Атырау, 19 маусым 00:02
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 336.39  € 390.28  P 5.36

Жылыойда сұлу жерлер көп

6 қазан 2011 21:27

Құлсарыда туризм күніне орайластырылып жылыой ауданының көшбасшы жастар клубының І–ші форумы болып өтті. Бұл шараға ауданның 11 көшбасшы клубының 100-ге тарта мүшесі қатысты.

Жылыой ауданында көшбасшы жастар клубын құру бастамасын үкіметтік емес «құлсары жастары» ұйымы көтерген еді. Бұл ұйымға «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржыландыруымен еуроазия қоры қолдау танытты. Олардың қызметі негізінен 8-11 сынып оқушыларын қаржылық сауаттылыққа, көшбасшылықты дамытуға және кәсіпке бейімдеуге бағытталған болатын. Көшбасшы жастар клубының он мүшесі ауданға таяу орналасқан ауылдарда өз қатарластары үшін тренингтерді өздері өткізді.

«Форум – бұл адамдардың өзін-өзі тануына және өз ойын білдіруіне мүмкіндік беретін орын. Жастар көшбасшылығы – жастарға әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге олардың өз энергияларын жұмсауға жол беретін қоғамға қажетті қозғалыс»,-дейді жобаның тренері Нелли Куликовских.

Форум аясында жасөспірімдердің  «жылыой азимут» туристік клубы аталмыш ауданның табиғаты сұлу жерлері және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне арналған фото көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған жұмыстардың көпшілігін атырау обаға қарсы стансасының зоопаразитологиялық зертханасының меңгерушісі, зоолог, біздің өлкеміздің жануарлар әлемі туралы жазған кітаптардың авторы Федор Сараевтың еңбегі құрады. Сондай-ақ, форумға қатысушылар ауданның туристік орындарының ашылу салтанаттарына да қатысты. Балалар болашаққа арналған жоспарлары мен тәжірибелерін бөлісті, іскерлік ойындарына қатысып, жастардың әлеуметтік мәселелерін талқылады және шатыр тігу, алау жағу секілді жылдамдықты анықтайтын сайыстардан бақтарын да сынап көрді.

Тамара Сухомлинова

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1270 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Форум, шеберлік дәрістері және екі меморандум  766 рет қаралды

Туған жердегі диверсанттар  1136 рет қаралды

Тәңірге тасаттық берді  1048 рет қаралды

Құлсары қалай суға кетті  1347 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6