Атырау, 20 маусым 03:25
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 339.95  € 392.64  P 5.30

Басқа жаңалықтар


Страницы:1234...238

предыдущаяследующая


9 қаңтар 2017

Хабарландыру беру кезінде 40% үнемдей аласыз

azh.kz сайтындағы жеке кабинетіңізде шотыңызды келесі жолдармен толтырыңыз да:

- арнайы бланк толтырып, «АЖ» қабылдау бекеттерінде,

- QIWI терминалдары арқылы

- кез келген банктің кәртішкелері арқылы

Енгізген сомаңызға бонус +40% алыңыз!

22928 рет қаралды


19 маусым

Үш соқаның арасында адастық

Қала сыртындағы Водниково ауылында тіреуі бел ортасынан сынған бетон электр желісі бағанасының тұрғанына бірнеше жыл болған. Алайда бұл тек жергілікті тұрғындарды ғана мазалауда.

190 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 3

15 маусымда Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде кәсіпшілікпен балық аулау үшін тыйым салу аймақтарын белгілеу туралы бұрын қабылданған бұйрығы күшіне енді.

507 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Оқиғалар тізбегі

16 маусымда күндіз Мақат ауданындағы Доссор кентінде «BMW» көлігі өртеніп кетті. Өрт салдарынан жақын маңдағы үйдің сыртқы қаптамасы бүлінген.

243 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Лаванда мен бизон жоқ, Индер сиырлары қоқыс жеп жүр    

Атырау облысы Индер ауданының орталығында 14 мыңға жуық адам тұрады. Қалаға теңестірілген кенттің көше тазалығымен екі мекеме айналысады. Алайда, өкінішке орай, бұл нәтиже бермей тұр. 

1037 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


18 маусым

Үш басқарма құрылды

Атырау облысының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы үш дербес - ауыл шаруашылығы, ветеринария және балық шаруашылығы басқармалары болып қайта құрылды. 18 маусымда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өз аппаратының қызметкерлеріне екі бөлімшенің басшыларын таныстырды.

572 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сырқат сырттан келеді

Атырау облысында жыл басынан бері ВИЧ індетін жұқтырған 5 адам анықталды. Олардың барлығы жыныстық қатынас арқылы жұқтырған, - деп хабарлайды жергілікті ЖИТС (СПИД) орталығынан.

302 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Жүру түгіл тұруды үйренбеген

12-17 маусым аралығында Атырау облысында «Такси» алдын-алу шарасы барысында 231 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мәселен, патентсіз жеке тасымалмен айналысатын 45 жүргізуші ұсталды, ал 122-сі көлік құралдарын тоқтату немесе тұратын орын ережелерін бұзған. Газель мен автобустардағы әріптестері де олардан қалыспайды.

562 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Шығарындылар шығару үшін ауа райын күтпейді

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Қадыржан АРЫСТАН көктемде Атыраудың ауа сапасына жасалған мониторинг қорытындысы бойынша АМӨЗ-ге, Атырау ЖЭО-ға және «Батыс Петролеум» ЖШС-не қатысты айыппұл санкциялары қолданылды деп хабарлайды. Өкінішке орай, айыппұлдар сомасы редакция сауалына берілген жауапта көрсетілмеген.

193 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

«Жер игерілмесе, кері қайтарылады»

Жыл басынан бері Атырау облысында жер учаскелерін заңсыз иемденіп алған және өз мақсатында игермей отырған 87 жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 10 миллионнан астам теңге айыппұл салынған. Бұл туралы жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия ҚҰРМАНОВА брифингте айтты.

676 рет қаралды   1 комментарий


17 маусым

Той тартусыз болмайды

Астананың 20 жылдығы мен Назарбаевтың туған күнін тойлауға  (кездейсоқ сәйкестік - ҚР Жоғарғы Кеңесі астананы көшіру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған еді, оның тұсаукесері 4 жылдан соң кесілді) Атырау облысы сыйлық дайындауда.

490 рет қаралды

«Қарызы бар ма, сотқа бер»

Көптен күткен қала шетіндегі Балықшы ықшамауданы үйлерін орталық жылу жүйесіне қосу, «Арнайыавтобазаның» әлеуметтік желілерге өкпесі және тағы да басқа мәселелер Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ коммуналдық қызмет басшылары мен ПИК төрағаларымен бірге өткізген, 2018-2019 жылу беру маусымына дайындыққа арналған жиналыста талқыланды.

463 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


15 маусым

Қате диагноздан бір омырауды кесіп тастап, 6 млн төлейтін болды

Атырау тұрғыны У. №2 қалалық емхана мен облыстық онкологиялық диспансерге қатысты 3 млн 422 мың теңге көлемінде тигізілген материалдық шығындар мен 20 млн теңге көлемінде тигізілген моралдық зиянды өтеу туралы сотқа талап арыз берді. Сот шешімі бойынша ол 6 миллион 130 мың теңге алатын болды.

710 рет қаралды   1 комментарий

Асфальт қайда төселеді?

Әкімдік «Атырау қаласындағы автокөлік жолдарының құрылысы» жобасын  жүзеге асыруға 9 млрд теңге бөлді.

812 рет қаралды   4 комментарий

Қарақшылық үшін - шартты мерзім

№2 Атырау қалалық соты ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша үкім шығарды. Айыпталушылар орындығында биылғы жылдың наурызында «СинОйл» жанармай құю бекетінде қарақшылық шабуыл жасаған 27 жастағы жігіт пен оның 24 жастағы қайнысы отыр.

112 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Оқиғалар тізбегі

14 маусымда Индербор аудан орталығында Жайыққа жергілікті колледждің 18 жастағы студенті батып кетті. Дене судан шығарылды. Өткен жылы өзеннің осы жерінен 5 адам ажал құшқан болатын.

571 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Жол ортасына сымарқан тартылады

Атырау қалалық бюджетінен Әбілқайыр хан даңғылының (әуежай трассасы) ортасына сымарқаннан қоршау жүргізу үшін 143 млн теңге бөлінді.

780 рет қаралды   1 комментарий

Өмірлері өнерде тоғысқан

Астана қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен республикалық «Жұлдызай» фестивалінде атыраулық «Өмір гүлі» шығармашылық орталығының «YOUNG STARS» вокалды-аспапты ансамблі «аспапта орындау» номинациясы бойынша ІІІ орын алды. Ансамбльдің барлық қатысушылары дипломмен бірге ұялы телефондар сыйға алды. 

329 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


14 маусым

Құмдағы снарядтар

13 маусымда Атырауда 102 пультіне қала маңындағы Контейнерный ықшамауданының тұрғынынан соғыс снарядын тауып алғаны туралы хабарлама түсті.

488 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

«Ана тілім абыройымды арттырды»

Фармацевтика саласындағы табысқа жеткен кәсіпкер Қанат ТАСЫБЕКОВ 51 жасында бизнесін зайыбына табыстап, өзі қазақ тілін үйренуге бел шеше кірісті. Бір жылдан соң қазақша сөйлеп, екі жылдан соң өзінің қалай үйренгені туралы алғашқы кітабын жазды. Енді таныла бастаған тіл тәлімгері бизнесін жоғалтқанымен, өзіне және өміріне дән риза. Жақында Атырауға келген сапарында ол «АЖ» тілшісімен кездескен еді.

815 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


13 маусым

Химпоселок не сұрайды?

- Егер бұл жерде өмір сүру қиын екенін білсек, Атыраудың бұл ауданынан ешқашан жер телімін алып, үй салмас едік, - дейді «АЖ» редакциясына хабарласқан Химпоселке тұрғындары. Олар көшелерде жарықтың, балалар алаңдарының, қоғамдық көліктің жоқтығына, тәулік бойы мүңкіген иіске және қаптаған маса көп екеніне шағымданды.

528 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Қармақтың тармағына шектеу жоқ

16 маусымда әуесқойлықпен балық аулау маусымы ашылады. Ереже бұрынғыша: бір шыққанда 5 қармаққа 5 келіге дейін тегін аулауға рұқсат етіледі. Бірақ балық аулау құралдарын сататын бутиктердің бірінің сатушысы қазір қосарланған және кіріктірілген ілмектерге тыйым салынғанын ескертті. Осы және басқа да мәселелер бойынша «АЖ» тілшісі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВКЕ жүгінді.

472 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Еңбектің зияны жоқ

2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымы  12 маусымды балаларды құлдыққа салу, ауыр, заңға қайшы жұмыстарға тарту сияқты бала еңбегін қанаумен күрес деп жариялады. Ал «қарапайым» жұмыстарға келсек, көп адамдар балаларды еңбекке үйрету – дұрыс деп есептейді. 

259 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


12 маусым

Атырау облысы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 12  маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев  аудандық мәслихат депутаттарына өз еркімен лауазымын босатқан Сырым Рысқалиевтің орнына аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды. 

1112 рет қаралды   2 комментарий


13 маусым

Зорлап шақыру

«Ақ Жайық» газетінің журналисі Мұрат Сұлтанғалиев осыдан 8 жыл бұрын Атырауда адам өлтірген Тараздың тұрғынына қатысты сот үкімі шыққаны туралы мақала жазған. Журналист өз мақаласын жазған кезде Атырау облыстық соттың баспасөз хабарламасына және осы мекеменің баспасөз қызметкерінің «сотталған адам кінәсін мойындап, полицияға өзі келді» деген нақытылауына сүйенген.

524 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


12 маусым

Ауылда кене көбейіп тұр    

Индер ауданының тұрғындары «АЖ» редакциясына мал өрісінде таскенелердің қаптап кеткенін, олардың малмен ілесіп ауылға кіріп жатқанын хабарлаған еді. Көктем мен жаз кенелердің белсенді кезеңі болғандықтан тұрғындар зиянкестерден ауру тарай ма деп қауіптенеді.

665 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сотты қылған жалғыз оқ

Атырау облысында Құрманғазы аудандық соты аудан орталығының 21 жастағы тұрғынына ҚР ҚК 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену») бойынша үкім шығарды.

638 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Құлсарыға жол салынады

Ағымдағы жылы құны 3 млрд 33 млн теңге болатын «Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының қалаішілік көлік жолдарын қалпына келтіру (1-кезең)» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталады.

491 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Ақша үшін қызмет және қызмет орнына ақша

ҚР Қорғаныс министрлігінің Атырау облыстық департаменті өткізген брифингте келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімінің бастығы Марат ІЗМАҒАМБЕТОВ әскери қызметке жасы 19 бен 30 жасқа дейінгі азаматтар қабылданатынын айтты.

503 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Мәдениет үйінің мұнаралары  

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы 2017 жылы құрылысы басталған 400 орындық мәдениет үйінің жұмысы іргетасы қаланған күйі тұрып қалды. Бүгінде ол жерде күзетшіден басқа жанды кездестірмейсің. Ал мәдениет қызметкерлері көптеген жылдардан бері жергілікті мектептің бір бөлмесінде отыр.

465 рет қаралды   1 комментарий


11 маусым

Малдың қырылу себебі анықталмады - 2  

«АЖ» редакциясына Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты шаруа қожалығының жетекшісі Сәбит ҚУАНЫШҚАЛИЕВ қоңырау шалып, бірнеше жылқысының өлгенін хабарлады. 

1105 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Өтпелі кезең  

Мұнайлы астананың әкімдігі бес жерүсті жаяу жүргінші өткелін салу үшін 664 млн теңге бөлді. Өткелдерге қатысты хикая  көп уақыттан бері жалғасып келеді. Жобаны қаржыландыру ертерек басталғанымен, кезекті басшы қаражаттарды жымқырып, бұл жұмыстар кешеуілдеген болатын.

1077 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Көкөністер бағасы тұрақтанды ма?

Өткен жылдың күзінде Атырау облысының тұрақтандыру қорына 1 мың тоннаға жуық көкөніс сатып алынды: бұл көлемнің жартысын картоп, 250 тоннасын - пияз, 100 тоннасын қырыққабат пен сәбіз құрайды.

328 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Страницы:1234...238

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5 6