Атырау, 24 қараша 10:39
Күндіз ашық+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

"Қазақ Әблязовті қолдай ма?", "Қазаққа шынайы одақтас кім?", "«Тас-түйін дайындық» тасқын суға ағып кетті", "Баспанасыз қазақтар қандай жағдайда өмір сүруде?", "Сейілбек Мұсатаев, cаясаттанушы: Орта Азияда жылылық орнады"

19 сәуір 15:29

AZATTYQ.ORG. "Мешітте «әмин» деп дауыстағаны үшін сотқа тартылғандар" - Намазда «әмин» сөзін дауыстап айтқаны үшін әкімшілік сотқа тартылған жаңаөзендіктер бұл мәселенің артында «мәзһабтар арасындағы дау жатыр» дейді. Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы бұл туралы мағлұмат бермеді. Ал Жаңаөзен қаласы орталық мешітінің бас имамы «жамағат ынтымағы үшін» шағымданғанын айтады.

""Петербургтегі қалқымалы АЭС жарылса қайтеміз?"" - Ресей үкіметі Петербургтің тарихи орталығынан екі километрдей ғана қашықтықта тұрған су бетіндегі атом электр станциясын ядролық отынмен толтыруды жоспарлап отыр. Белсенділердің айтуынша, билік өкілдері бұл шешімді қабылдағанда халықтың пікірімен санаспаған.

ZHASALASH.KZ. "Түрмеге хат!" - Түрмеге жеткен хат бостандығы шектеулі жандарға қуат, үміт, күш-қайрат, жігер беретін шығар. О жағын мен нақты білмеймін. Білетінім, редакция қоржынын толтырып тастайтын кейбір хаттар бізді әбден қажытты. «Отыз жылға жуық ел басқарсаңыз да, халық сенімін ақтай алмадыңыз...», «Шыдамның да шегі бар...», «Жұрттың ұсынысын дұрыс түсініп, қантөгіске ұластырмай, өз еркіңізбен биліктен бас тартқаныңыз жөн болады...» дегендей сөйлемдерінен аяқ алып жүргізбейтін хаттар көп келеді. Сол хаттардың басындағы сөйлемге көз түскенде-ақ оларды дереу дайындап, газетке басып жібергің-ақ келіп тұрады. Бірақ хат мәтінінің соңына жеткенде беймәлім автордың «Құрметпен қазақ халқы» деген қолтаңбасы салыңды суға кетіреді.

"Қазаққа шынайы одақтас кім?" - «Біз Ресейдегі ғана емес, көршілердегі түрлі түсті революцияларды да басып-жаншимыз», – деген В.Путин Қазақстанға үшінші жолды қалдырмады. Қалған екі жолда бізді не күтіп тұр?

"«Тас-түйін дайындық» тасқын суға ағып кетті" - Баяғының адамдары «Су аққан жерімен ағады» дегенді бекер айтпаған екен. Арада жүз жыл, қаншама ұзақ уақыт өтсе де, жайбарақат ағып жатқан өзеннің өзі кемерінен асып, ескі арнасын іздеп, жазыққа жайылып, жолына көлденең тұрғанды бұзып-жарып өтіп, сарқырап таситыны рас болды. Міне, қаншама күннен бері елімізде тасқын су жұртты әбігерге салып, біраз ауыл-аймақты басып, қырға үдере көшуге мәжбүр етті. Әрине, жергілікті әкімдіктер «Апат айтып келмейді» деп, су тасқынының аяқастынан болғанын айтып ақталып жатқанымен, жыл сайын қайталанып жүрген селден жергілікті биліктің әлі де сабақ алмағанын, әлі де арқаны кеңге салып қамсыз қалғаны тағы да білініп қалды.

365INFO.KZ. "«Баянды құртыңдар!». Бекболат Тілеухан ҰБТ сұрағын түзетпей тынбайтын сияқты" - Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрлігіне депутаттық сауал жолдап, ҰБТ сұрақтарына қатысты елдің наразылығын жеткізді.

"«Bir boetelke whiskey…». Латынша жазу қазаққа емес, орысқа оңай болғалы тұр" - Латын әліпбиінен кім қорқады? Неге қорқады? Үрейленуге себеп бар ма? Әліпби бізді өткен ғасырға сырғытып жіберуі мүмкін бе? Әлде бұл да қорыққанға қос көрінедінің кері ме?  «Ситуативный казахский» атты Қазақстан кеңістігінде бестселлерге айналған кітаптың авторы Қанат Тәсібеков осы турасындағы ой-толғамын ортаға салған екен.

QAZAQTIMES.COM. "Ермұрат БАПИ: Ақорданың төңірегінде жүргендердің былғаныштан тазасы жоқ" - Менің ойымша, бұл әліпбидің «қажет болуы», бірінші кезекте рухани жаңғырудан бұрын, геосаяси жағдайлардан туған сияқты. Президент кенеттен халықаралық аренаға латынды «лақтырып», Еуразиялық экономикалық одақтағы басты тұтқа – Ресейге белгі берген сыңайлы: біздің бұдан былайғы бағытымыз «орыс әлемінен» (русский мир») өзгеше болады деген сыңаймен. Яғни, Қазақстан өзінің түркілік тамырына тартады деген ишараның иек қағысын білдірді.

"Әлемді алжастырған Карл Винсон авиаматкасы" - Бәріміз де АҚШ Теңіз армиясында «Карл Винсон» атты қуатты әскери техника бар, ол Солтүстік Кореяның іргесіне келіп, суық қаруларын сайлап төніп тұр деп ойлап келген едік. Ал, шын мәнісінде бұл Трамптың жұртты алжастыруы  болып шықты. Расына келгенде, үстіне қырықтан астам ұшақ ұшып-қона алатын алып авиаматка Австралиядан Корей түбегі маңына келесі аптада әзер жетеді. Ал, Корей түбегінің жаңа жағдайына сай бұл алып кеме бағытын өзгерткен.

JASQAZAQ.KZ. "Баспанасыз қазақтар қандай жағдайда өмір сүруде?" - Өткен аптадан бері әлемжелінің қызу талқысына түскен тақырып – журналист  Нұргелді Әбдіғаниұлы мен Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің жастарға жатақжай салып беру туралы бастамасы болды. Ішкі миграцияның салдарынан қазір бейбіт елімізде бейресми босқындар көші пайда болды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сол секілді урбандалу үдерісін де тежеу мүмкін болмай тұр.  Демек мәселені шешудің өзге жолдарын қарастыру қажет.

ABAI.KZ. "Халық жылу жинауда. "Халық қалаулылары" неге үнсіз?" - Ақтөбедегі жайылма судан зардап шеккен жұртқа қоғамдық ортада белсенді азаматтар гуманитарлық көмек көрсетіп, ел ішінен жылу жинауда.

"Салафилер мешіттерде ұдайы бүлік шығарады. Неге?" - Қазақ мұсылман дінін қабылдағаннан бері мешітті киелі санағанын тарих растайды. Мешіт ежелден халықтың арасында діни-рухани, мәдени-тарихи, ғылым мен білім орталығы ретінде бағаланды. Мешіт мұсылмандар үшін күмбезі бар архитектуралық үлгідегі ғимарат қана емес, ол – рухани тазалық пен пәктіктің ордасы, пенденің Жаратушысымен қауышатын орны. Мұнда жалпы ғибадаттармен қатар діни сарындағы уағыздар, оқу-ағарту дәрістері жүргізіліп, ел мен қоғам үшін маңызды насихат жұмыстары жүзеге асырылады. Cондықтан мешіт – діннің қоғамды біріктіруші міндетін атқаратын қасиетті орын.

AIKYN.KZ. "Сейілбек Мұсатаев, cаясаттанушы: Орта Азияда жылылық орнады" - Иә, соңғы кездері Орталық Азияда көктеммен бірге саясатта да жылылық лебі сезілуде. Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланғалы бері Орталық Азия аймағындағы геосаясат жаңа арнаға түсе бастады. Шавкат Мир­зиеевтің алғашқы шетелдік ресми сапарын биылғы 6-7 наурызда көршілес жатқан Түркі­менстаннан бастауының сим­воликалық сыры терең еді. Мир­зияевтің Түркі­менстаннан кейін ресми сапармен Қазақстанға бет алуы бауырлас түркітілдес елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетін білдірсе керек.

DALANEWS.KZ. "Қазақ Әблязовті қолдай ма?" - Мұхтар Әблязовті көп болды бақылап жүргенімізге. Əрине, сырттай. Алыстан. Əлеуметтік желідегі жазбаларына қарап психологиялық портретін жасап қойғанбыз, өзімізше. 



Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1170 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5