Атырау, 21 шілде 23:39
Таңертең бұлыңғыр болады+32, күндіз +36
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

"Жер митингілері" туралы іс: Кассациядан бас тартты  

14 сәуір 19:21

ҚР Жоғарғы соты адвокат Төлепқали АЯНОВ пен қорғаушы Жанар БОҚАЕВАНЫҢ өтінішін кассациялық сатыдағы сотта қараудан бас тартты. Олар өз өтініштерінде Атырау қалалық №2 сотының үкімі мен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасының шешімінің күшін жойып, Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты қылмыстық істі олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатуды сұраған болатын.  

Жоғарғы соттың қаулысын олар бүгін, 14 сәуір күні, Жоғарғы сотқа екі ай бұрын өтініш бергеннен кейін алып отыр. Жоғарғы соттың судьясы Д. НҰРАЛИН өтінішті қараудан бас тартуы «сот актілерін қайта қарауға негіздің жоқтығымен» байланысты екенін түсіндіреді.

Атырауда «Жер митингісінің» өткеніне бір жыл болды. Боқаев пен Аянов бес жыл жаза мерзімін Петропавлдағы жалпы режимдегі ЕС-164/3 түзету колониясында өтеп жатыр. Олардың туыстары айтып өткендей, олар екі түрлі отрядта, бірақ серуендеу кезінде бір-бірін көріп, сөйлесе алады екен. Екі аптада бір рет оларға үйге телефон шалуға рұқсат етілген (15 минут әңгімелесуге). Сотталған екі белсендінің де аналары мен апа-қарындастары олармен кездесуге барып, екеуі де өздерін жақсы сезінетінін, ештеңеге шағымданбайтынын айтады.



Айнур САПАРОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1481 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ-та сотталған Тажаяқов пен Қадырбаевты елге әкелу үшін олардың келісімі қажет - Бас прокуратура  644 рет қаралды

Құлсарылықтар термомодернизациядан бас тартты  891 рет қаралды

Жоғарғы сот Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қараудан бас тартты   428 рет қаралды

​«Жер митингілері» туралы іс. Апелляция басталды. БҰҰ - салмақты ұйым  1681 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7