Атырау, 21 қыркүйек 17:05
Кешке ашық+22, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.61  € 410.27  P 5.90

​Сергей Павлов - «Атыраудың» жаңа бапкері

14 сәуір 15:27


Зоран ВУЛИЧТІҢ «Атырау» футбол командасының бас бапкері лауазымынан кеткеніне бір апта да өтпестен, жанкүйерлерге жаңа тәлімгерді таныстырды.

«Атыраудың» турнирдегі ауыр халін түзетуді клуб басшылығы тәжірибесі мол, танымал Ресей маманы Сергей ПАВЛОВҚА сеніп тапсырды. Ол «Кубань» (Краснодар), «Шинник» (Ярославль), «Торпедо» (Мәскеу), «Арсенал» (Тула) секілді командалардың бас бапкері ретінде жұмыс жасаған . Олег Романцевтің ассистенті ретінде ол кезінде көп уақыт бойы Мәскеу «Спартагы» мен Ресей құрамасында жемісті еңбек етті. Атап өту керек, 62 жастағы бапкер ұзақ жылғы мансабында отанынан тыс жерде жұмыс жасап көрмеген. Ол бес рет түрлі ресейлік клубты бірінші лигадан жоғарғы дивизионға (РФПЛ) шығарған.


«Судоремонтник» стадионының базасына жиналғандар жаңа бас бапкер мен оның ассистенті Сергей ЖУКОВТЫ қошеметпен қарсы алды. Павлов жанкүйерлерге жағдайдың қиындығын түсінетіндігін, дегенмен де клубқа премьер-лига есебінде қалу үшін бар күшін салатынын айтты:

– Түрлі жағдайлардан өттім, тәжірибем мол, денсаулық шүкір (жымиды). Бұл біздің кезекті сынымыз. Кеше болған нәрсені ұмыту керек. Жеңіліс секілді, жеңіс те бір орында тұрмайды. Бүгін бұл менің командам, ол үшін күресетін боламын.

Ол сондай-ақ, 12 сәуірде «Шахтермен» болған матчқа қатысқанын, біздің футболшыларға бақылау жасағанын, көпшілігінің өз мүмкіндіктеріне сай ойнамағанын айтты. Жігіттердің физикалық даярлықтарымен жұмыс жасайтынын атап өтті. Атышулы ресейлік бапкерді көруге келген аға буын өкілдері өз қолдауларын білдірді. – Сіз командаға көмектесіңіз, ал қазақ тіліне сізді біз үйретеміз, - деді ақсақалдар.

16 сәуірде Ақтөбеде Сергей Павлов «Атыраудың» бас бапкері ретінде алғашқы ұрысын бастайды.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

833 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

«100 жаңа есім» жобасына кандидаттарды іріктеу жүріп жатыр   550 рет қаралды

Павлов үшін чемпионат екі матчтан кейін басталады  748 рет қаралды

Сербиядан келген бес бапкер  1 рет қаралды

«Бала басын көтерсе - бұл үлкен жеңіс»  1017 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6