Атырау, 22 қыркүйек 12:56
Кешке ашық+23, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Сөзге ілінді

16 мамыр 16:44
Көрнекі сурет.

12 мамырда Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті Атырау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВҚА заң бұзушылыққа жол бермеу жөнінде ескерту берген. Ал ол бұл туралы журналистен білді және өз ісін дұрыс деп есептейді.

Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы әрекеттерін тергеу бөлімінің басшысы Әсел ӘДИЕВАНЫҢ айтуынша, Р.Ибраевтың заң тұрғысында орынсыз пікір айтқандығын монополияға қарсы қызметкерлер «АЖ» сайтындағы қалалық әкімдікте өткен жиналыс туралы жарияланымнан біліпті. 

- Р.Ибраев, атап айтқанда: «Қазір қалада кез келген жерге сауда шатырларын орнату жиі тіркелуде. Ал сатушылардың қолдарында ешқандай құжаттар жоқ. Мен кәсіпкерлерден саттыққа шықпас бұрын бүкіл құжаттарды ресімдеуді талап етемін. Сонымен қатар, сауда жасаған кезде қолдарында санитарлық кітапшалары мен өнімдердің құжаттары болуы тиіс... Егер сауда нүктелері сіздердің күдігіңізді тудырса, 27-28-01 телефондарына қоңырау шалыңыздар. Біз тексереміз», деп мәлімдеді. Алайда санитарлық кітапшалар мен өнімге құжаттарды ресімдеу туралы талаптар қою, жер теліміне құжаттардың болуын тексеру және сауда нүктелерін жабу жөніндегі шараларды алу Атырау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің өкілеттігіне кірмейді, - дейді Ә.Әдиева.

Ал Р.Ибраев біздің тілшімен кездескен кезде ешқандай ескерту алмағандығын мәлімдеді:

- Бізде құжат айналымы электронды түрде. Мен әлі поштамды қараған жоқпын. Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасы бар, көшелердегі жайма сауданы жою шараларының жоспары бар. Автобекет алдындағы аумақты қалай тазартқанымызды көріңіз. Бұл процеске жер инспекциясы, полиция және т.б. жұмылдырылды. Және әрбір орган өз қызметін атқарады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

976 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Газ - тежегіш  1143 рет қаралды

​«Ақ Жайық» номинациялары  1136 рет қаралды

2016 жылы «Ақ Жайық» не туралы жазды?  1026 рет қаралды

"Депутаттардың бестен екісі – зейнет жасындағылар". "90 жылдары елді дүрліктірген рэкетирлер кімдер?". "Еркебұлан ЕРЛЕН. Ассамблеяның кімге керегі бар?". "Күзетсіз жүрген Қонаев немесе Сәтпаевты көре алмаған басшының құпиялары".  3441 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6