Атырау, 21 қыркүйек 17:16
Кешке ашық+22, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.61  € 410.27  P 5.90

"Бір айда арнайы орталыққа құлдықтан босаған 10 адам келді", "Бұрынғы $160 миллиард қарызға тағы 80 миллион қосылады", "Сәләфилік идеологияның зияны", "АҚШ-тың Aзияға бетбұрысы өзгере ме?",

17 мамыр 15:39

INFORMBURO.KZ. "Жалған анықтама бизнесі базарда ауру мал етінің сатылуына жол ашып тұр" - Елімізде ет қымбат. Ал қып-қызыл ақшаңызға сатып алғаныңыз сау малдың еті болмауы әбден мүмкін. Базарда бақылау аз. Ал алыпсатарлар заңға пысқырмайды.

"Тамыр ұстағанның бәрі емші емес. Қазақ емі мен халық емшілігін шатастырмаңыз" - Қазақ емі дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Сәбиді не үшін шеткен? Нәрестелі бола алмаған келіншекті құрқылтайдың ұясын өртеп, не үшін бұлаулаған?

AZATTYQ.ORG. "Бір айда арнайы орталыққа құлдықтан босаған 10 адам келді" - Құлдықтан босап шыққан адамдар көрген қорлықтарын ұмыту мүмкін емесін айтады. Ал заңгер «құлдыққа түскен азаматтардың құқығын қорғауда қиындықтар бар» дейді.

"Тұрғындар өтемақы күтіп отыр" - Қарағанды облысында бірнеше елдімекен тұрғындарының су тасқынынан шеккен зиян көлемін есептеп шығарды. Бірақ үйін су алғандардың кейбірі жарияланған өтемақы сомасы бүлінген баспананы қалпына келтіруге жетпейді деп қауіптенеді.

ZHASALASH.KZ. "Маскүнемдер көбейіп барады" - Ресми статистикаға сәйкес, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 6 млн 533 мың литр алкогольді сусын шығарылған. Бұл өткен жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көп. Сарапшылар экономикалық көрсеткіштер түсіп, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлағанда маскүнемдердің де саны көбейетінін айтады.

"Қасқырға жем болған қыз" - 31 мамыр – қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

ABAI.KZ. "Сәләфилік идеологияның зияны" - Ел бірлігі, халықтың тыныштығы қай мемлекеттің болмасын ең басты қағидаттары мен назарда ұстайтын мәселелерінің бірі болмақ. Бірлігі бар ел азбайды, бірлігі бар ел тозбайды демекші елдің бірлігін ұстап тұру оңай жұмыс емес екенін барша жұрт білетін құндылық. Елімізде көптеген ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып басқарып отырған қазіргі саясатымызға сызат түсіргісі келетін діни ағымдардың қаупі орасаң зор. Сондай ағымдардың бірі кезінде уаххабилік, қазіргі кезде өздерін сәләфилік атауымен елге танылған ағым жайлы сөз өрбімек. Бір қызығы уаххабилер, яғни сәләфиттер әр мемлекетте аттарын өзгертіп жақтастар жинағанымен заты мен діни танымы өзгермейтін қалпында қалуда.

"Бұрынғы $160 миллиард қарызға тағы 80 миллион қосылады" - Қазақстан парламенті әлеуметтік медсақтандыру жобасын қаржыландыруға ХҚДБ-нен $80 млн қарыз алу туралы келісімді мақұлдады.

QAMSHY.KZ. "Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары кімнің бақылауында?" - Қазақстанда БАҚ-ның көпшілігі белгілі бір ұйымға немесе басшылыққа қарайды, кез-келген жағдайда солардың қолдауына жүгінеді. Алайда, құпияны 3 адам білсе, дүйім жұртқа мәлім болатыны да өтірік емес. Ферғана ақпараттық агенттігінің сарапшылары Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдардың бағынышты иелерін анықтап, тізімін жасады.

TURKYSTAN.KZ. "Перуашев: Халықтың ақшасын желге ұшырып жатыр" - «Ақ жол» фракциясы БЖЗҚ қаржысын қиындыққа ұрынған Әзірбайжан банкіне салғандарды жазаға тартуды ұсынды.

JASQAZAQ.KZ. "Тоқал болғысы келетін бойжеткенге ата-анасы рұқсат бермей отыр" - Парламентте екінші әйел алуды заңдастыру мәселесі қозғалғалы бері, «тоқал» сөзі ел аузында жиі талқыланатын болды. Екінші әйел алуға заң жүзінде рұқсат берілмесе де, қазір ондай жағдайлар ара-тұра кездесіп жүр.

EGEMEN.KZ. "Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?" - Проблема өмірдің қай саласында да жетіп асады. Солардың ішінде бүгінгі білім саласы қатты сынға ұшырауда. Жалпы, бұл саланың кемшіліктері қазір ғана пайда болған жоқ. Ол кемшіліктер бұдан бұрын да орын алып, уақытында түзетілмей қордалана берген. Білім саласындағы кемшіліктерді бәрі көріп-біліп отыр. Бірақ алып айсбергтің су бетіндегі көрінісін ғана тамашалап, астындағы одан да зор бөлігін көре алмайтынымыз сияқты білім берудегі кемшіліктердің түпкі себебін көбіміз біле бермейміз. Сол білместігімізді Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында білдіріп отыр. Сөйтсек, білім беру мен оқыту жүйесінде ең басты тетікті білмейді екенбіз. Ол – білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген реформалардың ғылыми негізі болуы керектігі. Сонымен бірге, білім беру саласын дамытудың ғылыми жүйесін жасау.

AIKYN.KZ. "АҚШ-тың Aзияға бетбұрысы өзгере ме?" - Әлем БАҚ-тары Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық экономикалық форумының мән-маңызын, астары мен мақсат-мұратын жарыса жазып жатқанда, кейбір шетелдік сарапшылар бұл жобаның АҚШ-тың «Азияға бетбұрыс» концепциясына қарсы берілген жауап деп бағалап отыр. Шынында да, Қытайдың бастамасымен әлемдік Ішкі жалпы өнімнің 55 пайызын, дүниежүзі халықтарының 70 пайызын және өндірілген энергоресурстардың 75 пайызын қамтитын бұл мегажоба Барак Обаманың тұсында толықтай тоқырауға ұшыраған АҚШ-тың Азияға бетбұрысының қайта жандануына түрткі болмай ма?

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

764 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5 6