1 2
Атырау, 28 сәуір 00:01
Таңертең ашық+18, күндіз +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 312.44  € 340.47  P 5.53

Индерден бруцеллез шықты

17 сәуір 11:09

Индер ауданында сегіз ірі қарадан және 57 қой-ешкіден бруцеллез ауруы анықталды. Ауру алдын алу шаралары аясында малдан қан алу кезінде шығып отыр.  

Соның ішінде ауру Елтай ауылында көптеп кездесіп отыр. Индербор поселкесінен үш қой-ешкіден және бір ірі қарадан, Елтай ауылынан 31 бас қой-ешкіден және жеті ірі қарадан, Есбол ауылынан 23 қой-ешкіден бруцеллез шығып отыр. Одан бөлек, үш адам ауру жұқтырды деген күдіктілердің қатарына еніп отыр. 

Бүгінде аудан бойынша 6 955 ірі қара мен 23 277 қой-ешкіден қан сынамасы алынған. Алда әлі 18 967 ірі қара мен 128 523 қой-ешкі тексерістен өтуі тиіс.

- Ауру малдар тез арада оқшауланып, ірі қаралар мал сою пунктінде сойылды. Етін мал иесі өзі алып кете алады. Ал егер алмайтын болса, оны Атырау қаласындағы «Асыл-Агро» ЖШС-іне қайта өңдеуге жібереді, - дейді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ. -  Биыл көзі жойылған мал үшін өтемақы төлеу ережесінде өзгеріс бар. Енді әрбір басқа төленетін ақының 30 пайызы бюджеттен, ал 70 пайызын «Асыл-Агро» ЖШС төлейді.

Өткен жылы ауданда үш ірі қара мен 158 қой-ешкіден бруцеллез анықталған болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

452 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бруцеллез көбейген  493 рет қаралды

​Бруцеллез Индерге де жетті  891 рет қаралды

​Қызылқоға бруцеллезбен күресуде  732 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8