Атырау, 21 шілде 23:35
Таңертең бұлыңғыр болады+32, күндіз +36
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

Спорт жаңалықтары

20 сәуір 00:00

КҮРЕС

«Атырау» ДСК-де грек-рим күресі бойынша ҚР Жастар ойындары өтті. Атыраулық «классиктер» осындай жоғары деңгейдегі турнирде алғаш рет алғашқы командалық орын алды.

60 келіге дейінгі салмақта Асылбек Қосамановқа тең келер ешкім болмады, ол бүкіл жекпе-жекте үстем түсті. 66 келіге дейінгі салмақта Қаһарман Қисметов 4 жекпе-жек өткізіп, финалда кадеттер арасындағы Азия чемпионы семейлік Мерей Бекеновтен басым түсті. 74 келіге дейінгі салмақта Евгений Поливадов 5 жекпе-жек өткізіп, жартылай финалда кейіннен осы салмақта чемпион атанған шымкенттік Элендар Сатоевқа жеңісті берді. Осылайша Атырау командасы екі алтын мен бір қола алқаны қоржынына салды.

Облыстық жастар құрамасының бас бапкері Александр Поливадовтың айтуынша, құрметті меймандар – 1996 жылғы олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко мен мемлекеттік бапкер Мерхан Рахметов – Атыраудағы турнирдің ұйымдастырылуына жоғары баға берген.

Жастар ойындарынан кейін ҚР құрамасы біздің қаламызда Привокзальныйдағы БЖСМ-1 қабырғасында өткен бір апталық оқу-жаттығу жиындарына қалып, содан соң Бакуге Әзірбайжан Кубогына ұшып кетті.

Спортшылар мен бапкерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке және облыстық федерацияның вице-президенті Асқар Құловқа барынша қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.  Трнирден кейін А.Құлов алқа алған үш атыраулықтың әрқайсысына 100 мың теңгеден табыс етті.

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Қарағандыда балалар, жастар және кадеттер арасында панкратион, грепплинг және бразиялық джиу-джитсу бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Оған бүкіл ел өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты. Соның ішінде бапкер Саидмагамед Типаев жетекшілік еткен «Айдар» кәсіпқой спорт клубының 12 шәкірті бар.

Балалар барлығы 14 алқа иеленіп, әжептәуір сайыс көрсетті. Бразилиялық джиу-джитсу бойынша команда 5 қола алқа алды (Шамше Тастан, Магамед Дибдиев, Фархат Ниетов, Денис Бычков және Әліби Есімғалиев). Грепплингте Ф.Ниетов алтын, Ш.Тастан, М.Дибдиев және Умар Умалатов қола ұтты. Панкратион бойынша М.Дибдиев ел чемпионы атанды, күміс Ф.Ниетовтің, қола Әлихан Зубариевтің, Турпал-Али Исмаилов пен Ш.Тастанның үлесіне тиді.

Денихан Зубариевті, Нұрислам Ізтелеуовті, Нұрсұлтан Ғазизов пен Юрий Радецкийді атап өткен жөн. Олар да бар күштерін салды, алайда ел чемпионатындағы бәсекелестік өте жоғары еді. Спортшылар мен олардың бапкерлері ҚР аралас жекпе-жек, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясының президенті Сағындық Мекееевке, Атырау облысындағы шешен диаспорасының жетекшісі Зелимхан Зубариевке көрсетілген демеушілік көмектері үшін алғыс білдіреді.

КАРАТЕ

Атырау қаласындағы №1 олимпиадалық резервтегі БЖСМ-де карате шинкекушинкай бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 11 өңірінен 70-тен астам спортшы қатысты.

Ересектер санаты бойынша облыс құрамасының активіне үш алқа салынды: күмісті Әлем кубогының жеңімпазы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Бауыржан Күмісқалиев (75 кг дейін) және Темірлан Әдебиетов (85 кг дейін), қоланы жастар арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы Евгений Цой (85 кг дейін) алды. Үшеуі де сәуірдің аяғында Астанада өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Балалар арасында күмісті Ильяс Амангелдиев пен Владимир Шигай, қоланы Нарынбек Құдайберген иеленді.

СУ ДОБЫ

2002-03 жылғы жасөспірімдер арасында Алматыда су добынан өткен ҚР чемпионатының екінші турының қорытындысы бойынша «Атырау» командасы турнирлік кестеде бірінші орында тұр. 

Бапкер Ернұр Қойлиевтің айтуынша, команда ойыншылары ел чемпионатында жеңіске жетуді мақсат қылған. Бірінші турда спортшылар қарағандылық құрдастарынан бір ұпайға кем түсіп, екінші орынды місе тұтты. Ал Алматыда өздерінің осы негізгі бәсекелесінен үстем түсе білген. Енді олар 9-14 мамырда Атыраудағы «Мұнайшы» орталық жүзу бассейнінде өтетін үшінші, финалдық турда ойдағыдай сайыс көрсетулері керек.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

588 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Спорт жаңалықтары  804 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  716 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  812 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  425 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7