Атырау, 26 сәуір 02:54
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Желідегі мазасыздық

16 ақпан 2017 00:00

Біздің көршілеріміз өз жер телімдерінде ұялы байланыс антеннасын орнатты. Оның есесіне енді біздің үйіміз бірде-бір желіге қосылмай қалды. Бұл заңды ма? Мұндай антенналардың денсаулыққа қаншалықты зияндығы бар? 

Бақытханым Есенова, Жұлдыз ықшам ауданы


Сауалға «Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» РМБ басшысы Идият КӨШАЛИЕВ жауап береді:

– Инспекция осы мекенжай бойынша ұялы байланыс жабдықтарына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде үй аумағында «Алтел» (ТОО «Мобайл Телеком-сервис) және Теле-2 (ТОО «Мобайл Телеком-сервис») антенналарының бар екендігі анықталды. Бұлар «Алтел» және «Теле2» ұялы байланыс желісінің базалық стансалары. Үй иелерінің үй аумағын жеке тұлғаларға жалға беру жөніндегі жасалған келісімшарттары бар. Бұл жабдықтар 2014 жылдан бері қолданылып келеді. Барлық рұқсат беретін құжаттамалары бар. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыға сәйкесті жабдықтардың денсаулыққа ешқандай зияндық әсері жоқ. 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1310 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4