Атырау, 19 ақпан 04:48
Таңертең ашық-5, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.42  € 400.04  P 5.66

"Ислам мемлекеті" лаңкестері Парижде террорлық шабуыл жасады

21 сәуір 2017 10:25


Франция астанасы Парижде террорлық шабуыл болды деп хабарлайды bbc.соm сайты. 

Кеше Париж орталығы Елисей алаңында жергілікті полиция қызметкерлеріне белігіз біреулер калашников автоматымен оқ атқан. Салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алған. 

Франция президенті Франсуа Олланд: «Бұл сөзсіз  террорлық әрекет, бұл іспен Франция прокуротурасының лаңкестікке қарсы бөлімі айналысатын болады» деген. Ал Париж қаласының прокуроры Франсуа Молен шабуыл жасаған адамның аты-жөнін анықтадық. Бірақ, тергеу жұмыстары аяқталмағанша оны айта алмайтындығын мәлімдеді.

BFMTV теле арнасының хабарлауынша, лаңкестік шабуыл жасаған 39 жастағы Франция азаматы. Оның полиция қызметкерлеріне оқ атқалы жүргендігін  Францияның қауіпсіздік қызметі алдын ала білген. Ол бұл жайында  Telegram мессенджерінде бірнеше мәрте жазған. 

Ал «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы бұл террорлық шабуылды өз мойындарына алып, полицияға оқ атқан өздерінің содырларының бірі екендігін мойындаған. Лаңкестік шабуыл жасаған 39 жасар Франция азаматы, қылмыс орынынан қашпақ болған кезде өзіде оққа ұшқан. Қазір Париж прокуротурасы қылмыскердің сыбайластары бар, жоғын тексеріп жатыр.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

559 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Сүрия жерінің 87 пайызы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан азат етілді   519 рет қаралды

«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы АҚШ әскери базасына шабуыл жасады   462 рет қаралды

«ИМ» Еуроодаққа тағы шабуыл жасауы мүмкін - Еуропол директоры  630 рет қаралды

"Ислам мемлекеті" Өзбекстанда лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болды  1034 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5