Атырау, 19 ақпан 04:29
Таңертең ашық-5, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.42  € 400.04  P 5.66

Атырауда


Страницы:1...348349350351352353354...360

предыдущаяследующая


17 ақпан 2011

Сахна сыртындағы шебер

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр.

3257 рет қаралды

Өркениеттен тыс тіршілік

Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз.

3590 рет қаралды

Қылмыстық кодекстегі өзгерістер

5-ші ақпанда «Қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерді күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді.

Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде қандай өзгерістер болғандығын әңгімелеп беруді адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТАН өтінген едік.

3606 рет қаралды

Анасының қабірінде көз жұмған

Әйелдер колониясының жоғалып кеткен қызметкері табылды.

1396 рет қаралды

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр.

1611 рет қаралды

Тарифтер тағы құбылды

Бейсенбі күні Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің алқа мәжілісі болып өтті.

1500 рет қаралды

Кедейліктен құтылудың жаңа бағдарламасы

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» жобасының таныстырылымы болып өтті.

1277 рет қаралды

«Бота» - үміт отын жағады

«Бота» қоғамдық қоры міне, үшінші жыл тұрмысы төмен отбасылардың балаларының оқу ақысын төлеуге қаржы бөліп келеді. 7 ақпанда құжаттарды қабылдаудың жаңа кезеңі басталды.

1691 рет қаралды

Мұнайшылар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды

Таяу күндері «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының ұжымдары 2011-2013 жылдарға жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шартқа қол қойды.

1417 рет қаралды


16 ақпан 2011

Енді тұрбалар таттанбайды

15-ші ақпанда Атырау полиэтилен тұрбалары зауытында композитті металл-пластик тұрбаларды шығаратын екі желі іске қосылды.

1573 рет қаралды

Ет қымбаттауына ауа-райы себеп болған ба?

Демалыс күндеріне қарай «Дина» базарында сиыр етінің бір келісінің бағасы 1500 теңгеге дейін шарықтап кетті. Ал облыстық әкімдіктің резервіндегі арзандатылған картоп сататын сөрелер босап қалды. Базар ішінде біздің қорымызды сатып алушы басқа облыстың алыпсатарлары жөнінде қауесет жүріп жатты.

1649 рет қаралды

Әкімдік D аралындағы дауды реттеді

«Кейп» компаниясы жұмысшыларының Қашаған теңіз кенішіндегі жұмыс берушілерге қатысты еңбек дауы мемлекеттік органдар араласқаннан кейін тоқтатылды.

1364 рет қаралды

Балабақша ақысы 8 мың теңге болды

1-ші ақпаннан бастап балабақшалардағы орын үшін төлемақы 25 пайызға өсті. Бұған азық-түлік бағаларының  өсуі себеп болып отыр.

Қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлемақыны өзгерту туралы» бұйрығында айтылғандай, «үйлестірілген тағаммен қамту мақсатында» төлем енді 8000 теңге құрайды (бұған дейін 6 мың теңге болған).

5441 рет қаралды   1 комментарий

«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытылған түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы бүгінде жоғарғы билікте қызу талқылануда. Мемлекет оған көп ақша жұмсап отыр, ал шетелден білім алып келген жастар өз отандарынан жұмыс таба алмай жүр деген мәжілісмендер бұл бағдарламаға күмән келтіріп отыр. Мұндай сын баяғыдан айтылып жүр. Бұрын «болашақтағылар» шетелде тұрақтап қалады, ал өз елдерінде отандық кәсіпорындардан гөрі трансұлттық компанияларда жұмыс жасағанды жөн көреді деп бағдарламаға мін тағылған болатын.

2312 рет қаралды

Облыс прокуроры Б.Сматлаев: «Шарифолла Сайфуллин есірткі және қару-жарақпен қолға түсті»

Біздің тілшіміз Л.Гузиковтің сауалдарына Атырау облысының прокуроры Бауыржан СМАТЛАЕВ жауап береді.

2791 рет қаралды


10 ақпан 2011

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды.

1723 рет қаралды

Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе?

Жыл сайын облыстық әкімдік жанынан құрылған қор тарапынан мектеп бітірген түлектерге шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін көпшіліктің біле бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін жас түлек қандай талаптарды орындауға тиісті? Бұл жайында біз облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Асқар КЕРІМОВТЕН білмек болдық.

4301 рет қаралды

№2 емханадан балалар бөлімшесі ашылады

Бұрын тек ересек тұрғындарға қызмет көрсететін №2 қалалық емханадан кешікпей балалар бөлімшесі ашылмақ.

1371 рет қаралды

Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді.

1513 рет қаралды

Емхана таңдау мүмкіндігі шектеулі

Осыдан екі жыл бұрын енгізілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі өзінің таусылмас олқылықтарымен әлі де таңдандырып келеді. Ал, кейбір жаңалықтардың жағымсыз тұстары да бар.

2585 рет қаралды

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де...

Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен...

13026 рет қаралды   3 комментарий

Облтрансгаз орын ауыстырды

Куйбышев атындағы мектеп ғимаратына «ОблТрансГаз»КМК орналасатын болады.

1601 рет қаралды

Атыраулықтар несие сырқатына ұшыраған

2010 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша осындай тұжырым жасауға болады.

Өткен жылы дағдарыстың (және жоғары банк пайыздарының) әсерінен қазақстандықтардың несиені аз пайдаланғаны анықталып отыр. Еліміздегі жалпы ахуал осындай. Облыс бойынша жекелеп алғандағы көрініс басқаша.

1448 рет қаралды

Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді

Облыстық әкімдікте «Атырау-жасыл қала» тұжырымдамасын таныстыру рәсімі өтті.

Өткен жылғы Корея Республикасындағы Қазақстан жылдарының аясында облыстық әкімдік пен Корея елшілігі арасында корейлік мамандардың Атырау қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын жасақтайтындығы жөніндегі келісімге келген болатын. Топырақ пен өсімдіктерді зерттеумен ғалымдар Чу Ён Гю және Алекс Хон айналысты. Олар тұжырымдаманы сый ретінде тегін жасады.

3434 рет қаралды   1 комментарий

Алтынға баланған қияр

Сейсенбі күні кешкісін «Көктем» базарында қияр бағасының келісі 900 теңгеден бір-ақ шықты.

4298 рет қаралды

Көлік те жоқ, Ким де жоқ

Индер ауданындағы М. Сиранов атындағы орта мектебі айдың күннің аманында көліктен айрылып отыр. Оны жеткізуші жеке кәсіпкер ұшты күйлі жоқ болып кетіпті.

2422 рет қаралды   2 комментарий

Пауеден Сақауов: «Боец» телеарнасына шықсам деген арманым бар»

30 қаңтарда  Лос-Анжелес қаласында карате-до кекушинкай бойынша өткен АҚШ ашық чемпионатында Пауеден САҚАУОВ үшінші орынды жеңіп алып, «Ерекше техникасы үшін» деген жеке жүлдеге ие болды. Біз спортшы жігітпен және оның бапкері Таңат НҰРЫМОВПЕН кездескен едік.

1776 рет қаралды

«Махаббат кабаресі» қайталанбайды

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің орыс халық театры барлық ғашықтар күнінің қарсаңында махаббат пен романтикаға толы нағыз мереке болады деп өз көрермендеріне уәде беріп отыр. Олар «Махаббат кабаресі» атты музыкалық шоу премьерасын дайындауда. «Махаббат кабаресінде» көрермендер алдында қандай махаббат көрініс табатындығы туралы шоудың қоюшы режиссері Павел СКЛЯРЕНКОМЕН әңгімелескен едік.

2301 рет қаралды

Кешкі мектептегі күйкі тірлік

«Большая перемена» атты комедиялық фильм бәріңіздің есіңізде болар. Жұмысшы жастарға арналған кешкі мектепте әкесі мен қызы, ерлі-зайыптылар оқитын еді ғой. Тіпті аты шулы ересек оқушы Ганжаның жары өзіне мұғалім болатынын да қайдан ұмытайық. Ал өзінен дардай үлкен әрі түйдей құрдас болып келетін оқушыларының оқу үлгерімімен бірге, тәртібін түзеймін деп алысқан оқытушы ағай ше? Байғұстың әбден қиналғаны көз алдымызда... Дәл осындай оқиғаға ұқсас келетін жағдай бүгінде Атырауда да бар. Бірақ, ол кинодағыдай күлкіге құрылған емес. Күйініш пен өкініштен тұрады.

3479 рет қаралды

Шаруалар субсидияға қол жеткізді

Биыл жиырмаға жуық жылыойлық шаруалар ірі сабақты мал азығын дайындауға төленетін субсидияға ие болды.

1350 рет қаралды

Жаңа банк ашылды

Жақында Атырауда тағы бір банк - «ВТБ Қазақстан» өз филиалын ашты.

1367 рет қаралды

ҚР чемпионатына іріктеу өтеді

12-13 ақпан күндері қаламыздағы «Мұнайшы» спорт кешенінде муайтайдан ересектер арасында ҚР чемпионатына іріктеу мақсатында облыстық чемпионат өтеді.

1388 рет қаралды

Есболды ескерер кім бар?

Индер ауданы Есбол селосының тағдыры тасада қалғандай. Жұртшылық биылғы әкімнің есеп беру сайлауында жауыр болған мәселелерді тағы да алға тартқан болатын.

1770 рет қаралды

Бөрі жоқ деме

Дүйсенбі күні сағат түнгі он екінің шамасында Ақжар ауылының тұрғындары бес қасқырды атып алды. Қаладан бар болғаны он шақырым жерде қашықтықтағы ауылда түз тағысының үйірімен жүруі бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұрын бір-екеуін ғана көздері шалатын аңшылар жанұялары мен жанбағыс етіп отырған мал-жаны үшін шын қауіптеніп отырғандарын жасырмайды.

4839 рет қаралды   1 комментарий


9 ақпан 2011

Техникалық тексерудегі жаңалық жүргізушілердің жүйкесін жұқартты

Атырауда техникалық тексеруден өту әдеттегі режим бойынша жүргізілуде. Бір ғана айырмашылық енді жүргізушілер қолдарына талон орнына техникалық тексеру актісін алады.

1463 рет қаралды

Страницы:1...348349350351352353354...360

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5