Атырауда


Страницы:1...364365366367368

предыдущаяследующая


8 желтоқсан 2010

Өзбек ханның монеталары мен әжейдің жасауы

Облыстық өлкетану мұражайы қызықты жәдігерлермен толықты. Бұл туралы жұма күні брифингте мұражайдың этнография бөлімінің меңгерушісі Салтанат АБИЛОВА хабарлады.

2604 рет қаралды

Астана бюджетті қысқартып тастады

Жұма күні, 3-ші желтоқсанда облыстық мәслихаттың 25-ші сессиясы болып өтті. Көптеген басқарма басшылары мен депутаттардың көңіл-күйлерінің қошы болмады. 2011 жылдың бюджеті қомақты түрде қысқартылыпты.

1993 рет қаралды

Жаңа жылға - жаңа ережелер

Өткен аптада облыстық әкімдікте облыстағы білім беру және денсаулық сақтау саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыға салынды.

2266 рет қаралды

Құлпытастар металл сынықтарына айналды

Христиандар қорымына келген ерлі-зайыпты Шатиловтардың қайтыс болған үш туысқанының бейітінде ескерткіштердің жоқ екенін көргенде төбелерінен жай түскендей болды. Бүлікшілер, метал сынықтарын қабылдау қосынына тапсыру үшін тот баспайтын металдан жасалған ескерткіштерді зираттардан тасып әкете бастаған. Зират әкімшілігінің растауынша, Шатиловтардың басындағы жағдай орын алып тұрады екен.

2127 рет қаралды

«Аштық жариялаудан басқа амалымыз қалмады», - дейді мазасы қашқан индерлік кәсіпкерлер

Индербор поселкесіндегі «Талап» базарының сауда жасаушылары билік тарапынан қысымшылықтың жиі болуынан саудадан берекет кеткені жөнінде «АЖ» поштасына шағым түсірген болатын.

1963 рет қаралды   3 комментарий

Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ

Жаңа жылға дейін әлі де он күннің үстінде уақыт болса да, өзімізді Аяз Атаның елшісі ретінде таныстырған біз облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған №1 интернатқа, есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына аяқ басқан едік. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Барлық ниет білдірушілер осы бүлдіршіндер үшін Аяз Ата немесе Ақшақар бола алады. Белгілі бір сыйлықтар сатып алу жөніндегі өз өтініштеріңізді «Ақ Жайық» редакциясының 27-23-67 телефонына (Анастасия Пастуховаға) қоңырау шалу арқылы қалдыруларыңызға немесе podarok.dedmoroz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады. №1 облыстық интернатта 70 бала бар, олардың ішінде бастауыш мектеп жасындағы балалар саны – 26. Біз төменгі сынып жасындағы балалардың барлығынан сұхбат алдық. Ал арнайы интернатта жетімдер мен жартылай жетімдер жетеу боп шықты.

Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін азғана уақыт қалды! Барлық сыйлықтар 27-ші желтоқсанға дейін редакцияға жетсе жақсы болар еді. Сонда біз де балаларға сіздердің сыйлықтарыңызды Жаңа жылға дейін беріп үлгерер едік.

5493 рет қаралды   3 комментарий

Никотинді витаминге алмастыр

Қыс мезгілінің басталуы – студенттер үшін қызықты оқиғамен есте қалды. Атыраулық үш жоғарғы оқу орындарының аумағында белгісіз біреулер алма таратып жүрді. Кейінірек анықталғандай, қызыл алмаларды кез-келгенге емес, тек шылым шегетіндерге ғана беріпті.

1739 рет қаралды   1 комментарий

Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық»

Ержан ЖҰМАТОВ – облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актері. Ол ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» пьесасы бойынша құрылған спектакльде қазақ вальсінің королі Шәмшінің рөлін сомдады. Жақында оның жеке шығармашылық кеші өтті. Бір көрермен әзіл мен лирикаға, махаббатқа толы бенефисте: «Ержан десе Шәмші ағамызды, Шәмші аға десе Ержанды еске түсіретін болдық» деді. Олай болса, біз актермен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

4116 рет қаралды   1 комментарий

Сарбаздар борыштарын өтеуге аттанды

Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін жүз елуден астам қала тұрғыны биылғы күзде еліміздің түкпір-түкпіріне аттанды. Бір жылдан кейін жігіттер шекарашылар, десанттар және танкистер боп оралмақ.

1823 рет қаралды

«Бекет ата» кітабы орысша шықты

Өткен жұмада облыстық филармонияда журналист Гүлжан Елешова аударған «Бекет Ата» кітабының орыс тіліндегі нұсқасының таныстырылымы өтті.

3555 рет қаралды


6 желтоқсан 2010

Салық төлемдерінің оңайлығы рейтингінде Қазақстан ТМД аумағында көшбасшы болып отыр

Қазақстан салық төлемдерінің оңайлық рейтингінде әлемде 183 елдің ішінде 39-орында тұр.

3138 рет қаралды   2 комментарий


3 желтоқсан 2010

Назарбаев: Басқа ұйымдармен ықпалдастықты нығайту ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады

Қарама-қайшылықты шешу, сенім мен ықпалдастықты нығайту таяудағы он жылға ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады, деп есептейді Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

2137 рет қаралды

Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті қорытынды құжатты қабылдады

Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті қорытынды құжатты қабылдады.

«Құжат жобасы бойынша ымыра бар деп санай аламын ба?  - Қарсылық жоқ. «Қоғамдастық қауіпсіздігі алдында» Астана декларациясының қабылданғандығы туралы жариялаймын. Бұл біздің халқымыздың үздік қауіпсіз әлемге жауап беретін жалпы тарихи жетістігіміз», - деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.

3293 рет қаралды

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

13 желтоқсанда сағат 15.00-ден16.00-ге дейін «Ақ Жайық» газетінің форумында www.azh.kz «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Ержан Қыдырәліұлы ОМАРОВПЕН онлайн-конференция өткізіледі. Жазылу науқанына қатысты және облыстағы пошта бөлімшелерінің жұмысы туралы барлық сұрақтарыңызды 27-23-68 телефонына сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Зульфия Искалиеваға қоюларыңызға немесе editors@azh.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.

1386 рет қаралды


2 желтоқсан 2010

Қызылқоға қидан құтылған жоқ

Атыраудан 300 шақырым шалғай жатқан Қызылқоға ауданына газ тартыла бастағаннан кейін бұл саладағы проблемалар артта қалды деген пікір қалыптасқан. Сөйтсек, күрмеуі келмейтін қиын мәселе нақ осы салада болып шықты. Жиырма мың теңгемен қалт құлт етіп, әзер күн көріп отырған көптеген отбасылардың көгілдір отын жағатындай жағдайы жоқ.

3170 рет қаралды   1 комментарий

Иркутскден Иерусалимге жаяу тартты

Отставкадағы милиция майоры, бұрынғы табысты адвокат, ал қазіргі Иркутск казактар әскери жасағының есаулы Владимир БРАГИНЦЕВ жаяулатып үш мыңнан астам шақырым жерді жүріп өткен. Ол жолда көптеген әпенділерді-марафоншылар мен велосипедшілерді кездестірді, олардың барлығының өз мақсаттары мен міндеттері бар. Ал, Владимир Федорович Иркутскден Иерусалимге қажылыққа бармақшы. Және ол  бұл Қасиетті жерге жаяу жетпекші...

1784 рет қаралды

Борышкерлерге «жандары ашыпты»

Атырау қалалық прокуратурасында сот орындаушыларының қызметтерін тексеру жөнінде қорытынды жасалды.

Брифингте қала прокурорының көмекшісі Жансая ИМАНҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, биылғы жылдың 11 айы ішінде қадағалаушы орган осындай 23 тексеру жүргізген. Олардың нәтижелері бойынша заңның бұзылғандығын жою туралы 123 ұйғарым мен 27 жазбаша ұсыныс енгізілді, сот орындаушыларының заңға қайшы жеті қаулысына наразылық білдірілді.

1569 рет қаралды

«Жаңа жылдық сыйлық» темір тордан аса алмады

Колония қызметкерлері түзету мекемесіне спирттік ішімдіктер мен есірткінің көп партиясын жолдау әрекетін құрықтады.

Өткен сенбі күніколонияның маңынан күдік тудырған «Фольксваген» маркілі автокөлігі көзге түскен. Ол көліктің жүргізушісі көп ұзамай-ақ, қоршау арқылы пластик бөтелкелерді лақтырып жатқан жерінен ұсталды.

1724 рет қаралды

Ресей сәл үзілістен соң зымыранды өзінікі деп мойындады

Бір апта бұрын Атырау облысының аумағына түскен «белгісіз ұшқыш аппараттың» сынықтары Волгоград облысында орналасқан ресейлік зымыран бөлімшесіне тиесілі екен.

«Ақ Жайыққа» Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент дереккөздерінің хабарлауынша, құлаған сынықтар Волгоград облысының Ахтуба қаласына жақын маңда орналасқан әскери бөлімшелердің біріне тиесілі «В-П» бұйымының бөлшегі боп табылады.

2027 рет қаралды

Миялы-Сағыз тас жолы келер жылы бітпек

Қызылқоға ауданында газбен қоса жол жөндеу жұмысына биыл қыруар қаржы бөлінген болатын.

Миялы селосында айналмалы 4 км. жол күрделі жөндеуден өткен еді. Бірақ селода жөндеуге сұранып тұрған жолдар көп. Жаңа жолдар салу да кезек күттірмейтін міндет.

4566 рет қаралды   1 комментарий

ЕҚЫҰ саммиті Астананың ақ боранымен басталды

Астанада көп күттірген саяси оқиға - ЕҚЫҰ саммиті өтуде. Ұйымға төрағалық етуші Қазақстан 11 жыл өтпеген саммитке барлық мемлекет басшыларын жинай алмады. Шақыртылған 55 президенттің 28-і ғана Астанаға келді. Қалған елдердің делегацияларын үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері, вице-премьерлер, тіпті салалық министрлер бастады. Ал үлкен жиырмалық елдерінен екі мемлекеттің - Германия мен Италияның басшылары ғана саммитке келді.

3481 рет қаралды