Атырау, 24 қаңтар 00:54
Таңертең бұлыңғыр болады-1, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 323.20  € 395.56  P 5.72

Атырауда өтетін Азия чемпионатына 25 елдің спортшылары келді  

20 сәуір 2017 16:41


19-21 сәуірде «Атырау» ДСК-де облыс тарихында тұңғыш рет юниорлар арасында таеквондодан Азия чемпионаты өтуде.

Шара ҚР мемлекеттік бапкері, жерлесіміз, Олимпиада-2008 қола жүлдегері Арман ШЫЛМАНОВТЫҢ жетекшілігімен өтуде. Ол бізге былай деп әңгімеледі:

Азия чемпионаты екі сайыста қатар өтуде керуги (жекпе-жек) және пумзе (формальды кешен). Сайысқа 25 елдің құрамасы, барлығы 500-дей спортшы қатысуда. Кеше, 19 сәуірде бес алқа жиынтығы бәске түсті. Бүгін жетеуі, ертең сегіз алқа үшін сайысады. Сайыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар үш қола алқа алды. Соның ішінде, 63 келіге дейінгі салмақта ҚР құрамасының құрамындағы бірден-бір Атырау өкілі Жадыра ХАЙРУЛЛИНА жүлдегер атанды.

Азия чемпионатынан кейін «Атырау» ДСК-де таеквондо мерекесі жалғасады. 22-24 сәуірде ол жерде А.Шылмановтың жүлдесіне халықаралық Kazakhstan Open турнирі өтеді. Ол Атырауда екінші рет өтейін деп отыр және жақында беделді G-1 санатына ие болды. Яғни, Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия алды. Көрермендер үшін Азия чемпионатына да, Kazakhstan Open турниріне де кіру - тегін.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1272 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығулары өтуде  1612 рет қаралды

Есеп 0:0  743 рет қаралды

"Арнайыавтобаза" директоры ұсталды  1809 рет қаралды

Басты бет