Атырау, 23 шілде 04:48
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

Атырауда


Страницы:1...333334335336337338339...374

предыдущаяследующая


22 қыркүйек 2011

Жылудың бастығы уәде береді

«Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВТЫҢ айтуынша, алдағы жылыту маусымында Авангард, Сары Арқа және Абай алаңдары ықшам аудандары орналасқан қаланың оң жақ жағалау бөлігінде жылу тапшылығы болмайды. 

939 рет қаралды

Балалар емханасы ма әлде ата-аналарға арналған шайқас алаңы ма?

«Құрметті ата-аналар, егер сіздер тірі қалғыларыңыз келсе, ал сәбиіңізді аяусыз психикалық зақымданудан қорғағыңыз келсе, Алмагүл ықшам ауданындағы жаңа балалар емханасына бармаңыздар. Тексерусіз мөр соқтырып алу үшін және «көзбен» қойылған диагноздарды болдырмас үшін, сол жерде 2 000 теңге берсеңіз жеткілікті. Сізге тексеруден өтпей-ақ, мөр соғып береді. Есесіне ата-аналар мен балалардың миллиондаған жүйке талшықтары құртылмайды.

2419 рет қаралды

Балықтарды босатыңдар

– Қыркүйек айында Жайық өзенінде ақмарқа мен көксерке көп ауланады. Балықтың көп болатыны соншалық, ол балық аулайтын кооперативтерге де, әуесқой балық аулаушыларға да жетіп артылады. Алайда артельшілер өзенді бір жағадан екінші жағаға салынған үлкен аулармен қалқалап тастайтындықтан, бірде-бір балық өтіп кете алмайды. Мұндай күндері спиннингпен немесе резіңкемен балық аулау пайдасыз. Балық аулайтын кооперативтерге қай күндері ау құруға тыйым салынатынын хабарласаңыздар екен. 

2072 рет қаралды

Бір сыныпта қанша бала оқуы керек?

2005 жылғы бала туу қарқыны  биыл атыраулықтар үшін сынып жетіспеушілігімен көрініс тапты.  Мәселен, №22 мектепте бір сыныпта 40-қа жуық бала оқып жатыр. Сөз жоқ, жағымды жаңалық, тек  орын жетпегені ғана болмаса.

3663 рет қаралды

Қара тізімге Махамбет те ілікті

Махамбет ауданындағы кейбір ғимараттар өрт қауіпсіздігі заңдылығын орындамағаны үшін жабылады деп күтілуде.

1165 рет қаралды

Шөп неге қымбаттады?

Өткен жылдың ащы сабақтары шаруалар үшін жақсы сақталып қалды. Жемшөптің тапшылығы, жайылыстың жұтаңдығынан мал қысқа көтерем күйде түсіп, кейбір шаруалар ақадал малдарын өлексеге лақтырғанын ұмыта қойған жоқ. Бүгінде Махамбет ауданының шаруалары қысқа қамданысты өздерінше ерте қарастырыпты.

2746 рет қаралды

Кітапханашылар көше кезіп жүр

«АЖ» өткен нөмірінде («Әкімдіктерге өрт қаупі төніп тұр») Индер ауданындағы мектептер мен балабақша, әкімдік ғимараттары өрт қауіпсіздігін сақтамау шараларына жол бергені үшін экономикалық соттың шешімімен жабылатыны жөнінде жазған едік. Жуырда осы ауданға қарасты мәдениет үйлері мен кітапханалар ақыры жабылып тынды.

1056 рет қаралды

Алиментші кәсіпкер

Мақат ауданында екі баласына алимент төлеуден жалтарған азамат жауапқа тартылды.

928 рет қаралды

Камо – жаны жайсаң коллекционер

- Сен маған күліп отырған шығарсың, иә? – деді Камо БАБАЯН, - қораптан олжасын шығарып жатып. Бірақ дауысында «бәлкім олай ойламас» деген үміт те сезіледі. Бұл «Солдату Советской Армии» деген Черкасск зауытынан шыққан арзанқол бұйым екен. Ескерткіш стела түріндегі мөлдір пластик кесегіне дулыға киген беймәлім танкистің көп боп басылған келбеті жапсырылыпты. Оның қанша тұратыны, оны не үшін сатып алғаны Камоның есінде қалмаған. Ол ескі бұйымдарды жақсы көреді екен. Бірақ меніңше, ол жай ғана сатып алғанды көбірек ұнататын секілді.

2072 рет қаралды

Оралда көрме өтеді

23 қыркүйектен бастап Орал қаласында халықаралық деңгейде «Жазира Жайық» атты көркемсурет көрме-байқауы өтпек. Ол тура бір айға созылады.  Ерке Жайықтың  көркін  Атыраудан суретшілеріміз Камила ЖАПАЛОВА мен Елуғали ДӘУКЕНОВ бейнеледі.

1447 рет қаралды


16 қыркүйек 2011

Кеше кешкісін елбасы Атырауға келді

Бүгін, 16 қыркүйекте ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Атырау облысына жұмыс сапарының ресми бөлімі басталды. Президент Атырауға кеше сағат 21.00-де Астраханнан келген еді. Ол жерде әріптесі Медведевпен кездескен болатын. Елбасы Атыраудан 17 қыркүйекте аттанбақ.

2425 рет қаралды   6 комментарий


15 қыркүйек 2011

Мағжанды іздеп Магаданға барғанда...

(Соңы. Басы №36 санда)

2545 рет қаралды   1 комментарий

«Мұндай төрешіні көрсем,көзім шықсын», –

Осындай даулы мәлімдемені «Атырау» ФК бас бапкері  Зоран ФИЛИППОВИЧ 10 қыркүйекте «Тараз» футбол командасымен өткен ойыннан кейін жасаған болатын. 

1612 рет қаралды   1 комментарий

Бас геолог: ірі кеніштердің ірі проблемалары бар

Атырауда Қазақстанның өнеркәсіптік мұнайы игерілуінің 100 жылдығына арналған «Атырау ГЕО-2011» деп аталатын халықаралық ғылыми геологиялық конференция өтті.

1403 рет қаралды

Қабылдау бөлмесіндегі «шабуыл»

Облыстық аурухананың қабылдау бөлмесінде қыркүйектің 9-на қараған түн «қызықты» өтті.

1280 рет қаралды   1 комментарий

Қоғамдық ұйымдар мұнайшыларды саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңеді

Өткен аптада бір топ атыраулық қоғамдық ұйым өкілдері Жеңіс бағындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткіші маңына жиналды. Олар ескерткішке  гүл шоғын қойып, қаза болған кәсіподақ белсендісі Жақсылық ТӨРЕБАЕВТЫ, тағы бір  кәсіподақ белсендісінің қызы Жансәуле ҚАРАБАЛАЕВА марқұмдарды еске алды.

1481 рет қаралды

Әлішер Кәрімовтың концерті неге өтпей қалды?

Белгілі жас әнші, халықаралық конкурстардың лауреаты  Әлішер КӘРІМОВТЫҢ   қыркүйектің 12-сі  күні Атыраудағы Махамбет драма театрында өтеді деп жоспарланған концертінің болғанынан боладысы қызық болды.  Көптен күткен жұлдыздың концерті басталмай жатып аяқталды.

1992 рет қаралды   6 комментарий

Қазақ-түрік лицейінде кімдер оқиды?

Қазақ-түрік лицейі - Атыраудағы ең беделді оқу орындарының бірі. Онда бірнеше тестіден өтіп барып, 6 сыныптан кейін қабылданады. Қазіргі уақытта лицейде 264 оқушы білім алуда.

7111 рет қаралды

Мұқтажы бар, қырық есекке жүк болар

Индер ауданы Есбол селосынан күй кеткелі қашан. Кезінде аудан орталығы болған тарихи мекеннің  бүгінде сиқы қашып тұр.

2991 рет қаралды

«Агент» алаңға да шықты

Атырау қаласының орталық алаңдарында Wi-Fi технологиясы бойынша Интернетке тегін кіру аймағы ашылды.

1507 рет қаралды   1 комментарий

Перзентханаларға бейнебақылау қойылды

Облыстық перзентхана бейнекамералармен жабдықталмақ.

1600 рет қаралды   4 комментарий

Оқулықтардағы олқылықтар

Бүгінде Атыраудағы таптырмас тауар - үшінші сыныптың қазақ және орыс тіліндегі оқулықтары болып отыр.

2881 рет қаралды   1 комментарий

«Жигулидің» де, басқасының да бағасы ұшынып тұр

Кедендік одақ енгізілгеннен кейін Ресейден шығарылатын автокөліктердің бағалары өзгерді ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін облыстық статистика басқармасынан биылғы жылдың 1 қаңтарындағы, 1 шілдесіндегі (кедендік одақтың әрекет ете бастаған уақыты), 1 тамыз және 1 қыркүйектегі жергілікті автосалондардағы көлік бағаларын сұраған едік. Статистиктер қаңтардан тамызға дейінгі бағалардың өзгермегендігі, тек 1 қыркүйектен бастап ВАЗ көлігінің бағасы күрт өскендігі туралы мәліметтер ұсынды. Дилерлер болса, көліктердің жыл бойына қымбаттағанын айтады.

1866 рет қаралды

Салты жат болса да, білімі сапалы

Шет елдегі оқудың табиғи жағдайы, бағасы мен шарттары туралы

Бейшара студент... Осынау идиомалық сөз тіркестері бүгінде көнерген сөзге айналған. Бүгінгі талапкерге,       егер ата-анасы балаларының оқуы үшін бүкіл дәулетін жұмсауға жағдайы болмаса, студенттік билет туралы армандамауға да болады. Егер, әрине, басы алтын болмаса...

4180 рет қаралды   3 комментарий

Ұрлықшы сыңар аяқ киім сатпақ болған ба?

Тосын ұрлық жөнінде бутик қожайыны полицияға шағым түсірді.

1133 рет қаралды

Талғамсыз ұрылар

Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысты деп күдіктелген топты ұстады.

1107 рет қаралды

Әкімдіктерге өрт қаупі төніп тұр

Индер ауданында ТЖ ықпалымен өрт қауіпсіздігін сақтамаған бірнеше ғимарат жабылып тынды.

1000 рет қаралды

«Инва-такси» - бұл тек басы ғана

Өткен аптада Атырауға «Бота» қоғамдық қорының өкілдері келіп, атыраулық үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасымен таныстырды.

1179 рет қаралды

Қайрат Иманалиев: «Мүгедектік – үкім емес»

Қайрат ИМАНАЛИЕВ – І топ мүгедегі, «Намыс» жоғары білімді мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ, ҚР мүгедектер ұйымы ұлттық желісінің жетекшісі. «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «ҚР арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарды, мүгедектерді оңалту жөніндегі республикалық және аймақтық бағдарламаларды жасаушылардың бірі болған.

4289 рет қаралды

Жол апатынан бес адам қаза болды

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұл оқиға 12 қыркүйекте кешкі сағат жетіде Атырау-Доссор жолы бойында, Доссор поселкесінен 58 км қашықтықта орын алған.

1361 рет қаралды

«Жас отбасы» екі есеге қымбаттап кетті

Жаңа мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана бағалары екі есеге шарықтап кетті – енді жас отбасыларына мемлекет бір шаршы метр алаңды 90 мың теңгеге сатып алуды ұсынып отыр. Әрине, бұл нарықтағы бағадан арзан. Бірақ бұрын ұсынған бағамен салыстырғанда қымбат - «Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтердің шаршы алаңын 56 мың теңгеге сатып алуға мүмкіндік болған еді.

5104 рет қаралды

Көбелек баптаған көркем қыз

Көбелек ұшып келіп алақаныма қонған кезде, өзімді ертегідегі ханшайымдай сезіндім. Бұған тек романтикаға толы ән салғаным және менің әсем үніме еліткен бұлбұлдың иығыма қонып, сайрай жөнелгені ғана жетіспей тұр еді.

4249 рет қаралды   1 комментарий

Атырау қаласында дельфин-шоу циркі өнер көрсетті

Бұл шоудың басты  кейіпкері – Лента есімді  дельфин. Қаласаңыз, билеп те бере алады.  Бірақ біз үшін ең  қызығы бұл дельфиндерді Атырауға қалай жеткізгенін білу болды.

2152 рет қаралды

Батыстың намысын Руслан қорғайтын болды

Руслан БЕРДИМАТОВ «Жұлдыздар фабрикасы» жобасының финалына өтті.

1080 рет қаралды


13 қыркүйек 2011

Қазақстанда жаңа мұнай кен орны табылды

Max Petroleum Plc мұнайгаз компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай кен орны – «Батыс Сағыз» ( Sagiz West) – табылғанын жариялады. Бұл жөнінде компанияның ресми сайтында хабарланған.

5109 рет қаралды

Страницы:1...333334335336337338339...374

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5 6