Атырау, 24 тамыз 13:50
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Сағадиев қызды педофилден аман алып қалған оқушыға хат жазды

21 сәуір 10:48

Фото: Фото: kursiv.kz
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысындағы оқушыға алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағадиев 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған 11 сынып оқушысына алғыс білдірді. Бүгін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қонаев атындағы мектептің оқушысы Тимурбек Жамаладдиновке министр атынан алғыс хатын табыс етеді.  Министрлік өкілдері оқушының батылдығын атап өткен. 

"Құрметті Тимурбек Тахиругли! Саған адам өмірін сақтап қалған батыл әрекетің үшін алғыс білдіремін. Сенің көрсеткен ерлігің өскелең ұрпаққа үлгі боларына сенімдімін. Алдағы үлкен өміріңе сәттілік пен үміттеріңнің ақталуын тілеймін. Алда еліміздің жарқын болашағына үлес қосатындардың қатарынан болатыныңа сенемін", - делінген хатта. 

Еске салайық, 14 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладинов 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған болатын.  32 жастағы күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Дәрігерлер қыздың бас миының шайқалғанын, бас сүйек миының жабық жарақаты мен көз қарашығының жарақатын тіркеген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

575 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жамбыл облысында мәслихат депутаты өз үйінде асылып қалған  255 рет қаралды

Қызылордада бетон құбыры жұмысшылардың үстіне құлаған   261 рет қаралды

Астанада қызды зорламақ болған педофил ұсталды   396 рет қаралды

Астанада 20 жастағы қыз секс-құлдықтан құтқарылды   607 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4