қағып, із суытып үлгерген.
929 рет қаралды
1 қарашада күндіз Атырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалымжан ҚҰЛМАНОВ облыстық әкімдік пен облыстық прокуратура маңындағы жарылыс фактісіне қатысты (әр жарылыс бойынша жеке) ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 бабының «б» тармағы бойынша екі қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады.
1221 рет қаралды
Сенбі күні Атырауда газдан уланған төрт адам қаза болды, оның ішінде балалар да бар.
1123 рет қаралды
31 қазан күні таңертең Сарыарқа ықшамауданындағы №30 үйдің маңында орын алған жарылыстан кейін құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиға болған жерге жиналған адамдарды маңайлатпай қойды. Олар сол маңдағы аумақты қоршап тастапты. Тіпті қас қарайған кезде де қоршау алынып тасталмаған. Біз полицей қарауылынан өтіп, облыстық прокуратура хабарлағандай, белгісіз біреу өзін-өзі жарған маңдағы үйге кірдік.
1479 рет қаралды
Алғашқы мәліметтер
31 қазан күні, таңертеңгі 9 сағат 45 минут шамасында Атырау қаласында бірінен соң бірі қос жарылыс орын алды.
1779 рет қаралды 4 комментарий
Атырауда жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесін алу үшін кезекте 43 668 адам тұр. Олардың 6 мыңнан астамы 2001-2004 жылдардан бері кезекте тұрғандар. Ал сонымен қатар, қожайындары құрылыс бастауға асықпай отырған жүздеген жер учаскелері де бар.
1753 рет қаралды
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңның негізінде облысқа нысан құрылыстарын жалғастыруға 5 млрд. 765 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА хабарлады.
1076 рет қаралды
Мақаттағы үш жылу қазандығының бірде бірі жұмыс жасамайды. Орталық жылу қазандығы 2009 жылы жұмысын тоқтатса, «Газшылар» мөлтек ауданындағы қазандық былтыр, ал «Болашақ» мөлтек ауданындағы жылу қазандығы биылдан бастап жабылған. Көпқабатты үйлер саны: Мақатта- 61, Доссорда -24. Күні бүгінде бұл үйлердің барлығы орталық жылу қазандығынан ажыратылып тасталған. Доссорда да осындай жағдай. Жағдай түзелмесе мақаттықтар мен доссорлықтар ереуілге шығатындарын ескертіп отыр.
1567 рет қаралды 1 комментарий
«ТШО» ЖШС 2010 жылдың шілдесінде орын алған ілеспе газды заңсыз ауаға шығарғаны үшін 1,7 млрд теңге көлемінде айыппұл төледі.
1474 рет қаралды
Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар осыдан 3 жыл бұрынғы Сасық сайдағы өрт және басқа да Атырау МӨЗ-ның күнәларын еске алды. Табиғат қорғау бағдарламасының орындалуы жөнінде зауыттың бас инженерінің орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВ баяндама жасады.
1871 рет қаралды
Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан ЕГЕУБЕКОВ брифингте 25 қазан күні қаржы полициясы қызметкерлерінің жалған доллар шығаратын жасырын цехты анықтағандығын хабарлады.
1273 рет қаралды
Атырау облысында амбулаториялық науқастар үшін тегін дәрі-дәрмектер еліміздің басқа аймақтарына қарағанда анағұрлым аз бөлінеді екен.
1297 рет қаралды
Арнаулы автобаза өзінің жаңа техникасын таныстырды. Жергілікті бюджет «Bucher» фирмасының екі сыпыру-тазарту машинасын сатып алыпты. Бұл швед фирмасының техникасы қала тұрғындарына таныс болатын. Жазда Арнаулы автобаза паркі шағын екі «шаңсорғышпен» толыққан еді.
1294 рет қаралды
Жұма күні облыстық әкімдікте жеке идентификациялық нөмірге қатысты жағдай талқыланды. Күні бүгінге дейін Атырау облысында оны әлі де 13 мыңға жуық адам алып үлгермеген екен.
981 рет қаралды 1 комментарий
Облыстық әкімдікте 2011-2013 жылдарда апатты тұрғын үйлерді күреу жөніндегі бағдарлама таныстырылды.
1073 рет қаралды
Бүгінгі күні ешкім де кілемді алғашқы жауған қармен немесе тұздалған орамжапырақ сөлімен тазартпайды.
Бүгінгі күні ешкім де «Тройной одеколонмен» кассетпен жүретін магнитофонның дыбыс түсіргішін сүртпейді. Сондай-ақ, кассетаның оратылып қалған үлдірін лакпен жалғамайды.
1299 рет қаралды
«Құрметті редакция! Бір кездері байланысымыз үзіліп қалған Қазақстандағы достарымды табуға көмектессеңіздер екен.
1200 рет қаралды
Жақында қалалық әкімдікте ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағы бастамасымен тай боксы бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құрметтеді.
1195 рет қаралды
31 қазанда «Ақ бота» балалар үйіне өзгеше қонақтар – УГ 157/9 мекемесі бастығының орынбасары Мәди ҚАЛБАЕВ пен қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің заңгері Шынар ТЕЛИШЕВА келген еді. Бұл меймандар құрқол келмепті.
952 рет қаралды
Ағзаның ерте қартаюы синдромына шалдыққан Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫ «Пусть говорят» хабарынан көрсеткеннен кейін ол туралы кенет жұрттың бәрінің есіне түсе қалды. Нұржан жақында Астанадан елге оралды. Онда ол республикалық жаңалықтар агенттіктерінің біріне кезекті сұхбатын беріп келді.
918 рет қаралды
«Атыраубалық» жұмысшылары жалақы ала бастады. «Прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде кәсіпорын басшылығы «Атыраубалық» АҚ-ның 441 жұмысшысына 11 миллион теңгеден астам сомада жалақыларын төледі. Еңбекақы бойынша қалған соманы 21 қазаннан бастап төлеуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Серік ЖАҢАБАЕВ. Сондай-ақ, қалалық прокуратура азаматтардың құқықтары қайта бұзылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы «Атыраубалық» АҚ басшылығына ескерту жасады.
1489 рет қаралды
«Ақ Жайық» газетінің тілшісі жол полициясы қызметкерлерімен бірге кезекті түнгі рейдке қатысты.
1807 рет қаралды
«Нұрсая» жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС мен ПИК арасындағы текетірестің тұтқындарына айналды.
1501 рет қаралды
Облыс орталығын көгалдандыру жөніндегі билік тарапынан жасалған революциялық бағдарламалар қала тұрғындарының жүрегінен орын алыпты. Біздің сайтымыз уытты, бірақ қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын комментарийлерге толы. Баршасы да мамырдың мамыражай айында нәзік жасыл-желекті, жазда көлеңкелі көшелерді, қазан айы түскенде «табиғаттың салтанатпен солғанын» қалайды. Алайда осынау табиғат механизмі іске қосылу үшін оны қазір қолға алған жөн. Саяжайшыларда күзгі отырғызу кезеңінің қызған шағы. Сондықтан кәнігі көгалдандырушылардың кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз.
3911 рет қаралды
Жыл басынан бері екінші деңгейлі банк филиалдары бойынша облыста 96,7 млрд теңге сомасында несие берілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артық. Оның ішінде 59,1 млрд заңды тұлғаларға, 37,6 млрд – жеке тұлғаларға берілген. Несиені адамдар көбіне ұлттық валюта түрінде алады (84,6 млрд тенге).
1005 рет қаралды
15018 рет қаралды 1 комментарий
8622 рет қаралды 3 комментарий
10263 рет қаралды 5 комментарий
6375 рет қаралды