Атырау, 21 қыркүйек 17:12
Кешке ашық+22, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.61  € 410.27  P 5.90

Санкт-Петербургте оқытып, аудандарға жібереді

20 сәуір 15:37


Сәуірдің басында облысқа нодулярлы дерматитке қарсы  250 мыңнан астам вакцина мөлшері түсті. Бүгінгі күні ірі мүйізді қараның басым бөлігіне екпе салынды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ айтуынша, ірі мүйізді қараға вакцина салуды сәуірдің аяғында толықтай аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінде 152 мың сиырдың 115 мыңына екпе егілді (жас төлге екпе екі рет салынады). Вакцина өткен жылғы Құрманғазы мен Исатай аудандарындағы және Атырау қаласының екі ауылдық округтеріндегі нодулярлы дерматит індетінен кейін республикалық бюджет есебінен сатып алынды.

Ветеринарлар жаңа індеттің алдын алу үшін ірі мүйізді қара қожайындарымен үнемі түсіндірме және профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады.

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өз орынбасарлары мен аудан әкімдеріне жас ветеринар мамандар үшін жағдай жасауды, соның ішінде, жергілікті бюджет есебінен шетелде, мәселен, осы саладағы үздік жоғарғы оқу орындарының бірі болып есептелетін Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясында оқу үшін бағдарлама әзірлеуді, ал жоғарғы оқу орынды аяқтаған соң жас ветеринар дәрігерлерді аудандарға жұмысқа бөліп, қызметтік баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

649 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сиырлардың барлығына екпе егіледі  649 рет қаралды

​Вакциналар кешіктірілуде  371 рет қаралды

Өлген мал үшін өтемақы төленуде  636 рет қаралды

Дерматит қатаң бақылауда  991 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6