Атырау, 27 сәуір 10:00
Күндіз ашық+22, кешке +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.92  € 399.31  P 5.23

Біреулер «куәлік» жасап жүр

16 мамыр 2017 17:58

Жалған куәлігі бар жүргізушіге қатысты үкім шықты. Құрманғазы аудандық соты ҚР ҚК-нің 385-бабы («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша оны кінәлі деп таныды.

Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы «бейтаныс тұлғадан 40 000 теңгеге жүргізуші куәлігін сатып алған» және жалған құжатпен жүрген. Оның қаншалықты ұзақ уақыт осылай жүргені хабарланбайды. Ең қызығы - әлдебір «бейтаныс тұлға» ақыры белгісіз болып қалды. Соған қарағанда, оған бұл бизнесін жалғастыруға ештеңе кедергі емес.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот оған 56 725 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1489 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Айласы көп алаяқ  1631 рет қаралды

​Әкім кінәсін мойындады  2860 рет қаралды

​Жалған дипломмен тәрбиеші болып жұмыс істегеген  1242 рет қаралды

Полицей жалған куәлік берген  1484 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4