Атырау, 21 маусым 07:32
Күндіз ашық+25, кешке +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.08  € 394.46  P 5.37

Атырауда


Страницы:1...346347348349350351352...371

предыдущаяследующая


26 желтоқсан 2011

Горбачев Путинді президенттік додаға қатысудан бас тартуға шақырды

КСРО-ның соңғы басшысы болған Михаил Горбачев Владимир Путинді Ресейде март айында болатын президент сайлауына үміткер ретінде қатысудан бас тартуға шақырды. Бұл жөнінде Горбачев желтоқсанның 24-і күні кешкісін «Эхо Москвы» радиостанциясында мәлімдеген.

1375 рет қаралды


25 желтоқсан 2011

Шетпедегі атыс

Шетпе стансасында төтенше жағдай жарияланған жоқ. Бірақ коменданттық сағат енгізілген. 22 желтоқсанда біз журналистер тобымен сол жерге аттандық. Ақтаудан Шетпеге дейінгі қашықтық 150 км. Бұл жерде бюджеттік сала мен теміржол стансасының мекемелерінен басқа жерде жұмыс жоқ. Бірақ, әрине, Маңғыстау облысының кеніштерінде вахталық жұмыстар бар. Ал стансаның жұмыссыз тұрғындары өтіп жататын пойыздарға сауда жасаумен күн көреді. Бізді тағы да облыстық әкімдіктің қызметкері мен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз еткен екі полицей қызметкері алып жүрді. Алайда сапарымыздың алдында бізді күтпеген жерден Ақтаудағы облыстық аурухананың мүрдеханасына апарды.

2443 рет қаралды


24 желтоқсан 2011

Елбасымен тілдескен Телеғұсовқа іздеу жарияланды

Бүгін, 24 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы ІІБ-де 16 желтоқсанда орын алған тәртіпсіздіктерге белсенді қатысушыларға іздеу жарияланды.

1453 рет қаралды   2 комментарий

Тете премьер Өмірзақ Шөкеев: «Президент бірнеше адамды жұмыстан шығарды. Сіздерге тағы не керек?»

Бүгін тете министр Өмірзақ ШӨКЕЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының президенті Ләззат ҚИЫНОВ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВ Ақтауда ереуілге шыққан «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшыларымен кездесті.

1408 рет қаралды


23 желтоқсан 2011

Жаңаөзеннің жан ауыртар жаралары

Журналистер тобы Жаңаөзенге аяқ басты. Бірақ бәріміз де қала коменданты мен облыстық әкімдің қызметкерлерінің аса қамқорлығы мен бақылауындағы ақпарат вакуумында жұмыс істедік деуге болады.

1667 рет қаралды   1 комментарий

ҚІІБ ғимаратына ереуілшілердің төрт өкілін өткізді

Бүгін Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының президенті Ләззат ҚИЫНОВ пен тете премьер Өмірзақ ШӨКЕЕВ жетекшілік еткен мемлекеттік комиссия мүшелері ереуілге шыққан мұнайшылармен кездесті.

1190 рет қаралды

Атырау: Жеңіс бағында жағылған шырақтар

Бүгін, 23 желтоқсан,  сағат 18.00-де Атыраудағы Жеңіс бағында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдына қала тұрғындары Жаңаөзендегі оқиға кезінде қаза болғандарға арнап 20 шақты шырақ жақты.

1304 рет қаралды   4 комментарий

Елбасы Жаңаөзен қаласын жедел қалпына келтіру мәселелерін барынша қысқа мерзімде шешуді жүктеді

Кеше Маңғыстау облысына шұғыл жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы облыс активімен кездесуден кейін Жаңаөзенге ат басын бұрды.

1224 рет қаралды

«Бұрынғы жұмысымызды қайтаруды талап етеміз»

Елбасы келгеннен кейін, бүгін 23 желтоқсанда, «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшылары қайтадан компания кеңсесінің маңына жиналды. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының тағайындалған президенті Ләззат ҚИЫНОВПЕН және Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жетекшісі Өмірзақ ШӨКЕЕВПЕН кездесуді күтуде.

990 рет қаралды

Назарбаев Телеғұсовқа: «Егер айтқаныңыз рас болса, онда кінәлілерді жазалаймыз, ал егер жалған болса, өзіңіз сотталасыз!»

Маңғыстау облысына Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ келді. Барлық аудандардан ереуілге шыққан мұнайшылар Ақтау қаласындағы түрлі кеніштерге вахталық автобустар шығатын автостансаға жиналыпты. Алайда президент олармен ақыры кездесе алмады.

1741 рет қаралды   2 комментарий


22 желтоқсан 2011

Университет ректоры Жаулин айыппұлмен жазаланды

Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде қорқытып алу жолымен пара алды деген күдікпен ұсталған Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Киікбай ЖАУЛИН бүгін сот залынан босатылды.

2577 рет қаралды   5 комментарий

Тимур Құлыбаев қызметінен босатылды

Желтоқсанның 22-і Ақтауда қала әкімдігімен кездесу үстінде президент Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қызметінен босатылатыны туралы хабарлады.

1220 рет қаралды   2 комментарий

Маңғыстау облысының әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды.

2025 рет қаралды

Назарбаев Ақтауда жұмыс сапарымен жүр

ҚазТАГ хабарлағандай, елбасы жұмыс сапарымен Ақтау қаласына ұшып келіпті.

1477 рет қаралды

Ақтауда алаңға шыққандар қамаудағыларды босатып, аза тұту күнін жариялауды талап етті

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер салдарынан болған зиян мөлшері 2 миллиард теңгеден астам. Жаңаөзенде коменданттық сағат пен төтенше жағдай әлі жойылған жоқ. Ал қамауға алынғандардың тағдыры әзірге беймәлім. Ұялы байланыс пен интернет ажыратылған. Ереуілге шыққан мұнайшылардың үкіметтік комиссиямен жасаған келіссөздерінен түк шықпады. Наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыс жалғасуда.

1578 рет қаралды

Ғаламтордағы аңыздар мен үрейлі ойлар

Осы қаралы күндері, «АЖ» сайтына (www.azh.kz) кірушілердің комментарийлерін оқып отырып, интернет-жұртшылығының санасын алдап-арбау қалай оп-оңай еді деген ойға қалдым. «Тойынған» жаңаөзендіктердің тарапына айтылған лағнет пен ызалы сөздерге қатысты емес. Қазнетті жаулап алған түрлі-түсті төңкерістер экспорты тақырыбындағы дабыра жөнінде әңгіме өрбітеміз.

1424 рет қаралды

Жаңаөзенге арналған картоп пен ұн

Облысымыз Жаңаөзенге ең қажетті азық-түліктер түрінде гуманитарлық көмек көрсетпек.

856 рет қаралды

Жастық шақтың жарқын бояулары

Қадала қараған бірнеше жұптың көзінің алдында тағы да кем дегенде төрт сағат тұрды. Дегенмен, натурашы қыз қимылсыз ұзақ уақыт бойына тұруға баяғыдан-ақ әдеттенген. Оның анадан туғандай тыр-жалаңаш тұрғанына қысылып-қымтырылуы суретші шеберханасында тіптен орынсыз екендігі белгілі. Ол өзінің  желге ұшып желбіреген  шашында ойнақтаған күн сәулесі оның өзінің әдемілігін  барынша шындыққа жанаспайтындай әсерде қалдырғандығын біліп те тұр. Оның денесінің әрбір бітімі, қырын қараған иығы, бөксенің болмысы мен білезік және солған гүлшелер секілді  ашылмаған раушан гүліндей салбыраған басының аздап  сай келмейтіндігін  ол сезіп те отыр. Алайда ол бүгін қылқалам мен кенептің басты тақырыбы.

2553 рет қаралды

Индердегі үйсіздердің халі не болмақ?

Индербор поселкесіндегі өрттің салдарынан елу шақты адам үйсіз қалды.  Қақаған қыста далада қалған ел биліктен көмек болмаса парламент сайлауына  қатыспайтындарын айтып отыр.

1262 рет қаралды

Жөнсіз жарнамаға орын жоқ

Атыраулық жеке кәсіпкер Мұрат Әділовтің қаладағы билбордтарға жарнама ілумен айналысып келе жатқанына біраз болды. Осыдан бір жылдан аса уақыт бұрын ол өзінің кәсібіне өзгеріс енгізіп, мұсылмандық дәстүрге сай келмейтін жарнамалық ақпараттарды қабылдамауды шешті. Және бұл жөнінде өзінің клиенттеріне де ескертіп, хабарламалар таратып келеді.

1239 рет қаралды

Ұлттық өнерді әлемге паш етпек

Жуырда «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында «Жерұйық» мәдениет орталығы» үкіметтік емес ұйымының тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсіміне жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, суретшілер мен қолөнершілер қатысты.

1185 рет қаралды

Аяз ата, Ақшақар және Жын мен Айдаһар

Жаңа жылға дейін аз уақыт қалды, ал біздің - ата-аналардың каникул кезінде балалардың көңілін көтеретін сауық бағдарламасын ойластыруға мүлдем уақытымыз жоқ. Тоқсандық және жылдық есепті тапсыруға үлгеру керек деп жанталасып жүргенде шыршаны қайдан ойлайсың?! Қызметтік жағдайымды пайдаланып, оқырмандар үшін және өзім үшін балалар ертеңгілігі туралы мақала дайындауды жұмыс жоспарыма енгізуге тура келді.

13100 рет қаралды

ЖИН жоқ болса - айыппұл төле!

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәліктерінде жеке идентификациялық нөмірі жоқ азаматтар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 7560 теңге айыппұл төлейді.

1017 рет қаралды

«Мейірімнің» мүмкіндігі мол

Мақат ауданындағы мүгедектерден құрылған «Мейірім» тігін цехы жұмысшысын да, тұтынушысын да қуантып отыр.

2437 рет қаралды

Тоғызыншы «Лидер» ашылды

«Ағила» сауда орталығының жанындағы №71 үйде қаладағы «халықтық» «Лидер» супермаркеті желісінің 9-шы дүкені ашылды. Оныншы дүкен де ашылады деп күтілуде, бірақ, арзан азық-түлік жеткізушінің бұған күші жетпеуі мүмкін.

1162 рет қаралды

Тағы екі балабақша есік ашты

Сейсенбі күні Атырауда бірден екі балабақша ашылды. Бірі - Авангард 2-ші ықшамаудандағы №19 «Шұғыла» балабақшасы, екіншісі – Атырау ықшам ауданындағы №5 «Аққу» балабақшасы.

1451 рет қаралды

№5 емханада кезек жоқ

Құлманов көшесінен ескі әуежайға дейінгі аумақта тұратын тұрғындарға қызмет көрсететін №5 емхана пациенттері «Кезексіз емхана» бағдарламасының артықшылықтарын Атыраудағы алғашқылардың бірі боп бағалай алды.

1117 рет қаралды

Балық инспекторлары билік бұғауына түсті

Астанадан балық шаруашылығы комитетінен келген  комиссия Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты  бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

1350 рет қаралды


19 желтоқсан 2011

Макс пен қол қоюшы бес адам жабық тұрған «Қазпоштаның» алдына жиналды

Бүгін, 19 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10-да Атыраудағы «Қазпошта» орталық бөлімшесінің ғимаратының жанына (Абай, 9) Арлан» ҮЕҰ төрағасы Макс БОҚАЕВТЫҢ БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, ЕҚЫҰ төрағасы А. Аджубалиске және ҚР президенті Н. Назарбаевқа арналған Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға қатысты үндеуіне қол қою үшін бірнеше адам жиналды. 

1453 рет қаралды   5 комментарий

Атырау алаңындағы шұғыл митинг (+ҮНДЕУ)

Бүгін, 19 желтоқсанда сағат 12.00-де Атырау қаласындағы Исатай мен Махамбет алаңында жергілікті жұртшылық, соның ішінде мұнайшылар, колледжддер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысқан митинг өтті.

2088 рет қаралды

Жаңаөзен: тәртіпсіздіктер басылды, құрбандар мен жаралылар саны көбейді

16 желтоқсан күні кеште Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктер жалғасып жатты. Ал Ақтауда полицейлер әріптестеріне ниеттестік білдіру белгісі ретінде орталық алаңға жиналған мұнайшыларды жаппай қамауға алды.

1428 рет қаралды


18 желтоқсан 2011

Жаңаөзенде ұсталған Ресей журналистері босатылды

18 желтоқсан күні Жаңаөзенде ұсталған «Лента.ру» және ИД «Коммерсантъ» журналистері босатылды деп хабарлаған «Лента.ру» сайтының тілшісі Илья Азар.

1167 рет қаралды

Шетпе: пойыз тоқтады. Жаңаөзен: 5 қаңтарға дейін төтенше жағдай

Маңғыстау облысындағы ахуал шиеленісуде. Бейресми ақпарат көздері бойынша, Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты облыс аумағында орналасқан кейбір мұнай компанияларындағы жұмысшылардың бір бөлігі жұмысқа шықпай қалыпты. Ал Шетпе поселкесінің ауданында жергілікті тұрғындар тобы жолаушылар пойызының қозғалысын тоқтатқан.

1431 рет қаралды

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың саны 13 адамға жетті

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың саны 13 адамға жетті, деп хабарлады жексенбіде Астанада Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

1145 рет қаралды   2 комментарий

Вацлав Гавел қайтыс болды

Бұрынғы Чехословакияда бейбіт төңкеріс жасап, коммунизмді құлатуда жетекші тұлға болған, белгілі диссидент драматург, Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел 75 жасында қайтыс болды.

1415 рет қаралды

Страницы:1...346347348349350351352...371

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5 6