Атырау, 24 қараша 10:30
Күндіз ашық+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

ЭКСПО-ға 400 еріктінің орнына 50 адам барады

13 мамыр 22:43


Мамырдың аяғында «Жас Отау» жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана бағдарламасының аясында 120 пәтерлік тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр. Және 100 пәтерлік тағы бір үйдің құрылысы жалғасуда.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ хабарлады. Оның айтуынша, бұл бүгінгі күні тек біздің өңірде ғана жүзеге асырылып жатқан бірегей жоба екен. 2015 жылы 90 пәтерлік алғашқы үй тапсырылды. Бұдан басқа, бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында жас отбасына арналған 30 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр.

Атырау облысында мемлекеттік жастар саясаты бағдарламаларын жүзеге асыру үшін биыл 203 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға 23 жобаны, соның ішінде, қазақстандық Көңілділер мен тапқырлар клубының Жастар лигасын құруды, «Не? Қайда? Қашан?» және «Брейн-ринг» ойындарын жалғастыруды, жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге арналған бизнес-практикумды, бастысы – жұмысқа орналастыруды және жастар тәжірибесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

- 2017 жылғы жазғы маусымда еңбек жасақтарына 2 мың студент пен жұмыссыз жастарды тарту, оның 500 шақтысын Атыраудан, шамамен 200-250-ін аудандардан тарту жоспарланды. Еңбекақысы – айына 59 мың теңге. «Жасыл Ел» жасағынан басқа құрылыс, ауыл шаруашылығы және (АМУ-мен бірге тарихи Сарайшық аумағында) археологиялық жасақтар жұмыс жасайтын болады, - дейді Жасұлан Бисембиев.

Басқарма ықтимал жұмыс берушілердің тізімін жасақтаған. Олармен келіссөздер жүргізілуде. Бұлар ең алдымен «Арнаулы автобаза», Атырауды көгаландыру тендерін жеңіп алған Қазақ саңыраулар қоғамы кәсіпорны, сонымен қатар, түрлі әлеуметтік нысандар – ауруханалар, емханалар, колледждер. 1 мамырға қарай «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 257 жас жұмысқа жолдама алған. Бұдан басқа, 50 ерікті 1-13 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесінде еңбек ететін болады. Бұл күндері астанада жұмыс жасауға ниет білдірушілерден 400 өтініш түскен. Алайда біздің облыстан квота 100-ден 50 адамға дейін қысқартылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1463 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Үздік жоба - жылы аялдамалар  984 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  490 рет қаралды

Жігіттер, жас күніңде жұмыс істеп қал...  1215 рет қаралды

ЭКСПО-2017: «Тапсырма бере алмаймын, бірақ барғандары жақсы»  696 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5