Атырау, 28 мамыр 13:36
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 310.57  € 348.58  P 5.52

Құрметті жерлестер!

12 сәуір 19:45

Құрметті жерлестер!

Қызым Бекметова Маликаға қол ұшын созуларыңызды өтінемін. Ол бала күнінен мүгедек, оған балалардың церебралды сал ауруы (БЦСА) диагнозы қойылды. Біз оны бар күшімізбен аяғынан тұрғызуға тырыстық, Ресей мен Қазақстанның түрлі орталықтарына апардық. Бірақ, оның жағдайы жақсарып кеткен жоқ. Ал өткен жылы дерті асқынып, ұстамалары басталды. Алайда, оған эпилепсия ауруына қарсы қолданылатын препараттар жарамайды. Кейбірі аллергия тудырады, тіпті, жағдайын нашарлатып жібереді. Бұрын ол аз болса да басқалардың көмегімен үйдің ішінде 10-15 қадам жүре алатын. Қазір ол арбаны қолдануға мәжбүр. Күн өткен сайын қызымның жағдайы нашарлап барады, көгергенше ұстамасы ұстап, тұншығуы жиілеп кетті. ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас неврологы Жақсыбаева француз эпилептологы Оливье Дюлакпен (Эпилепсияны зерттеу жөніндегі Француз қорының ғылыми кеңесінің президенті) бірлесіп, Маликаға консультация берді. Олар біртіндеп бүкіл препараттарды тоқтатып, оны кетогенді диетамен емдеуге кеңес берді. Бірақ Алматы неврология, эпилептология және оңалту орталығында анализдер мен диета таңдау 794 200 теңге тұрады.

Ауруханаға жатқызу 24 сәуірге белгіленді. Отбасымызда мұндай ақша жоқ, қызымызды емдеуге көмек берсеңіздер екен дейміз.

Құрметпен, Маликаның анасы Анна Бекметова

«Сбербанк России» банкі

ЖСН: 750614402754

Карт. шот нөмірі: KZ59914CP39839339789

Алушы: Анна Александровна Бекметова

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

532 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5