Атырау, 22 қыркүйек 13:13
Кешке ашық+23, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Ақшасы болмағасын құжатын тартып алып кеткен

15 мамыр 11:07

Ресей Федерациясының азаматы Исатай аудандық ІІБ-іне белгісіз біреудің құжатын тартып алып кеткені жөнінде хабарлама түсірді.

36 жастағы РФ азаматы демалып алу үшін өзінің меншігіндегі «Лада Ларгус» автокөлігін Атырау-Астрахан трассасының Зинеден ауылы тұсына қояды. Бірақ, сәлден соң оның жанына «Мерседес-Бенц» автокөлігі тоқтап, ішінен бір жас жігіт шығып, одан ақша талап етеді. Ресейлік азамат ақшасы жоқ екенін айтқан кезде қаскөй оның құжаттарын тартып алып кетеді (жәбірленушінің төлқұжаты, көші-қон кәртішкесі және көлік құралын тіркеу куәлігі). Өзінің телефон нөмірін қалдырып, «ақша болғасын, құжаттарыңды аласың» деп кетіп қалады. Полицейлер күдіктінің кім екенін көп кешікпей анықтады. Ол күдікті 31 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғыны болып шықты. Құжаттар тәркіленді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-тармағы («Қорқытып алу») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

953 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі  1262 рет қаралды

Алматыда полиция ұстап алып кеткен мүгедек адам жоғалып кетті  602 рет қаралды

Қылмыстық оқиғалар  3432 рет қаралды

Қылмыс хроникасы  873 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6