Атырау, 25 мамыр 02:06
Таңертең ашық+29, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

​«Митингіге қала сыртына шығыңдар!»

20 қаңтар 2016 19:50

Image 0Қалалық билік Қылмыстық Кодекстің 174-бабы бойынша айыпталып, сот процесі өтіп жатқан Ермек НАРЫМБАЕВ, Болатбек БІЛӘЛОВ және Серікжан МАМБЕТАЛИНДІ қолдау митингін өткізуге өтінім берген қоғам белсенділері Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ («АЖ», №2, 14.01.2016 ж., «Макс пен Талғат митингіге шақырады» мақаласын қараңыз) өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты.

Қалалық әкімдіктің осындай жауап хаты «Ақ Жайық» редакциясының мекенжайына келді: «2016 жылғы 11 қаңтарда Атырау қаласы әкімінің атына қала тұрғындары М. Боқаев пен Т. Аяновтан митинг түрінде бейбіт бұқаралық іс-шара өткізу туралы өтініш келіп түсті. ҚР-ның «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикет және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес шығарылған қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 21 шілдедегі №125 шешімімен Атырау қаласында митингілер өткізетін орындар бекітілді. М. Боқаев пен Т. Аяновтың өтінішінде көрсетілген Исатай мен Махамбет атындағы алаң осы бекітілген орындар тізіміне кірмейді. Осыған байланысты қалалық әкімдік бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартады».

Біз Макс Боқаевпен хабарластық, ол жауапты әлі көрмеген екен. Біз оған редакцияға келген жауапты оқып, түсінік беруін өтіндік.

- Қазақстан қол қойған халықаралық актілерде қала ішінде бейбіт жиналыстар мен акциялар өткізуге болмайтын жерлер белгіленеді деген нормалар жоқ,- дейді М. Боқаев. – Кез келген сауатты заңгер бұл жерде азаматтардың бейбіт жиналыс өткізу құқығы бұзылып отырғанын айта алар еді. Егер атом электр станциясынан немесе мемлекеттік шекарадан 100 метр жерде өткізуге болмайды десе, түсінер едім. Ал біздің қаламызға келсек, Исатай мен Махамбет алаңы айналадағы және митингіге қатысушы адамдарға қауіпті жерлер тізіміне кірмейді. Бұл жерде мәдени-бұқаралық, тіпті, қоғамдық-саяси іс-шаралар үнемі өтетінін барлығы біледі. Бұдан қалалық әкімдіктің адамдарға саралап қарайтынын көреміз: біреулерге болады, біреулерге жоқ. Біз бұл жауапқа сот тәртібімен шағымдану құқығымызды қолданамыз. Дегенмен, біз азаматтық белсенділер мен журналистерді лайықсыз қатал қылмыстық қудалауға қоғамның назарын аудардық деп ойлаймыз. Осындай өтінімдерАтыраудан басқа Орал, Алматы және тағы екі қалада берілді.

Сонымен, облыс орталығында қай жерлерде митинг өткізуге рұқсат етілген? Қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі келесідей ақпарат берді: «1) Балықшыдағы Абай Құнанбайұлы көшесі, №28 үй жанындағы алаң; Геолог ауылындағы №29 үйдің алдындағы алаң, Геолог ауылдық округі; 3) Амангелді ауылының мәдениет үйі алдындағы алаң, Дамбы ауылдық округі; 4) Еркінқала ауылындағы Жеңіс саябағы, Еркінқала ауылдық округі; 5) Водников ауылындағы «Герман» дүкені маңындағы алаң, Балықшы ауылдық округі».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1876 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Жер жыртқандікі...  1123 рет қаралды

Қала күні қайда болады?  1453 рет қаралды

БҰҰ Боқаев пен Аянның қамалуын "жосықсыз" деп атады  856 рет қаралды

«Береген қолым алаған»-2  1279 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8