Атырау, 24 шілде 03:37
Таңертең ашық+30, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.98  € 378.34  P 5.53

"Тасқынға кім жазықты?", "Президенттің ұлттық таңдауы ма, әлде?..", "Мәскеудің мысы құрыды. Орыс тілі ықпалынан айырылды", "Өзара дөңайбаттың дүмпуі", "Игорь Северский: Жаһандық жылыну, айтып жүргендей онша қорқынышты емес"

20 сәуір 15:08

ҚАЗТАГ. "Игорь Северский: Жаһандық жылыну, айтып жүргендей онша қорқынышты емес" - Жаһандық жылыну мен оның халық, экономика және қоршаған орта үшін ықтимал салдары тек ғалымдардың ғана назарында емес, сонымен қатар саясаткерлердің, оның ішінде әлемнің белді мемлекеттерінің үкіметтерінің де назарында. Болжамдық бағалаулар бойынша алдағы уақыттары климаттың жылуы қарқынмен жалғасады, Арктика мұздығының ауданы тез қысқарады, Гренландия мен Антарктида мен Арктика мұздықтарының еруі салдарынан Әлемдік мұхит деңгейі қазіргімен салыстырғанда 4-6 метрге көтерілетіні – соңғы онжылдықтағы БАҚ беттеріндегі ғылыми жарияланымдардың басым тағырыбы осы болып отыр. 
Сонымен қатар климаттың өзгеруі проблемасына қатысты сол дерек көздерінің өзінде соншама айтарлықтай сыни емес пікірлер де айтылып жатады. Климатқа не болып жатыр, алдағы уақытта одан не күтуге болады? Осы салдарды біз ҚР ҰҒА академигі, География институтының ғылыми қызметкері Игорь Северскиге қойдық.

ZHASALASH.KZ. "Жолдаудан жалықсаңыз, «рухнаманы» оқыңыз" - Астанаға екі күнге ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевпен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойып кетті. Ресми жиыннан тараған ақпарат Назарбаев пен Бердімұхамедов келіссөзін «екі елдің қарым-қатынасын дамытудағы жаңа кезеңге» бағалап, Қазақстан мен Түрікменстан Орталық Азиядағы шекара дауы жоқ мемлекеттерге айналмағын айтты. Шекараны демаркациялау, үкіметаралық комиссия құру, құпия мәліметтерді бірлесіп қорғау, ақша жымқырумен және терроршыларды қаржыландырумен күрес туралы құжаттарға қатысты келіссөздерде екі елдің басшылары бірін-бірі сөз айтпастан түсінген сияқты.

"Президенттің ұлттық таңдауы ма, әлде?.." - Президенттің жақында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, сөзсіз, мемлекеттің рухани өмірдегі саясатындағы басты бағыттарға жаңаша және ең бастысы, жария басымдықтар беріп отырған дүние. Қанша биліктің сыншысы болсам да, онда айтылған көптеген дүниемен, соны идеялармен келіспеу, оларды қолдамау мүмкін емес. Өйткені қоғам қазанында бұрқ-бұрқ қайнап жатқан біраз мәселенің басы шалыныпты.

"Рухани жаңғыру неге көш соңында жүр?" - Біз өзімізді тәуелсіз мемлекетпіз деп санаймыз, бірақ тәуелсіздік – саяси, экономикалық, рухани сияқты үш саладан тұратынына онша көңіл бөле бермейміз. Мемлекет толыққанды тәуелсіз ел болуы үшін осы үш саланы қатар дамытуымыз керек. Ал Қазақстан билігі осы кезге дейін «әуелі – экономика, сонан соң – саясат» деген принципті ұстанып, ширек ғасыр бойы экономика мен саясатқа көңіл бөліп (оны қалай іске асырып келгені бөлек әңгіме), рухани тәуелсіздікке онша көңіл бөлген жоқ. Соның салдарынан осы мемлекетті құрушы титулды ұлт болып саналатын қазақ халқының ұлттық мүддесін «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» деген жалған қағидаға сүйеніп, оны осында өмір сүретін 130 диаспора мүддесінің қатарына қосып қойды. Сол себепті қазақ халқының рухани құндылықтары – тілі, діні, салт-дәстүрі сол бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі интернационалдық идеологияның «барлық ұлт тең құқылы» деген принципін ұстанып, осы кезге дейін еш өзгеріссіз қалып отыр.

AZATTYQ.ORG. "Тасқынға кім жазықты?" - Ақтөбеде сәуірдің 15-інен бері өзендер тасып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Осыдан кейін «тасқынның алдын алуға болатын ба еді?» деген сауал жиі қойылды. Оған жауап берген құзырлы орган болмады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Су алған тек Ақтөбе облысы емес, табиғатқа ешкім қарсы тұра алмайды»десе, су шаруашылығы өкілдері «нақты болжам бермеген» синоптиктерді кінәлайды. Синоптиктердің де уәжі бар. Ал белсенділер тасқынды өзендер арнасы жылдар бойы тазартылмағанынан көреді.

"Коррупцияға қарсы жаңа жобаларды құптау һәм күмәндану" - Қазақстан билігі коррупцияға қарсы кезекті шараларды ұсынды. Сарапшылар коррупцияға қарсы 20 жыл ішінде қабылданған сансыз бағдарлама, жоспар, стратегияларды іске асыру проблемалары жайлы айтып берді.

ABAI.KZ. "Мәскеудің мысы құрыды. Орыс тілі ықпалынан айырылды" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "латын әліпбиіне" көшу туралы тапсырмасынан кейін ел ішінде қызу талқы басталып кетті. Әсіресе, бөтен елдің ішкі саясатына араласпаса басы ауырып, балтыры сыздайтын Ресейдің жорналшылары мен прокремльдік дезинформаторлар Президент Назарбаевты нөпір сынның астына алуда. Қазақтың латынға қайтып оралуын сатқындық деп ашық айыптап, қала берді территориялық қысым жасауға бейіл екендіктерін байқатты.

"Бұқаралық сананы өзгертуге арналған бағдар" - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Елім, жерім, Қазақстаным» деп еміренген патриоттарына қуаныш сыйлап, рухани күш-жігерін қанаттандырып дүр сілкіндірді. Біз Елбасынан осы сөзін, осы идеясын күтіп едік. Демек осы саясатты іске асыру үшін Президент 25 жыл толғатқан болар. Асығыстық етсек апатқа кетесің. Көп ойланып, көп толғанып, ішкі сыртқы факторды есепке ала отырып бір аттап, бір шұқып отырып алға жылжу қажет болды.

365INFO.KZ. "«Бахадан баяғыда кетіп қалар едім». Баян қазақ әйелдерінің неге көнбіс екенін айтты" - Ата-аналар қыздарын «Ана жеріңе ие бол», одан соң «ұят болады», деп әбден оқытып-үйретіп тастаған. Содан кейін олар отбасылық өмірде көнбіс.

"«Мен Димашпын» деген біреу қазақ газетін қатырып кетті" - «Айқын» газетінде әнші Димаш Құдайбергенмен «Мақсатым – өнер жолы» атты сұхбат жарияланып, оның арты шуға ұласты.

QAZAQTIMES.COM. "Б.Садыкова: Мұстафа Шоқайға жаны ашитындардың саны жоқтың қасы" - Былтырғы жылдың соңында «Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры» саясаттану ғылымының докторы Бахыт Садыкованың “TÜRKİSTAN MİLLİ BİRLİĞİ” атты еңбегін шығарған еді. Кітап Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың эмигрант ретіндегі өмірін зерттеуге арналған цикілді зерттеу еңбектерінің соңғысы. Бұған дейін автордың осы тақырыпқа арналған бес кітабы жарық көрген болатын. Төменде ғалыммен өткізген шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

TURKYSTAN.KZ. "Өзара дөңайбаттың дүмпуі" - Үшінші дүниежүзілік соғыстың сыбысы шыққанына біраз жылдың жүзі болған. Ендігі дүбірі таяп қалған сияқты естіледі. Бұған түрткі – АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы екі аптада қабылдаған саяси шешімдері. Барак Обаманың тұсында сегіз жыл бақылаушы рөлін атқарған АҚШ сыртқы саясатын күрт өзгертіп, реттеуші функциясына қайта кірісті. Уақыт спиралінің кезекті  шеңберінде осыдан жарты ғасыр бұрынғы жағдайға ұқсас тарихи сәт тағы қылаң берді: Мәскеу мен Вашингтон ашық теке-тіреске түсіп, күш сынасуға әзірлік жасап, өзара дөңайбат көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда «ғаламдық соғыс үшінші мәрте тұтана ма?» деген қауіптің күшеюі заңды.

"Үйлену оңай, той жасау қиын" - Қоғамда кең талқылауға түскен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласы көпке ой салып, оң өзгерістерге түрткі болды. Әсіресе, қазақтың қанына біткен ысырапшылдық, даңғойлық туралы сын-ескертпелерінен нәтиже шыға бастағандай.  Мәселен, өткен аптада Ақтөбе облысының имамдары құдайы тамақ кезінде ысырап көп болатынын анықтап, үнемдеудің үлгісін көрсетті.  Дін қызметкерлері бекіткен шағын ас мәзірі  13 сәуірден бастап Ақтөбедегі  орталық «Нұрғасыр» мешітінде қолданыла бастады. Алдағы уақытта өңірдегі мейрамханаларда да құдайы тамақ дастарқаны  сол мәзір бойынша дайындалуы қадағаланбақ.  Астамшылықтан арылтып, үнемшілдікке үйір қылатын осындай игі қадам қазақтың той-томалағында да жалғасын тапса, құба-құп. Өйткені даңғазалық пен даңғойлықтың салтанатына айналған бүгінгі аста-төк тойларға барсақ, көңіліміз құлазып қайтатынын несіне жасырайық?

AIKYN.KZ. "Үшінші дүниежүзілік соғыс қашан басталады?" - Қазір көріпкелдер көбейіп кетті. Ақиқаты, болжамы келсін, келмесін айта беретіндердің заманы болып тұр ғой.



Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

739 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7