Атырау, 22 маусым 00:37
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берді

21 сәуір 2017 14:16

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу жобасын құру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2017 жылдың шілдесінен бастап, IMEI-кодтар базасында тіркелмеген ұялы телефондар өшіріледі. 

"Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ұялы байланыс операторлары қатыса отырып, министрлік жанынан құрылған жұмыс тобы жылжымалы желілі абоненттік құрылғыларды тіркеу Ережелерінің жобасын жасады", - делінген Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.  Қазір ережелер жобасын мүдделі мемлекеттік органдар және аккредитациялық ұйымдармен келісу жүріп жатыр. Айта кетейік, ережелер жобасында қазақстандықтардың телефондары, смартфондары, планшеттері автоматты түрде тіркелетіні айтылған.  

"Абоненттік құрылғы ұялы байланыс операторының желісіне қосылған кезде IMEI-кодтар автоматты түрде тіркеледі", - дейді министрлік өкілдері. Шетелде сатып алыңған телефондар да желіге қосылған сәтте автоматты түрде тіркеуге алынады.  Жобадағы ұялы байланыс операторлары: IMEI-кодтар базасындағы абоненттік құрылғылардың желілік қызметін уақытша тоқтатады және (немесе) қайта қосады; IMEI-кодтар базасына уақытша тоқтатылған, көшірмесі жасалған IMEI абоненттік құрылғылардың бары туралы растама ұсынатыны айтылған. IMEI-кодтар базасын жасауға мемлекеттік бюджеттен қаражат алынбайтынын атап өтті министрлік өкілдері. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда тіркелмеген телефондардың бұғатталатыны хабарланған болатын. "IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру туралы заңның ережесі мынандай: абоненттерді тіркеу және тіркелмеген абонент иелеріне ұялы байланыс қызметтерін қолдануға тыйым салу. Енді ұялы байланыс операторларын тіркеу 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады", - деп түсіндірген еді Kcell баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

910 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережесі бекітілді   143 рет қаралды

​Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттап кетті   166 рет қаралды

​Еліміздің тұрғындары ұялы телефонының IMEI-кодын тіркеуге міндеттелді   390 рет қаралды

АҚШ үкіметі Huawei-дің тыңшылығын әшкереледі  657 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6