Атырау, 21 шілде 23:33
Таңертең бұлыңғыр болады+32, күндіз +36
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

Қызылқоғаға биыл су мол келеді

18 мамыр 00:00


Қызылқоғалықтар Ойыл өзенінен келетін өр суы биыл мол болады деп болжауда. 

Ералы су қоймасына келген табиғи судың тереңдігі бірнеше күннен бері 3 метрді құрап отыр. Өткен жылы да келген судың тереңдігі сол шамалас болған. Айта кету керек, өткен жылы қызылқоғалықтар судан таршылық көрген жоқ. Қазір келген суды ауданның басқа жерлеріне тарату ұйымдастырылуда. 

- Өткен жылы жайылым мен шабындықтар бітік шығып, ырыздығын көріп едік. Биыл да осылай болады деп болжап отырмыз. Оның үстіне биыл жауын-шашын да жақсы түсуде, - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Мақсот МҰҚАНОВ. – Сонымен бірге, Ақтөбедегі Тамдыкөл су қоймасы ашылып, біздің жаққа қарай бағыт алуда. Ендігі мақсатымыз - келген суды тиімді пайдалану. Себебі, айдың аяғында табиғи судың келуі саябырсиды.

Су Жарыпшыққан өзегі арқылы Тайсойған өңіріне жетіп, «Кезауыз-Қарабау» каналы толтырылған. Енді судың бір бөлігін Көздіғара, одан әрі Тасшағыл ауылдық округтеріне жеткізу көзделіп отыр. Малшылар үшін суаттар толтырылған, енді олар «ҚазСуШар» РМК-ның Қызылқоға аудандық филиалымен келісімшартқа отыруда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

678 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Биылғы көктемде былтырға қарағанда су көп болады  878 рет қаралды

Жайыққа су аз келеді  952 рет қаралды

Петропавлда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды   291 рет қаралды

Судың келуін иіскеп біле алмаймыз - «Қазсушар» өкілі   263 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7