Атырау, 24 қараша 10:40
Күндіз ашық+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Денсаулық сақтауға арналған жүйе

2 наурыз 00:00

Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ жауап берді:

– Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі 4 ұйымды – ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтылымын жеткізушілерді бекітті. Олардың өнімдері ҚР электронды денсаулық сақтау кеңістігінде өзара әрекеттесу үшін медициналық ақпараттық жүйе талаптарына сай келеді. Бекітілген тізімдегі екі ұйым - «Жарқын болашақ KZ» ЖШС мен «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС облысымыздағы медицина ұйымдарына: «Даму» АТО» ЖШС – Атырау қалалық №2 және №7 емханаларға, ал «Жарқын болашақ KZ» ЖШС – облыстық онкологиялық диспансерге өздерінің бағдарламалық жүйелерін ойдағыдай орнатты.

Айта кету керек, облыстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басқарудың тиімді технологиясын және ұйымның қызметін қамтамасыз ету мақсатында ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңдарының және басқа құқықтық актілердің негізінде тиісті талаптарға сәйкес, өз мекемелеріне медициналық ақпараттық жүйелерді өздері таңдайды. 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1497 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5