Атырау, 19 қазан 10:36
Күндіз ашық+14, кешке +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.57  € 391.81  P 5.81

Жел Перетасканы өртеп жібере жаздады

17 сәуір 11:00
Көрнекі сурет.

16 сәуірде сағат 14-те кезекші ТЖД пультіне Сол жақ Перетаскадағы үйлердің бірінің ауласында қураған шөп пен қамыстың өртеніп жатқаны туралы дабыл түсті. Жел салдарынан өрт басқа учаскелерге де жайылған.

Нәтижесінде жеті сарай өртке оранды. Облыстық аурухананың хирургиялық бөліміне беті мен денесін 30 пайыз күйік шалған 50 жастағы ер адам жеткізілді. Өрт шалған жалпы алаң бір гектарды құрады.

ТЖД хабарлағандай, «өрт сөндіру қызметінің күшімен 19 тұрғын үй мен екі автокөлікті сақтап қалу мүмкін болған». Өрт сөндіруге 8 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Жалын сағат 17-де ауыздықталып, 20 минуттан соң сөндірілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

970 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

14 қазанда Қала күніне орай өткізілетін іс-шаралар  966 рет қаралды

Қылмыстар хроникасы  1109 рет қаралды

Күшті жел өрттің таралуына алып келді  1216 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5