Атырау, 22 қыркүйек 13:02
Кешке ашық+23, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Жүзік ұрлаушылар камераға түсіп қалған

12 мамыр 17:12


Атырау криминалдық полициясының қызметкерлері кезекші тәуліктерде Сәтпаев даңғылы бойындағы зергерлік бұйымдар дүкенінен неке жүзіктерін ұрлау қылмысын ашты.

10 мамырда шамамен сағат 15-те облыс орталығының тұрғыны - 26 жастағы әйел адам 5 жасар ұлымен және 27 жастағы ағасымен дүкенге кіреді. Сатушы тағы бір сатушыға алаңдап кеткен кезде, әлгі үшеуі неке жүзіктері қойылған витринаға жақындайды. Ересектер витрина әйнегін көтеріп ашып, жүзіктер тізілген жайманы өздерімен бірге алып кетеді. Бұл бақылау камерасына жазылып қалған. Ал сатушы бұйымдардың жоғалғанын тек кешкі сағат 19-да байқап, полиция шақырады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрылардың жеке басы анықталды. Олар Нұрсая ықшамауданының тұрғындары, кезіндегі мектеп-интернаттың түлектері екен. Ұсталушылардан 11 жүзік алынды (олар 3-уін ломбардқа тапсырып үлгерген, тағы 3-уінің қайда екені анықталуда). ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық») бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталушылар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1304 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Алматыда ерсі қылығы видеоға түсіп қалған дәрігер жұмыстан қуылды  657 рет қаралды

Күзетшінің өлімі бейнежазбаға түсіп қалған  1095 рет қаралды

Павлодарда көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған педофил 21 жылға сотталды  703 рет қаралды

Алматыдағы банк маңындағы тонау әрекеті видеобақылау камерасына түсіп қалды  618 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6