1 2
Атырау, 28 сәуір 00:00
Таңертең ашық+18, күндіз +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 312.44  € 340.47  P 5.53

Балалар және таблеткалар

13 сәуір 00:00

1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмектердің берілуін кім және қалай тексереді? Дәрі-дәрмектердің берілуі әлдебір журналға белгіленуі тиіс пе, бәлкім, оларды алған кезде ата-аналар қолдарын қоюы тиіс шығар? Менің екі балам бар. Тегін рецепт бойынша бірде-бір тегін дәрі-дәрмек алып көрген емеспін. Бәлкім, ешқашан оларды сұрап көрмегендіктен шығар. Бірақ, біздің учаскелік дәрігерлер бұл дәрмектердің бізге тиесілі екенін біледі ғой. Мен емханаға тіркелгенмін, бір жерлерде осы жастағы балалардың есебі жүргізілетін шығар, қажетті дәрі-дәрмектер берілетін болар. Олар қайда кетіп жатыр? 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға қандай дәрі-дәрмектер тиесілі?

Телефон арқылы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында бізге дәрі-дәрмектерді тегін және жеңілдікпен алуға болатынын хабарлады. Мұндай дәрі-дәрмектер учаскелік дәрігер немесе профильді маман (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) тағайындаған рецепт бойынша науқастың жеке бас куәлігі (пациенттің туу туралы куәлігі) немесе оның көшірмелері көрсетілген жағдайда беріледі. Медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектердің бәрі бірдей тегін беріле бермейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттен қандай дәрі-дәрмектерді тегін алуға болатындығы ҚР ДС министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» №786 бұйрығымен бекітілген халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың арнайы тізбесінде белгіленген. Егер сізге қажетті препарат бұл тізбеде жоқ болса, онда оны сіз ақылы түрде ғана сатып ала аласыз.

Осы бұйрыққа сәйкес, жаңа туған нәрестелердің барлығы медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі. Анасының жай-күйіне байланысты бір жасқа дейінгі сәбилерге омырау сүтін алмастырғыштар беріледі. Бұл алмастырғыштар күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент аналарға да беріледі. 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға жіті фарингит, тонзиллит, бронхит, жеңіл деңгейдегі пневмония, темір тапшылығы анемиясы, рахит кезінде тегін дәрі-дәрмектер тиесілі. 18 жасқа дейінгі балалар ІІ, ІІІ деңгейлі темір тапшылығы анемиясына шалдықса (сарысу темірі 10 мкмоль/л-ден төмен), ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежесіндегі пневмония, бронх демікпесімен (бұл сырқаттың ауыр түрімен диспансерлік есепте тұрған, ингаляциялық глюко-кортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда пациенттерге қатысты) ауырса және ювенильді артритпен диспансерлік есепте тұрса тегін дәрі-дәрмек ала алады. Республикалық бюджет қаржысы есебінен В және С вирусты гепатитпен (В созылмалы гепатиті – репликация фазасы, халықаралық хаттамаға сәйкес белгілі бір вирустық жүктеме, созылмалы С гепатиті – халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың белгілі бір сатысы) диспансерлік есепте тұрған балалар емделеді.


237 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8