Атырау, 29 мамыр 16:22
Кешке ашық+13, түнде +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 311.59  € 349.39  P 5.50

Сұрақ-жауап


Страницы:1234...35

предыдущаяследующая


25 мамыр

Сақалға шектеу жоқ

– Қалың сақалым бар, оны өзіме үйлеседі деп есептеймін. Автомектептегілер егер сақалымды алып тастамасам, емтиханға кіргізбейтіндерін және жүргізуші куәлігін бермейтіндерін айтады. Автомектеп әкімшілігінің бұл талабы заңды ма?

148 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Демалыс тараптардың келісімімен беріледі

– Фирмада бар болғаны 6 ай жұмыс жасаған болсам, еңбек демалысына шығуға құқығым бар ма? Бұл жағдайда демалыс төлемдері қалай есептеледі?

azh.kz сайтынан

148 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Асфальт әзір болмайды

– Атырау-2 ықшамауданындағы Есенбаев көшесі қашан асфальтталады? Біздің ықшамауданда асфальт төселмеген 4 көше бар.

114 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


18 мамыр

Зейнетақы көп болса жәрдемақы берілмейді

Біз бір пәтерде үш адам тұрамыз. Мен зейнеткермін, қызым ІІ топ мүгедегі әрі жалғызбасты ана және оның 8 жасар қызы бар. Қызым 41 мың теңге мүгедектік жәрдемақысын алады. Балаға 18 жасқа толғанша жәрдемақы алу үшін тоқсан сайын бір рет құжаттар тапсырады. Оның табысы азық-түлік себетінің құнынан асып кетеді деген негізбен оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартып отыр. Ал мен азық-түлік себетінің мөлшері 24 мың теңгеден асады деп естідім. Ендеше екі адамға 48 мың теңге шамасында болуы тиіс қой. Ал менің қызым бұл сомадан аз алады. Әлде олар менің зейнетақымды да есептеп отыр ма?


272 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Әр сәбидің өз несібесі бар

– Бір айдан кейін декреттік демалысқа шығамын. Сәбиім тамыздың аяғында дүниеге келуі тиіс. Өзім жеке фирмада жұмыс жасаймын. Осыған байланысты – сәби дүниеге келгенде қандай жәрдемақы тиесілі – тек менің кәсіпорнымнан ба әлде мемлекеттен де жәрдемақы беріле ме?


276 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Көршілер келіспеген жағдайда

– Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?.. 

231 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Мұғалімдер жеке кәсіпкерлікпен айналыса алады

- Мектепте жұмыс жасайтын мұғалім Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып, оқушыға сабақ үйретуші (репетитор) болып қызмет атқара ала ма? Мектептегі жұмысымен қатар осы қызметпен айналысуға рұқсат етіле ме? Мектепте өзі сабақ беретін оқушыларына қосымша сабақ үшін ақы алуға бола ма?

265 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Жер телімін сатып алсаңыз, кезегіңіз жойылмайды

2007 жылы жер телімін алуға кезекке тұрдым. 2011 жылы жер сатып алып, үй салдым. Осыған орай маған мемлекеттен тегін жер телімін беруден бас тартпай ма? Егер бас тартатын болса, мен өз кезегімді ұлыма ресімдей аламын ба?

272 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


13 сәуір

Фармацевт қателессе, жауап береді

– Екі айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Дәрігер маған үш препарат тағайындап, рецепт жазып берді. Мен барған бірінші дәріхана маған бір дәріні сатты, рецептіде көрсетілген басқа екеуі оларда болмай шықты. Мен басқа дәріханаға бардым, ол жердегілер маған үш дәрі-дәрмек беріп, бірінші дәріханада маған рецептіде көрсетілмеген басқа дәріні бергенін түсіндірді. Тексеру үшін мен айналадағы бүкіл дәріхананы шарлап шықтым. Фармацевтердің барлығы бірінші дәріхананың маған басқа препаратты сатқанын растады. Алайда, рецептіні қате оқыған фармацевт дәрі-дәрмекті алмастыруға және қайтаруға болмайды деген негізбен ақшамды қайтарудан бас тартты. Мен келісер едім, бірақ, сөреден тауарды менің өзім алғаным жоқ қой. Маған дәрі-дәрмекті фармацевтің өзі берді және қателікті ол жіберді. Фармацевтің әрекетіне қатысты қайда шағымдануға болады?

673 рет қаралды

Балалар және таблеткалар

– 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмектердің берілуін кім және қалай тексереді? Дәрі-дәрмектердің берілуі әлдебір журналға белгіленуі тиіс пе, бәлкім, оларды алған кезде ата-аналар қолдарын қоюы тиіс шығар? Менің екі балам бар. Тегін рецепт бойынша бірде-бір тегін дәрі-дәрмек алып көрген емеспін. Бәлкім, ешқашан оларды сұрап көрмегендіктен шығар. Бірақ, біздің учаскелік дәрігерлер бұл дәрмектердің бізге тиесілі екенін біледі ғой. Мен емханаға тіркелгенмін, бір жерлерде осы жастағы балалардың есебі жүргізілетін шығар, қажетті дәрі-дәрмектер берілетін болар. Олар қайда кетіп жатыр? 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға қандай дәрі-дәрмектер тиесілі?


660 рет қаралды


2 наурыз

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады.

1039 рет қаралды

Депутат үнсіздігі

Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына, менің пікірімше, "Қазақтелекомның", менің пікірімше,  заңсыз әрекеттері туралы шағымдандым. 2015 жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» абоненттері кәсіпорын қызметін тікелей төлей алмайды және әр төлемнен қосымша 2 және одан да көп пайыз ұстап қалатын терминалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Менің бірінші шағымым қалалық мәслихат депутаты М.Шырдабаевқа жіберілген. Мен оның қабылдауында болдым. М.Шырдабаевтың жауабын күтпестен «Нұр Отанға» тағы да шағымдандым. Мені А.Салиховқа жолдады. Бұл жолы да үнсіздік орнады. Үшінші жолы мені депутат А.Ташлыковқа жіберді. Олардың барлығы да әрқайсысы ресми түрде тіркелген жазбаша шағымды қарауға уәде берді. Бірде-біреуі сөздерінде тұрмады.

847 рет қаралды

Пациенттердің көші-қоны

Емханалар тұрғындарды бекіту акциясының басталғаны туралы жариялаған кезде мерзімдерін ескертеді. Соңғы рет, 2016 жылы, мәселен, бізде емханада 15 қазан мен 15 қараша аралығында мерзімдері көрсетілген хабарландыру ілініп тұрды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы, мен емхананы жылына неше рет ауыстыра аламын және мұны қандай мерзімде жасай аламын? Айталық, қазір мен бір емханаға тіркелгенмін, ал наурызда басқасына кеткім келсе ше? Әлде тұрғындарды тіркеу жүргізілетін белгілі бір мерзім бар ма?

831 рет қаралды

Денсаулық сақтауға арналған жүйе

Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды?

1005 рет қаралды


16 ақпан

Жылу берушілердің ізгі көмегі

– Ыстық сумен қамту жүйесінен лас су келіп тұр. Жылу жүйелері кәсіпорнының диспетчері жүйеде қысымның түсіп кеткенін айтады. Ақау қашан жойылады?

845 рет қаралды

Сыйақы тиесілі ме?

«Өрт сөндіруші» АҚ басшысының бұйрығы бойынша біздің мекеме штаты 2016 жылдың 31 желтоқсанында қысқартылды. 25 күн үшін тиесілі өтемақыны алдық. Алайда, кейін штатта қалған қызметкерлер 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы алды. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге бұл сыйақы тиесілі ме? Өйткені, біз 2016 жыл бойына толық жұмыс жасадық қой. 


736 рет қаралды

Сақтандыру құжатының маңызы зор

- Біздің 83 жастағы көршіміз - Ресей азаматы. Бірақ, Атырауда тұрақты мекенжайға тіркелген. Бірде-бір қалалық емхана оны есепке алмайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?

1046 рет қаралды

Желідегі мазасыздық

Біздің көршілеріміз өз жер телімдерінде ұялы байланыс антеннасын орнатты. Оның есесіне енді біздің үйіміз бірде-бір желіге қосылмай қалды. Бұл заңды ма? Мұндай антенналардың денсаулыққа қаншалықты зияндығы бар? 


786 рет қаралды


9 ақпан

Ауруханаға жату оңай емес

- Бізде ауруханада жатып ем алу неліктен үлкен проблема? Жағдайы ауыр адамдарға амбулаториядан көмек алуды ұсынады. Алайда, мұндай жағдайдағы адамның емханаға бара алмайтындығы, ол жерде алдымен дәрігерге, содан соң таң атпай ұзын-сонар кезекке тұрып, анализ тапсыра алмайтындығы түсінікті. Шақыртуға келген жедел жәрдем мамандары пациенттерге: қазір сізге дәрі егіп,  қан қысымын төмендетеміз, бірақ, ол кезде аурухана сізді қабылдамайды немесе өміріңізге қауіп төндіріп, ауруханаға апарамыз, деп таңдау жасататын жағдайға дейін барады. Сөйте тұра ауруханалардың бос тұрғанын, оларды қайтадан оңтайландырып, кереуеттерді қысқартып, көппрофильді мекемеге айналдыру керектігін айтады.

669 рет қаралды

Көзілдірігіңіз қайда?

– Мен мерзімі өтетін жүргізуші куәлігімді жаңарту үшін медициналық анықтама ресімдедім. Барлық мамандардан медициналық қорытынды алып, мөр соқтыру үшін ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) кабинетіне әкелдім. Бұл ресімдеудің соңғы бөлімі. Алайда бұл кабинеттегі маман фотосуретке менің көзілдіріксіз түскеніме сілтеп, мөр басудан бас тартты. Ал офтальмологтың қорытындысында «көзілдірік-пен жүргізуге жарамды» деген мәлімет бар. Яғни, ол жаңартылған куәлікке қажетті медициналық анықтама үшін қайта суретке түсуге міндетті екенімді айтады. Мен көзілдірік кимеймін, линза қолданамын. Емхана қызметкерінің мұндай талап қоюға құқығы бар ма?

615 рет қаралды


2 ақпан

ЕурАзЭО-мен тең

Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.
azh.kz сайтынан

298 рет қаралды

Жол белгілерінің «тілі»

– Неліктен халықаралық трассаларда ақпараттық қалқандар ағылшын және қазақ тілдерінде ғана орнатылған? Неліктен орыс тілінде жоқ?

324 рет қаралды


12 қаңтар

Сот орындаушысына қолайлы

– Неліктен сот орындаушылары ештеңе жасамай-ақ, өз қызметін төлеуге мәжбүрлейді? Мен мойнымда айыппұл бар-жоғын тексеруді ұйғарып, ЖПҚ-ға барып, бір айыппұлым бар екенін білдім. Төлегім келген, бірақ, мені сот орындаушысына жіберді. Ол айыппұлға қоса, оның «қызметі» үшін тағы 5 мың теңге төлеуге тиіс екенімді мәлімдеді. Ол мені іздеген жоқ, ешқандай жұмыс істемеді. Мен өзім келдім, сонда не үшін төлеуге тиіспін?


501 рет қаралды


15 желтоқсан 2016

Препаратпен толық қамтылған

Анам Сәуле Құбаева №1 емханада эндокринологтың есебінде тұр. Ол жыл бойына өзіне тиесілі дәрі-дәрмектерді: сиофор, амарил және басқаларын толық ала алмайды. Оған 1-2 қораптан 3 рет дәрі-дәрмек берді. Бұл тек бір айға ғана жетеді. Емханадағы дәрігерлер дәрі-дәрмектердің медицина мекемесін қажетті көлемде қамтымай отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың кінәсінен берілмей отырғанын айтады...

424 рет қаралды

Асфальт бір жылдан кейін салынады

2010 жылы көршілес Темірханов пен Типографическая көшелері асфальтталды. Ал біздің көше мен Вагонный өткеліне ол кезде, шамасы, ақша жетпеген секілді. Тұрғындар осы уақыт бойына хат жазып, қалалық әкімдік кабинеттерінің табалдырығын тоздырып келеді. Биыл бізге жобалау-сметалық құжаттаманың әзір екенін, жобаның таяу уақытта «НКОК Н.В.» компаниясының қаржысына жүзеге асырылатынын айтқан еді. Асфальттау жұмыстары қашан басталады?

357 рет қаралды


10 қараша 2016

Бағдаршамдар тапшылығы

Біріншіден, Атырау-Доссор трассасынан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу қауіпті. Әкімшілік полиция басқармасы өткен жылы осы жерде бағдаршам орнатуға уәде берген еді. Ол қашан орнатылады?

556 рет қаралды


3 қараша 2016

Сізге сәлемдеме бар!

Кедендік акциздер салынбайтын қандай салмақтағы жүкті Қазақстанға алыс шетелден поштамен жіберуге болады? Поштамен жіберілетін тауардың бір түрі қандай мөлшерде болуы мүмкін?

452 рет қаралды


27 қазан 2016

Техникалық тексеруден өтуі тиіс

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу және қайта жоспарлау саласында процедуралардың жеңілдетілгені туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда: егер бұрын ішкі қабырғаның қалыңдығын 5 сантиметрден қалың етіп қайта жоспарлау үшін өкілетті органның (сәулет, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының) келісімі қажет болса (онсыз техникалық тексеру жүргізу қызметі көрсетілмейтін), енді негізгі арақабырғаларды қайта жоспарлаған жағдайда ғана оны заңдастыру қажет болады.

504 рет қаралды


8 қыркүйек 2016

Әуелі смета, сосын асфальт

Біз Өркен-2 ықшамауданының 5-ші көшесінде тұрамыз. Жол құрылысы бойынша жұмыстар қандайма бір себептермен тоқтап қалды. Біздің көшеде асфальт қашан пайда болады?

596 рет қаралды

Ақша болса, үй күреледі

Менің сұрағым Алтай көшесі, 7-үйге (көшеде барлығы сегіз пәтерлік бес үй бар) қатысты. Бұл тозығы жеткен үй 1952 жылы салынған, жөндеу көрмеген. Өткен жылы бұрынғы қала әкімі Н.Ожаев біздің үйдің тұрғындарымен кездесіп, үйлеріміздің жақын арада күрелетінін, ал бізді көшіретінін айтты. Бізді көшіре ме, жоқ па? Бұл мәселе қашан шешіледі?

570 рет қаралды

Жаңа маршруттар қажет

Мечников – Баймұқанов көпірімен Атырау ықшамауданынан қала орталығына қарай, мәселен, Балықшы поселкесіне дейін жүретін автобус маршрутын шығара ма? Қазір бұл көпірдің үстімен жалғыз №11 автобус маршруты (Жұмыскер – «Дина» базары) өтеді. Бірақ бұл жеткіліксіз.

582 рет қаралды


11 тамыз 2016

Жол жиегіндегі көлік

Күн сайын Құлманов көшесіндегі жол жиегінің екі жағына да (ТШО мен «Іскер» компаниясы ғимараттарының арасындағы шаршыда) көліктер қойылғанын көруге болады. Бұл көліктердің көпшілігі Атырау қалалық ІІБ қызметкерлеріне тиесілі. Осылайша қойылған көліктер бұл учаскедегі қозғалысты, әсіресе, қарбалас уақытта көлік қозғалысын көп қиындатады.

703 рет қаралды

Жұмыс беруші міндетті емес

Ашық бос орындарға үміткерлермен сұхбаттасу кезінде кейбір жұмыс берушілер есептен шығару хаттарын талап етеді. Осыған қатысты сұрағым бар. Бізде Атырауда ТШО, НКОК және т.б. компаниялардың жобаларына жұмылдырылған компаниялар көп. Бір компаниядан екіншісіне (немесе клиент компанияға) көшу кезінде жұмыс беруші көбінесе ағымдық компания басшылығынан басқа фирмамен келіссөздер жүргізу келісімін растайтын «есептен шығару хатын» талап етеді.

631 рет қаралды

Жер теліміне бақылау жасалады

– Біздің қалада жеке сектордағы жер телімдерінің, коммерциялық құрылыстар мен жалғамаларды рәсімдеу кезінде алынған үй аумақтарының шекарасына қадағалау жасайтын мекемелер бар ма? Жер телімдеріне кадастрлық төлқұжаттарда көрсетілген мәліметтерді нақты шекаралармен салыстырып, бақылау жасайтын кім?

669 рет қаралды


21 шілде 2016

Орынсыз талап

Банкке жұмысқа орналасқан кезде менен сауалнама толтырып, ата-анам мен балаларымның мекен-жайын көрсетуді өтінді. Жұмыс берушінің талабы заңды ма?

641 рет қаралды

Страницы:1234...35

предыдущаяследующая



1 2 3 4 5