Атырау, 25 мамыр 02:15
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Аллаға сен, өзің де қапы қалма

5 наурыз 2015 16:51

Қазақстан Коммунистік партиясы ыдырағаннан кейін пайда болған Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы (ҚХКП) Астана буржуйларының Park Inn қонақ үйінде блиц-съезд өткізіп, 20 минуттың ішінде мерзімінен бұрын ел президентін сайлауға үміткерді таңдап үлгерді. Артық сұрақтар, дәлірек айтсақ, бірде-бір сұрақ қойылмады, бір ауыздан, тез, партия билетімен емес, қан қызыл түсті пластик карточкалармен дауыс берді. Мүшелері де көп емес партияның делегаттары семинарларға арналған шағын конференц-залдың бес қатарын ғана толтырды.

Владислав КОСАРЕВВладислав КОСАРЕВПарламент фракциясының жетекшісі және ҚХКП-ның бейресми көшбасшысы Владислав КОСАРЕВ өз пікірлестеріне «сайлау – саяси өнер мектебі» және «Қазақстан халқының партиямызға деген сенім деңгейін өлшейтін бірден бір тәсіл» екендігін түсіндіріп өтті. Ол «біздің қоғам буржуазиялық форматта құрылған, алайда біз ешқашан қоғамның әл-аухаты көбіне бай адамдар пайдасына қарай теңсіз бөлініп жатқанына келіспейміз» деп партия саясатын әріптестерінің есіне салып кетті. Партия көшбасшысы коммунист-үміткердің қиын да басты міндеті – билік басына келіп, Қазақстан энергетикасы мен базалық экономикалық салаларын мемлекет иелігіне қайтару туралы ұмытпау керектігін ескертті.

Осыдан кейін жиналғандарға ҚХКП атынан сайлауға түсетін үміткер Тұрғын СЫЗДЫҚОВ (оның пайдасына ОҚО және Ақтөбе обкомдарының екі бірінші хатшысы үміткерліктен бас тартты) таныстырылды. Ол 1947 жылы турған, КСРО кезінде слесарьден аудандық комитеттің екінші хатшылығына дейін өскен.

ҚХКП атынан сайлауға түсетін үміткер Тұрғын СЫЗДЫҚОВ ҚХКП атынан сайлауға түсетін үміткер Тұрғын СЫЗДЫҚОВ Нарықтық-капиталистік Қазақстанда ол аудан әкімі және облыстық мәслихаттың бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасаған. Қазақстанның болашақ президенті болуы мүмкін адамды «сенімді лениншіл» деп атаған партия көшбасшысы Косарев кәрі коммунистің бірбеткейлігін айта келіп, мемлекеттік органдарда жұмыс жасағанда да, коммунистермен байланысты үзбегенін еске салып өтті: «әрине, ол бұл туралы ашық айта алмады, өйткені мұны сол құрылымдардың басшылары білгенде не болатынын ол да, біз де жақсы білдік». Делегаттар Тұрсын Сыздықовты бір ауыздан сайлады. Съезд жабыларда «Интернационалдың» бір шумағы айтылды. Делегаттар фуршетке шықты.

Зал сыртында мен делегаттарға «Үміткерлеріңіз сайлауда қанша пайыз дауыс алады?» деп сұрадым. Неге екені белгісіз бұл сұрақ қойылғанда барлығы күмілжи берді, алайда жауап берулеріне тура келді. Коммунистер біраз ойланып, 51-ден 95 дейінгі сандарды атады. «АЖ»-ға «Алла біледі» деген жауап ең дұрыс жауаптай көрінді.

Кезінде ҚХКП бөлініп шыққан «аналық» ҚКП-ге келетін болсақ, оның қызметінің заңдылығы туралы сот процесі Алматы қалалық сотының кассациялық шағымдану кезеңінде жүріп жатыр. Естеріңізге салсақ, бірқатар облыстық филиалдар басшыларының партия қатарында «өлі жандардың» бар екендігі туралы сатқындық мәлімдемелерінен кейін Қазақстан Әділет министрлігінің талап арызы бойынша сот ісі басталған болатын. ҚР ҚКП қызметі мүшелерінің нақты санын тексеру аяқталғанға дейін тоқтатылды.

Жасұлан КӨЖЕКОВ, «АЖ»-дың Астанадағы арнайы тілшісі.

Суреттер мен бейне жазбаны түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2594 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қылмыскердің тәубесі  1896 рет қаралды

Тасада қалған талант иесі  7548 рет қаралды

Үлкен ағаның кеңесшісі  2367 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8