Атырау, 24 тамыз 13:50
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Пациенттердің көші-қоны

2 наурыз 00:00

Емханалар тұрғындарды бекіту акциясының басталғаны туралы жариялаған кезде мерзімдерін ескертеді. Соңғы рет, 2016 жылы, мәселен, бізде емханада 15 қазан мен 15 қараша аралығында мерзімдері көрсетілген хабарландыру ілініп тұрды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы, мен емхананы жылына неше рет ауыстыра аламын және мұны қандай мерзімде жасай аламын? Айталық, қазір мен бір емханаға тіркелгенмін, ал наурызда басқасына кеткім келсе ше? Әлде тұрғындарды тіркеу жүргізілетін белгілі бір мерзім бар ма?

azh.kz сайтынан

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ жауап берді:

–Тұрғындарды БМСК (Бастапқы медициналық-санитарлық көмек) ұйымдарына тіркеу науқаны жыл сайын республика бойынша «Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларының» негізінде (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына 2-қосымшаның 11-тармағының 4-тармақшасы), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес, 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Осы қосымшаға сәйкес, емханаларға азаматтарды бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша жүзеге асырылады. Пациент еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі медицина ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, дәрігерді, медицина ұйымын өзінің аумақтық округінің шеңберінде өзі таңдай алады. Пациент тек бір емханаға ғана бекітіледі. Емханада пациентке тіркеу талонын береді. Емханаға кез-келген күнтізбелік уақытта еркін түрде өтініш жазып, жеке бас куәлігін, төлқұжат немесе туу туралы куәлікті көрсету арқылы тіркелуге болады. Бір пациент өзінің бүкіл отбасын тіркей алады. Ол үшін оған өз құжаттарын, отбасының басқа мүшелерінің құжаттары мен жазбаша келісімін көрсету жеткілікті. Жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда электронды үкіметтің веб-порталының көмегімен де тіркелуге болады.
МСАК ұйымдарына азаматтарды бекітуді өзгерту:
1) тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;
2) МСАК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
3) азамат дәрігер мен медициналық ұйымды жылына бір реттен жиі емес еркін таңдаған кезде;
4) жыл сайын 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны кезеңінде жүзеге асырылады.
Азаматтар емханаға бекіту туралы тікелей жүгінген кезде, ол бұрын бекітілген жерінен «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде есептен шығарылады. Электронды форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекітілген кезде де басқа емханадан автоматты түрде есептен шығарылады. Мұнда оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі. Егер пациент МККК шеңберінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардан қызмет алғысы келсе, кәдімгі емханалармен бірдей ереже қолданылады. 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1090 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4