Атырау, 24 маусым 03:15
Таңертең ашық+28, күндіз +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.63  € 365.73  P 5.48

Сот Санкт-Петербургтегі терактіге күдіктіні қамауға алды

21 сәуір 10:56

Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастырды делінген күдіктінің ағасы Акрам Азимов сотта отыр. Мәскеу, 20 сәуір 2017 жыл.
Мәскеудің Басман аудандық соты Санкт-Петербург метросындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікті Акрам Азимовты 3 маусымға дейін қамауға алды.

20 сәуірде өткен сотта Азимов өіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Бұдан бір күн бұрын сот Акрам Азимовтың ағасы Аброр Азимовты терактіні ұйымдастырды деген күдікпен қамаған. Теракт ісі бойынша барлығы 10 күдікті ұсталған.

Акрам Азимовты арнайы қызмет 19 сәуірде Мәскеуде ұстаған. Ұсталған кезде күдіктіде граната болғаны хабарланды. Ол терактіге дайындалды және заңсыз қару-жарақ ұстады деген күдікке ілінген. Күдіктінің анасы оның ұсталуын "қойылым сияқты" деп атады.

3 сәуірде Санкт-Петербург метросында жарылыс болып, 15 адам қаза тауып, 50 шақты адам жараланған. Шабуылдың жауапкершілігін ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

370 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ананың жанайқайы: ОҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды   429 рет қаралды

Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды  665 рет қаралды

Бельгия билігі: Брюссельде терактінің алды алынды  119 рет қаралды

Астанада қызды зорламақ болды деген күдіктіні ұстағандар жазалануы мүмкін   625 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5