Атырау, 28 мамыр 13:27
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 310.57  € 348.58  P 5.52

Таза су айдындары

17 мамыр 15:59
Cурет "АЖ" мұрағатынан алынды.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасы бойынша осындай атаумен Атырау облысының аумағындағы Жайық-Каспий бассейнінде алдағы Экология күніне (5 маусым –  1972 жылы БҰҰ шешімімен бекітілген Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні) арналған табиғат қорғау акциясы өткізілуде.

«Ақ Жайыққа» Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ хабарлағандай, акцияның мақсаты – Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарын браконьерлік аулау құралдарынан және жағалау белдеуін өзеннің жоғарғы жағынан келетін қоқыстардан тазарту. Бұл өзендегі санитарлық-эмидемиологиялық режимнің күрт нашарлауын туғызады.

– Қазір көктемгі су таситын уақыт, жағалау таза болуы керек. Өйткені, бүкіл қоқыс суға түсіп, өзенді ластайды, - дейді ол.

Қазіргі кезде өзен бойымен балықтар уылдырық шашу үшін Жайықтың жоғарғы жақтарына қарай бағыт алады. Индер, Махамбет, Атырау және Дамбы инспекциясы бөлімдерінің мемлекеттік инспекторлары балықтың жүруін қамтамасыз ету үшін күн сайын Жайықтың бақылауға алынған учаскелерінен түрлі балық аулау құралдарын сүзіп алумен айналысады. Құрманғазы ауданында инспекция осындай жұмыстарды Қиғаш өзенінде жүргізеді.

Мекеме түрлі кәсіпорындарды, табиғат пайдаланушыларды, оқу орындарын шараға белсенді түрде атсалысуға шақырды. 1 мамырда басталып, айдың аяғына дейін жалғасатын акция басталар алдында Атырау қалалық және ауылдық округтердің әкімдіктеріне ұйымдастырушылық көмек көрсету туралы өтініш хаттар жолданды. Көпшілігі бірден үн қосты, олардың қатарында бірнеше сенбіліктер ұйымдастырған Атырау мен Дамбы ауылдық округтері бар. Акция өткен екі апта ішінде 50 тоннадан астам қоқыс жиналды, су айдындарынан браконьерлердің 150-ден астам «қытайлық» ау құралдары шығарылып алынды.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

291 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5