Атырау, 24 қараша 10:42
Күндіз ашық+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Жас құтқарушылар жарысы  

15 мамыр 10:47

 

12 мамырда қалалық сүңгуір-құтқару станциясының жанындағы жағалауда дене шынықтыруды дамыту өңірлік орталығының БӘД кабинеті мен Атырау ТЖД-нің ұйымдастыруымен жас құтқарушылардың облыстық слеті өтті.

Қазақстанда мұндай слеттер үш жылдан бері өткізіліп келеді, ал Атырауда алғаш рет өткізіліп отыр. Аудандар мен облыс орталығынан іріктеуден өткен 9 команда қатысты. 13-15 жас аралығындағы балалар жергілікті жерді бағдарлау, өрттен құтқару эстафетасы, альпинистік техниканы меңгеру, суда адамдарды құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсете білу дағдылары бойынша сайысты. Бұдан басқа, олар сүңгуірлермен, өрт сөндірушілермен, зілзала медицина орталығының мамандарымен тілдесті. Құтқару жұмыстарына қатысу үшін үйретілетін жас овчаркалар балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Слет қорытындысы бойынша қалалық №17 мектеп-лицейінің командасы үшінші орын, Қызылқоға ауданындағы Х.Досмұхамедов атындағы мектептің командасы екінші орын алды. Махамбет ауданы Таңдай ауылының балалары жеңімпаз болып, өңірлік (Қазақстанның батыс аймағы) слеттің болашақ қатысушылары атанды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

781 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Спорт жаңалықтары  387 рет қаралды

От пен су – тілсіз жау  963 рет қаралды

Жаңа құтқарушылар  981 рет қаралды

Сөзге ілінді  1129 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5