Атырау, 21 қыркүйек 17:16
Кешке ашық+22, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.61  € 410.27  P 5.90

Дәрігерлерге қатысты сот болып жатыр

12 мамыр 17:15


Бүгін, 12 мамырда №2 қалалық сотында Атырау қалалық перзентхананың дәрігерлері мен акушеріне қатысты сот процесі басталды. Екі акушер-гинеколог пен олардың акушер-көмекшісі ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы («Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соқтырған кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы») бойынша айыпталуда.

Әңгіме 2016 жылдың желтоқсанында дәрігерлер Индер ауданынан Атырауға жіберген Гүлдана ЖЕКЕНОВА туралы болып отыр. Алдымен әйел облыстық перинаталдық орталыққа түскен, алайда оны келесі күні ол жерден шығарып жіберген. Сол күні қалалық перзентханаға түсіп, ол жерде жатырдың жарылуынан көз жұмады. Жакенова мен оның дүниеге келмеген сәбиінің өлімін тексеруші арнайы комиссия медиктер жұмысынан ұйымдастыру-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы, сонымен қатар, медициналық құжаттаманы ресімдеу бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған. Мұның бәрі үш емдеу мекемесінен анықталды: Есбол амбулаториясынан, облыстық перинаталдық орталықтан және қалалық перзентханадан.

Жүкті әйелдің өлу фактісі бойынша тексеру актісі ІІД-ге берілді. Тергеуден кейін іс сотқа жолданды. Сотталушының үшеуі де (олардың бірі қазір жүкті) басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Сот процесінің алғашқы күнінде анықталғандай, медиктер өз кінәларын толықтай мойындап отыр, зардап шегушінің отбасынан әлденеше рет кешірім сұрап, 10 млн теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсеткен. Телефон арқылы Гүлдананың сіңлісі Жанарыс ЖЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, отбасының бейбіт келісімге келуі әбден мүмкін екен, яғни, бұл іс жүргізу келісімімен аяқталуы мүмкін. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

2586 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты  985 рет қаралды

Мәскеуде Ресей мен Қытай басшылары кездесті  578 рет қаралды

Мәскеуде Усмановтың Навальныйға қарсы шағымы бойынша сот өтіп жатыр  461 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  982 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6