Атырау, 19 қараша 02:17
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Бір қой – екі теңге

21 сәуір 10:10


Исатай аудандық соты жайылым учаскесінен тоғыз қойдың ұрланғаны туралы қылмыстық істі қарады.

Бұл жағдай өткен жылы шілденің аяғында орын алған. Аққыстау ауылының тұрғыны К.А. жергілікті мал иеленушіге бақташы болып жалданады. К.А. алғашқы күндері Тұщықұдық ауылдық округінің Көшеқара деген жерінде мал бағып жүріп, ұялы телефон арқылы Аққыстау ауылындағы танысына спирттік ішімдіктер мен азық-түліктер әкелуін өтініп, орнына қой беріп, есептесуге уәде береді. Танысы жайылымға үш рет барып, әр барған сайын ақысы ретінде ол жерден екі қойдан алып кетіп отырған. К.А. арақ пен шылым әкелген басқа ауылдасына тағы бір аша тұяқтыны беріп жіберген.

Бір күні мал бағатын жеріне асығып бара жатып, жол бойынан аққыстаулық екі тұрғын мінген көлікті тоқтатады. Олар оны жұмысына апарып тастап, сол үшін риза болған жолаушыдан әрқайсысы бір қойдан иеленіп қалады.

Бір күні қожайыны әрқайсысын 50 мың теңгеге бағалаған тоғыз қойын іздей бастамағанда, бұл қарқынмен К.А. бағып жүрген отар қой тез жоқ болар еді. Нәтижесінде жаны жомарт шопанға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бабының 2-тармағы («Әлденеше рет жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес, негізгі жазадан босатылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1943 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Мереке алдындағы мал базары  1541 рет қаралды

Балықтың қай түрі үшін де жаза қатал  954 рет қаралды

Қой саудасы қызып тұр  1628 рет қаралды

Ашкөздік прокурордың түбіне жетті  2606 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5