Атырау, 26 сәуір 16:39
Кешке ашық+13, түнде +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Хабаровскіде ФСБ кеңсесіне шабуыл жасалып, екі адам оққа ұшты

21 сәуір 2017 15:26


Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) жергілікті басқармасының қабылдауына шабуыл жасалды деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы. 

Арнайы қызметтің ақпаратына қарағанда, шабуылдан ФСБ қызметкері мен басқарманың қабылдауына келген адам - ТМД елдерінің бірінің азаматы қаза тапқан. Сонымен бірге қабылдауға келген тағы бір шетелдік жараланған. Шабуыл жасаған адамның өзі өзге ФСБ қызметкерімен атыста оққа ұшқан.

ФСБ белгісіз қарулы адамның жергілікті басқарманың қабылдауына басып кіріп, оқ атқанын айтады. Оқиға орнында жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Куәгерлердің хабарлауынша, басқарма орналасқан аудан қоршалып, қоғамдық көлік маршруты өзгерген, ұялы байланыс қызметі өшіріліп жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

803 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр  247 рет қаралды

​Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 61-ге жетті   315 рет қаралды

Ресей халқы аза тұтып жатыр  339 рет қаралды

​Кемеровте 53 адам қаза болған өртке қатысты сауда орталығының басшылығы ұсталды  313 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4