Атырау, 24 шілде 03:37
Таңертең ашық+30, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.98  € 378.34  P 5.53

Ресей "Иегова куәгерлері" діни ұйымына тыйым салды

21 сәуір 10:37


Ресей Жоғарғы соты "Йегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік ұйым деп танып, Ресей территориясындағы қызметіне тыйым салды. Сот шешімі Ресей әділет министрлігінің шағымы бойынша шығарылды. Ресейде заңды түрде тіркелген діни ұйымды экстремистік ұйым деп таныған оқиға бірінші рет болып отыр.

Сот шешімі ең алдымен "Иегова куәгерлерінің" Санкт-Петербургтегі әкімшілік орталығына және ұйымның ел аумағындағы қызметіне әсер етеді.

"Иегова куәгерлері" қазір ұйымның 170 мыңға тарта өкілі барын айтады. Ресейде бұл ұйымға оның әскери қызмет, сайлауға қатысу және жалпы мемлекеттік билікке қатысты өзгеше ұстанымына байланысты бұрыннан күдікпен қарайтын.

Ресей билігі "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремизмге қатысы бар деген күдікпен қызметін уақытша тоқтатты. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, әділет министрлігі 16 наурызда Жоғарғы сотқа "Ресейдегі Иегова куәгерлерінің басқару орталығын" экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салу және ұйымды жою туралы талап-шағым түсірген. Шағым 5 сәуірде қаралмақ.

"Иегова куәгерлері" орталығының мәлімдемесінде орталық қызметіне тыйым салу оның жақтастарын діни сенімі үшін, оның ішінде Інжілді бірге оқып, бірге құлшылық қылатыны үшін ғана қылмыстық қудалауға ұласуы мүмкін дейді.

АҚШ мемлекеттің департаменті 2016 жылы дін ұстану еркіндігі туралы жыл сайынғы есебінде Ресейде діни азшылықты құрайтын топтарға жүйелі түрде қысым көрсетілетінін, ал бас прокуратура "Иегова куәгерлері" діни ұйымының барлық 406 жергілікті діни бірлестігі мен 2500-ден астам қауымын экстремизмге қатысы бар деген айыппен жабуды талап етіп жатқанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

400 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ресей "Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп тапты  1021 рет қаралды

Қырым соты да меджлис қызметіне тыйым салды  428 рет қаралды

«Алға» партиясы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынды  973 рет қаралды

Атырауда «Таблиги Джамаат» ұйымының алты мүшесі сотталды  43 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7