Атырау, 28 мамыр 13:29
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 310.57  € 348.58  P 5.52

Жастық шағын есіне түсіріп, немересін ұмытты

12 мамыр 17:28


Әжелердің бәрі бірдей қолдарына тәтті ұстап, ертегі оқып беретін кітаптағы келбетке сай келе бермейді. Кейбіреулеріне, мәселен, немерелеріне дұрыс көңіл аудармағандары үшін айыппұл салуға тура келеді.

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы («Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы») бойынша әкімшілік істі қарады. 

Қамқоршы ретінде өзінің 13 жастағы немересіне қамқорлық жасауға тиіс болған 62 жастағы Атырау тұрғыны спирттік ішімдік ішіп, баланың тәрбиесі мен оқуына көңіл бөлмеген. Ювеналдық полиция инспекторы рейд барысында оны жұбайымен «Әулие Валентин күніне орай» спирттік ішімдік ішіп отырған кезде көрген. Немересі бұл кезде жанында болыпты.

Сот оған 11 118 теңге мөлшерінде айыппұл салуға шешім шығарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1238 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Мылтық кезенді  550 рет қаралды

Қазақстандықтар шетелге шығарда әуежайда онлайн-режимде айыппұл төлей алады  156 рет қаралды

Еурокомиссия Facebook-ке 110 млн еуро айыппұл салды   175 рет қаралды

Жеңісті сақтай алмады  558 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5