Атырау, 22 қаңтар 05:08
Таңертең бұлыңғыр болады-5, күндіз -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.27  € 398.27  P 5.73

Төлешовтің ісі бойынша фигуранттарға рақымшылық жасалды

23 желтоқсан 2016 19:39

Жоғары соттың апелляциялық инстанциясы Тоқтар Төлешов пен істің өзге фигуранттарына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іс апелляциялық инстанцияға И.Ж. Бақтыбаев, С.В.Колтаков, Б.С.Жұмин мен К.К.Пернебаева, сотталушылардың қорғаушылары - Төлешевтің мүддесін қорғайтын М.А.Жақыпова, Бақтыбаевтың мүддесін қорғайтын С.С.Хамидулина, Досқалиевтің мүддесін қорғайтын И. В. Спиридонова, сотталушы Пернебаевтың мүддесін қорғайтын А.А.Аблабекованың шағымдары келіп түсті", - деп атап өтті сотттың баспасөз қызметінің өкілдері.

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен Б.С.Жумин, К.К.Пернебаев пен К.А.Ысқақовқа қатысты ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының үкімі рақымшылық актіне байланысты өзгертілді.

"Сотталушы Б.С.Жумин мен К.К.Пернебаевтың өтелмеген мерзімі ҚР 2016 жылдың 13 желтоқсанындағы "Қазақстан Респубюликасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заңының 4-бабының 2-тармағы негізінде төрттен біріне қысқартылды. Сотталушы К.А.Ысқақов "Қазақстан Респубюликасының жиырма бес жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заңының 2-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы негізінде жазасын өтеуден босатылды. Жазаның басқа тұстары өзгеріссіз қалды", -делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық инстанция Тоқтар Төлешовтің адвокаты берген шағымды қанағаттандырмады. Сотталған бизнесменге қатысты жаза сол күйінде қалды.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

850 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі шықты  748 рет қаралды

Төлешовтің отбасы үйсіз қалды  446 рет қаралды

Тоқтар Төлешовтің тағы жеті көлігі саудаға шығарылады  599 рет қаралды

Алматыдағы ҰҚК арнайы операциясы: 17 адамның ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты   962 рет қаралды

Басты бет