Атырау, 22 маусым 06:53
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Ол соғыстан оралған жоқ

8 қаңтар 2015 00:00

Үрімнің немересі - Мұхтар ШәкіровҮрімнің немересі - Мұхтар ШәкіровКеңес жауынгері Үрім ШӘКІРОВТІҢ қабірі 70 жылдан кейін Хорватиядан табылды.

АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ, СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ

1942жылдың қаңтар айы. Айнала боран соғып, күн алай-дүлей. Бақандағы жас келіншек Сәли ыңырсиды келіп. Ернін қыршып тістеп алған. Қиналып жатыр, қара тер моншақтап ағады. Бір кезде «шар» еткен сәбидің үні естілді. Соғысқа жиналып жүрген Үрімнің қобалжыңқы көңіліне әдемі жымиыс енген. Дүниеге келген сәбиінің қуанышы басқа қайғыны уақытша ұмыттырғандай.

- Уа, ақсарбас, ұлың келді дүниеге, атын қойып кет, - деп шуласты жеңгелері Үрімді ортаға алып.

Қызылшақа ұлын емірене иіскеген әке «есімі Играшин болсын» деді (өзінің досы Игорьдің құрметіне қойылған).

Бір күнде қос ұлын - Үрім мен Түрікпенбайды қан майданға шығарып салған Шәкір ақсақал мен кемпірі және Сәли жыламсырап қала берді. Елге қайтып оралмасын сезгендей Үрім артына қарай-қарай кетті.

...4 жыл бұрын әдеміше келген ұзын бойлы, аққұба жігіт оның үйіне алғаш «су» сұрап келген. Қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген сауатты жігітті Сәли бір көргеннен ұнатып қалды.

 

СҰРАПЫЛ ЖЫЛДАРДА

Үрім ШәкіровҮрім ШәкіровАуылдың азаматтары майданға аттанысымен шаруашылықтың бар жұмысы шал-шауқан, жас келіншек пен бұғанасы қатпаған балалардың иығына түскен еді. Ел күйзелген кез. Жұмыс ауыр, тамақ қат. Сәли жас баласын енесіне тастап, атқа қонды. 23 жасында қой фермасының меңгерушісі болды. Жұмыс күшінің жетіспегеніне, мал азығының тапшылығы мен қаһарлы қыс қиындығына қарамастан Сәли босаңсып кетпей, жүнжімей, жұмысты ұйымдастыра білді. Бар ниеті жұмыста болса да, көңілі соғысқа кеткен Үрімде еді. Украина майданынан келген әрбір хат оған күш беретін, хат келген сайын қуанып, жігерлене түсетін.

Бір күні Үрімнен «қаралы қағаз» келді. «Қаза тапқанын» естіген Шәкірдің отбасы қайғыдан қан жұтты. Егіліп, еңіреп жүргенде Үрімнен хат келді. Туысқандары сенбейін десе, өз қолымен амандығын жазыпты. Бірақ хаттар сиреп, кейін Үрімнен мүлдем хабар болған жоқ.

Соғыс бітті, бірақ Үрім қайта оралмады. Сәли ұлын өсіріп, ата-енесін бағып, беріле еңбек етті. Өзі басқарған қой өсіру фермасы алдыңғы қатардан көрінді. 1948 жылы СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 29 жастағы Сәли Социалистік Еңбек Ері атанды. Сәли Еңбекші колхозында балабақшаның ашылуына мұрындық болды. Ол Играшинді қатарынан кем қылмай өсірді. Келін түсіріп, жеті немере сүйді. Жылыой ауданының Құрметті азаматы атанды. Сәли бұдан жеті жыл бұрын дүниеден озды. Ол өмірден өткенше Үрімді ұмытпады, келер деп көп күтті...

 

ХОРВАТИЯҒА САПАР

С.ШәкіроваС.ШәкіроваCәли бір дерегін біле алмай кеткен Үрімді іздеуді ұрпақтары жалғастырды. Мәскеудегі кейбір құжаттарға қол жеткізіле бастаған тұста немерелері Мұхтар мен Әнуар ғаламтор арқылы іздеу салды. Дерек табылды. Аталары Үрім 1944 жылы 14 қазанда Белградты азат ету жолында қаза тапқан екен. Кейін боздақтың денесін 30 шақырымдай жердегі Хорватияның (ол кезде Югославияның) Илок қаласына, бауырластар зиратына жерлеген. Немерелері Илок қаласының әкімшілігіне хат жазды. Жауап алған соң ата зиратының басына барып, тәу етіп, туған жердің топырағын апару үшін жолға шықты.

- Бізден Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Аслан МУСИН көмегін аямады. Өткен жылы бауырым Мұхтар Атыраудан Амстердамға, одан кейін Германияға ұшып барды. Қарындасым Күләнда Германиядағы Қазақстанның өкілі ретінде жұмыс жасайтын. Екі бауырым Париж арқылы Загреб қаласына барғанда оларды елшіліктегі консул күтіп алып, Илокқа жеткізді. Атамыздың зиратына барып, аят оқып, туған жердің топырағын салып қайтты, - деп еске алады Әнуар ШӘКІРОВ.Біз әжеміздің аманатын орындадық, ол Үрім атаны тапқанымызды білсе, қатты қуанар еді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1640 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«Пумсе – дәстүрлі таеквондо»  1046 рет қаралды

​Соғыста және соғыстан кейін  1689 рет қаралды

АҚШ-та полицей болып істейтін қазақ жігіті ерлік жасады  861 рет қаралды

Өміршең жауынгер  2814 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6