Атырау, 19 қараша 02:19
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Қарғаларға қиын боп тұр

20 сәуір 00:00


Атыраудағы көпжылдық теректерді жаппай қырқуға байланысты қаладағы қарғалар ұя салу үшін жаңа орындар табуға мәжбүр. Қарғалар сақталып қалған қарт ағаштарға – бір ағаштың өзіне бірнеше ұядан салып алады немесе жас талдардың жіңішке бұтақтарына ұя салады.

- Қарғалардан басқа бізде ұзақтар да ұя салады. Қарғалар ұяларын әр жерге салса, ұзақтар – саябақтарға, бақтарға, тоғайларға үлкен колониямен салады. Қазір ұя салатын жер болмағандықтан, олар басқа жерлерге қоныс аударуға мәжбүр. Мәселен, Орал алқаптарының бойына, - дейді Атырау обаға қарсы күрес станциясының маманы, зоолог Федор САРАЕВ. – Дегенмен, мазалануға себеп жоқ деп есептеймін. Мәселен, ұзақтар балапандары қанаттанған кезде, күндіз қала сыртындағы қоқыс орнына немесе далалыққа ұшып кетеді, қалаға тек кешкісін түнеуге келеді.

- Қаладағы қарғалар «Ақжайық» резерватының аумағына көшуі мүмкін, сол кезде ол жақта ұя салатын құстар үшін жағдай қиындайды деседі.

- Біріншіден, резерватта сол жердің қарғалары мекендеп, ұя салады. Екіншіден, жаппай көшеді деп ойламаймын. Бәлкім, бір бөлігі шығар. Оның үстіне, қазіргі жағдай ұяларын қарғалар бұзып тастайтын қаладағы басқа құстарға пайдалы болатын шығар.

Ал егер қаладағы ұзақтар басқа жерге көшсе, онда қалада қоқыс азаяды. Ұзақтар қоныстанған жерлерден үнемі қураған бұтақтарды, ұясынан құлап кеткен өлі балапандарды көруге болады. Жаяу жүргіншілерге де тыныштау болады – оларға жоғарыдан құс саңғырығы тамбайтын болады. Қарғаларға қатысты да солай. Сондықтан мазалануға негіз көріп тұрғаным жоқ.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1269 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Сарбаз болуға саулығың жарай ма?  1031 рет қаралды

Көшедегі йога  777 рет қаралды

Тұмсыққа тірелген трансформатор  1003 рет қаралды

Отбасының бір мүшесі атану  922 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5